Google құрылуы слайд,презентация

0
307

Google құрылуы слайд,презентация

Google

Google Inc. ([ɡuːɡl], қаз.  Гугл) – Google Inc. Америка қоғамдық корпорациясына тиесілі кеңейтілген іздеу жүйесі. Танымалдығы бойынша бірінші орында тұр, айына 41 млрд 345 млн сұраныс қабылдайды, 25 миллиардтан астам веб-беттерді индекстейді, ақпараттарды 191 тілде іздеу мүмкіндігіне ие.
Құрылу тарихы
Google іздеу жүйесін Стэнфорд университетінің аспиранттары Ларри Пейдж және Сергей Брин оқу жобасы ретінде шығарған еді. Олар 1996 жылы BackRub іздеу жүйесімен жұмыс істеп, 1998 жылы аталмыш іздеу жүйесінің негізінде Google-дың негізін салады. Алғаш рет Google жеке-меншік корпорация ретінде 1998 жылы 4 қыркүйекте құрылады, Ларри Пейдж, Сергей Брин және Эрик Шмидт Google-да 2014 жылға дейін бірлесіп жұмыс істеуге келіседі. Компанияның көздеген мақсаты «әлемдік ақпаратты жинап, халық тұтынуына мол мүмкіндік беру. Google инженері Амит Патель ойлап тапқан компанияның бейресми ұраны –»Don’t be evil» (Қатыгез болма!)». 2006 жылы компания қазіргі Штаб-пәтері орналасқан Калифорния штаты, Маунтин-Вьюға көшеді. Google.com домені 1997 жылы 15 қыркүйекте тіркеледі, іздеу жүйесі (2000 жылдан бастап) туған күнін 7 де және 27 қыркүйекте де атап өтеді.
Лоуренс «Ларри» Пейдж (ағылш. Lawrence „Larry“ Page; 26 наурыз 1973, Лансинг, Мичиган штаты , АҚШ) — Google іздеу системасының жасаушысы және қалаушысы (Сергей Бринмен бірге).
Сергей Михайлович Брин (ағылш. Sergey Brin; (21.8.1973), Москва, КСРО) — американдық кәсіпкер және есептеу техника, информациялық технология және экономика салаларындағы ғалым, миллиардер — Google іздеу системасының қалаушысы 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!