Грамматикалық форма — Қазақ тілі — Қазақша рефераттар — Қазақша тесттер мен шпорлар
Грамматикалық форма орыс. грамматическая форма — грамматикалық мағынаның қалыпты (стандартты) көрінісін білдіретін тілдік белгі. Эр түрлі тілдерде грамматикалық мағынаны білдіретін Грамматикалық форма — аффикстер (оның ішінде нөлдік), дыбыстық алмасулар («ішкі флекция»), екпін, қайталау, көмекші сөздер, сөздердін орын тәртібі, интонация арқылы көрінеді. Сөздері түрленетін тілдердегі морфологиялық тұлғалар дегеніміз белгілі сөз таптарындағы сөздердін үнемі өзгеріп отыруы болып табылады. Олар морфологиялық бірнеше мағыналарды да, бір мағынаны да білдіре алады, Мысалы, орыс тіліндегі зат есімнін көпше атау септігі, етістіктін осы шағынын жекеше 1-жақ тұлғасы т. б. Сөздін өзгеріске түскен барлық тұлғалары оның парадигмасын жасайды. Морфологиялық тұлғалар синтетикалық (қарапайым) және аналитикалық (күрделі) түрлерге бөлінеді. Белгілі бір морфологиялық тұлғада келген нақты сөз сөз тұлға (словоформа) деп аталады. Грамматикалық форманың көрінісі мен мағынасы бірқатар жағдайда бір-біріне сәйкеспейді. Мысалы, флективті емес түбір тілдерде грамматикалық мағына негізінен сөздердін синтаксистік тіркесімділігі арқылы беріледі.[1]