Гидрофильдік зат | Скачать Реферат

0
234


Студенттің өзіндік жұмысы

Факультеті:Жалпы медицина
Кафедра: Молекулалық биология және генетика
Курс: 1
Тақырыбы: Клетканың қозғалыс органоидтары

Орындаған:
Тобы:
Тексерген:

Глосарий
1. Везикулалар – қоректік заттарды тасымалдайтын немесе сақтайтын мембранамен қапталған ұсақ, клеткаішілік органеллалар (көпіршіктер). Везикула цитозольден (цитоплазма матриксі) өте жұқа липидті мембранамен бөлінген. Везикула – бұл метаболизмді жүргізетін, клеткаішілік заттардың тасымалын қаматамасыз етеін және ферменттерді сақтайтын қойма болып табылады. Сонымен қатар везикулалар клетканың жүзгіштігін қамтамасыз етеді. Кейбір везикулалар плазмалық мембраналардан дамиды.
2.Транспорттық (тасымал) везикулалар – молекулалардың клеткаішілік және клетааралық тасымалдануын қамтамасыз етеді. Мысалы, ақуыздарды эндоплазмалық ретикуламнан Гольджи жиынтығына тасымалдау. Мысалы, эндоцитоздық және экзоцитоздық көпіршіктер жатады.
3.Синаптикалық везикулалар – нейрондардың пресинаптикалық шекараларында кездеседі, нейромедиаторларды жинақтайды.
4.Газдық везикулалар – бактериялар, планктондар, балдырларда кездесетін түрі. Балдырларда жүзгіштікті және күн энергиясын қажетті мөлшерде пайдалануын қаматамасыз етеді.
5. Лизосома – жасушаішілік ақорыту (заттарды ыдырату) қызметінатқаратын органеллалар. Лизосомаларда – ақуыздарды, липидтерді, көмірсулар және нуклеин қышқылдарын ыдыратын арнайы ферменттер – гидролазалар көптеп кездеседі.
6.Матрицалық везикулалар – сүйек, сіңір ұлпаларының және дентиннің матрикстерінде биоминерализация басталуын қамтамасыз етеді.
Полярлы топтар
Липидтік мембрана
Майлы кұйрығы
Липидтік везикула

7.Липосомалар мен мицеллалар -заттардың жасушаішілік-везикулалық тасымалдануының әмбебап және тиімді құралы болып тасымалдау көпіршіктері .
8.Липосомалар – қабырғасы липидтік қосқабаттан тұратын дөңгелек тасымалдаушы көпіршіктері. Липосомалардың ішкі және сыртқы беттері полярлы болып, ішкі ортасы сулы болады.
Гидрофильдік зат
Липосома
9.Мицеллалар – бір қабат липидтерден құралған және майлы заттарды тасымалдауға арналған көпіршік, липосомалардан ерекшеліктері бұлардың қабырғасы бір қабат липидтерден тұрады. Липидтердің гидрофильдік бастары сыртқа, ал гидрофобтық құйрықтары ішке, яғни мицелланың ортасына қарай бағытталған.

10.Жүкмолекуласы- Везикулалық тасымалдануда тасымалданатын ақуыздар мен липидтер көпіршік қабырғасын құрайды, ал оның қуысында басқа органеллаларға арналған не жасуша сыртына шығарылатын молекуласы болады.
11.Эндоплазмалық ретикулум (ЭПТ) мембранасы -жасушаішілік везикулалық тасымалдау басталады. Бұл жерде ақуыз молекуласының гликозилденуінің алғашқы кезеңдері өтеді. Содан кейін ақуыз молекулалары тасымалдау көпіршіктеріне іріктелініп Гольджи кешенінің цис-полюсіне өтеді. Гольджи цистерналарында ақуыздардың гликозилденуі әрі қаарй жалғасады
12.Гольджидің транс-полюсі мен транс-торлары-ақуыздың гликозилденуі толығымен аяқталады. Сонымен қатар олар фосфорланады және сульфаттанады. Гольджи цистерналарынан ақуыздар жиекті көпіршіктер арқылы өтеді. Гольджидің транс-торларында толық модификацияланған ақуыздар нақтылы органеллаларға тасымалдану үшін тасымал көпіршіктеріне іріктелінеді.
13.Экзоцитоз-заттардың цитоплазмалық мембрана (плазмолемма) арқылы сыртқа шығарылуын
14.Эндоцитоз-заттардың цитоплазмалық мембрана (плазмолемма) арқылы жасуша ішіне өткізілуін
15.Трансмембраналық тасымалдану-заттардың цитоплазмалық мембрана (плазмолемма) арқылы жасуша ішіне өткізілуін немесе шасуша сыртына шығарылуы
16.Мембраналық көпіршіктер-заттардың плазмолемма арқылы өтуі жүзеге асады.
17.Эндоцитоз – заттардың сыртқы ортадан жасушаға енгізілуі
18. Пиноцитоз – еріген макромолеклалық қосылыстардың жасушаға енгізілуі;
19.Пиноцитоз – конститутивтік үдеріс, яғни ол кез-келген жасушада үнемі ұсақ мембраналық көпіршіктер, яғни инвагинациялар, пайда болып отырады.
20. Алғашқы эндосомалар-олар плазмолемма бетіне жақын орналасқан басқа көпіршіктермен қосылып Олардың қызметі сыртқы ортадан кіші молекулаларды, су және еріген ақуыздарды өздеріне қосып алып жасушаға енгізу болып табылад
Пиноцитоз
21. Фагоцитоз – қатты түйіршік заттардың жасушаға енгізілуі. Фагоцитоз процесін … жалғасы