Графема — Қазақ тілі
Графема ( гр. graphs — кескіндеу, сызу) — тілдің жазу жүйесіндегі негізгі бірлігі, единицасы, дыбыстың жазудағы таңбасы, жазу жүйесінін ен кіші белгісі.[1]
Графема — лингвистикалық мағынасы бар тілдердің графикалық жүйесінің ең кіші бірлігі, белгілі жазу жүйесінің ең кіші белгісі. Графема — сөз, морфема, буын және фонеманың референті де болуы мүмкін. Графема термині әріптің, иероглифтің немесе оның бір бөлігінің синонимі ретінде де жиі жұмсалады. Қазіргі тіл білімінде Графема термині жазудың ең кіші бөлігі — әріп пен тілдің ең кіші бірлігі — фонемалық туыстығы деген ұғымда қолданылады. Қазіргі қазақ жазуында Графемалардың саны 40 және олардың үш типі бар.[2]