Грамматикалық мағына — Қазақ тілі — Қазақша рефераттар — Қазақша тесттер мен шпорлар
Грамматикалық мағына орыс. грамматическое значение — тілде қалыпты сипаты бар (стандартты) сөздер тобы мен сөз тұлғаларына, синтаксистік құрылымдарғатән жинакты, дерексіз тілдік мағына. Морфология саласында сөз таптарынын жалпы мағыналары болсын немесе сөз тұлгалары мен сөздердін жеке мағыналары болсын морфологиялық категориялар дәрежесін сактай отырып, бір-бірінен езгеше болып келеді. Синтаксис саласында Грамматикалық мағына предикативтіліктен, сондай-ак сөз тіркестері мен сөйлем компоненттерінін әр түрлі қатынасын білдіретін дерексіз грамматикалық құрылымдардан көрінеді. Мысалы: семантикалық субъект пен объектінін мағынасы, құрмалас сәйлемдердін шылау аркылы байланысы т. б. Грамматикалық мағынаға сөз таптарында қалыптаскан жалпы сөзжасамдық мағыналарда жатады. Грамматикалық мағына сөздерге немесе сөздердін белгілі топтарына ғана тән, дерексіздігі әлсіз лексикалык мағыналардан өзгеше. Грамматикалық мағыналар жүйесі болмыстағы заггар мен құбылыстардын және олардын өзара байланыстары мен қатынастары туралы ұғымдардың дерексізденуі аркылы қалыптасады. Мысалы, қимыл ұғымы етістіктін жалпы мағынасымен бірге неғұрлым шағын категориялық мағыналарынын (шақ, жақ, етіс) дерексізденуінен туады.[1]
Грамматикалық мағына референциялық (синтаксистік емес) және Реляциялық (синтаксистік) болып бөлінеді. Референциялық мағына тілден тыс болмыстағы заттар мен кұбылыстардың касиеттерін білдіреді, мысалы, көлемдік, мөлшерлік, қимыл-әрекеттік сиякты мағыналар. Ал реляциялық мағына сөз тіркесі мен сөйлем құрамындағы байланысты білдіреді.[2]