График деген не

0

График деген не? График дегеніміз функциялық тәуелділікті жазықтықта бейнелеуге мүмкіндік беретін әдіс.


Мысалы y = 0,5*x — 2 функциясының графигі мынандай болады:


График деген не


Осы функцияның графигі түзу болады, сіздер бұны суреттен де көре аласыз. Бұл графикті қалай сызуға болады? x айнымалысына әртүрлі мәндер береміз, бұл мәндерге сәйкес y есептейміз:


x = 0, y = 0,5*0 — 2 = -2


(0, -2)


x = 1, y = 0,5*1 — 2 = -1,5


(1, -1,5)


x = 2, y = 0,5*2 — 2 = -1


(2, -1)


x = 3, y = 0,5*3 — 2 = -0,5


(3, -0,5)


x = 4, y = 0,5*4 — 2 = 0


(4, 0)


Осы нүктелерді координат жүйесіне саламыз, өте көп нүктелерді тандап салсақ, графиктеріңіз жоғарыдағы суретке ұқсап қалады.


Жалпы сызықты функцияның графигі түзу болады.


Математикалық анализ курстарында функцияның графигің салу әдістері оқылады.

Пән: Геометрия