Гравидограмманы түсіндіру слайд,презентация

0

Гравидограмманы түсіндіру слайд,презентация

 

Гравидограмманы түсіндіру

 

Кіріспе
Негізгі бөлім                                             
  Гравидограмма              
  Гравидограмманы жургізу
  Гравидограммадағы өзгерістер
  Дененің конституциясына байланысты гравидограмма                                                                                         
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер                               
Әйелдердің репродуктивтік денсаулығын қорғау,перинаталды және бала аурулары мен өлімінің жиілігін төмендету, дені сау балалардың туылуы акушер-гинекологтардың мақсаты болып саналады. Сол себептен болашақ аналардың жүктілік кезіндегі барлық өзгерістерді дер кезінде анықтау үшін арнайы әдістер жүргізіледі. Солардың бірі-гравидограмма.
Гравидограммада: жатыр түбінің биіктігі және соған сәйкес жүктіліктің кезеңі белгіленеді. Жатыр түбінің биіктігін босануға дейін 20-шы аптасынан бастап әрбір қаралуы сайын өлшеп отырады.
Өлшеуді сантиметрлік лентамен пальпация әдісі арқылы анықтаған жатыр түбінен бастап симфиздің жоғарғы шетіне қарай жүргізеді. Өлшеуді іштің ортаңғы сызығынан бастап жүргізу маңызды емес. 
Егер жатыр түбі сыртқа қарай жылжыған болса, сантиметрлік лентаның басын жатыр түбінің ең алшақ орналасқан бөлігіне дейін әкеліп өлшейді. Жатыр түбі биіктігінің динамикасын анықтау 80 %-ке жуық жүкті әйелдердің ұрығының баяу дамуын болжауға мүмкіндік береді. Жүкті әйел қарауға келгенде оның жатыр түбінің биіктігін өлшеп,оны вертикальды осьте бір нүктемен белгілейді. Горизонтальды осьте сол келген кездегі жүктілік мерзімін белгілеп, сосын екі нүктені бірге қосады. Осылай әрбір қаралуда жасайды. Нәтижесінде сәйкесінше қисық сызық пайда болады.

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!