Гофро қағазынан күн жасау — Балабақшадағы ашық сабақтар — Bilim
Гофро қағазынан күн жасау
Түркістан облысы Түлкібас ауданы
Састөбе ауылы МКҚК«Қарлығаш» балабақшасы
Тәрбиеші: Сүлеймен Ақерке Мұратхалиқызы
Дәстүрден тыс «Балалардың шығармашылығын дамыту»
Тақырыбы: «Гофро қағазынан күн жасау»
Мақсаты: Балалардың жұмыс жасауға ынтасын ояту. Дөңгелек затты түрлі бағыттағы түзу сызықтармен үйлестіре отырып жапсыру. Ұқыптылыққа, әдемілікке, әсемдікке баулу.
Көрнекілік құралдары: демонстрациялық материалдар
Қажетті құал-жабдықтар: түрлі-түсті қағаз, қима қағаз, желім.
Іс-әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық қозғаушылық
|
Шаттық шеңберін ұйымдастыру
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз
Баршаңызды құрметтеп
Бас иеміз біз.
|
Балалар шаттық шеңберін тұрып, бір–біріне жақсы тілектерін айтады.
|
Ұйымдастырушылық ізденістік
|
— Балалар мына суретке қараңдаршы, суреттен нені көріп тұрсыңдар
Тәрбиеші балаларға демонстрациялық материалдағы күннің аспанда жарқырап шығып тұрған көрінісін көрсетіп, әңгіме жүргізіп, толық талдау жасайды.
Содан соң жапсыруға арналған үлестірмелі материалдарды таратады.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір торып,
Біз бір демалайық.
|
Суретке назар салады
Балалар отырып тұрып қимыл жасайды
|
Рефлекциялық түзетушілік
|
Жасаған жұмыстарынан түстерін атауды,қандай пішіндерді қолданғандарын айтқызады.
Жақсы жасаған балаларды мақтап мадақтау.
Тәрбиеші оқу іс-әрекетті қорытындылайды.
|
Балалар жасаған жұмыстарын аяқтайды.
|
Күтілетін нәтиже
Біледі: Күнді бір мезгілде жасауды.
Игереді: Қандай пішіндер пайдалану, материалдар қолдану керектігін.
Меңгереді: Күн жасауда оның көлемі, пішініне сәйкес кеңістікте дұрыс орналастыра білуге дағдыланады.
Дереккөз: bilim-all.kz