Гетероциклді қосылыстар слайд,презентация — Биология
Гетероциклді қосылыстар слайд,презентация
Гетероциклді қосылыстар – сақиналы молекулалар, сақина құрамында көміртек атомынан өзге бір немесе бірнеше гетероатомы бар органикалық қосылыстар.
Алкалоидтар – табиғатта кездесетін, құрамында азоты бар, өсімдікте туындайтын. Гетероцилд, аминдердің ең үлкен тобы. Олардың бәрі дерлік физиологиялық әсері күшті және басым көпшілігі дәрі – дәрмек ретінде қолданылады.
Гетероциклді қосылыстардың классын бес және алтымүшелі гетероцилді қосылыстар құрайды. Оларға, көп жағдайда химиялық айналуларда өзгермейтін, гетероциклді сақинаның жоғары тұрақтылығы тән. Гетероцикл мен бензол сақиналары конденсирленген гетероциклды қосылыстар кең таралған. Тұйықталған алты п-электронды жүйелі бес және алты мүшелі гетероциклды қосылыстар ароматтылықтың барлық шарттарын қанағаттандырады.
Бесмүшелі сақинаға екінші гетероатомды енгізгенде электрон тығыздығының таралу симметриясының бір гнтнроатомды бесмүшелі гетероциклдердегі сияқты одан ары бұзылуы байқалады.
Екі гетероатомды бесмүшелі гетероциклдердің ішінде қарастыратынымыз екеуі де немесе кемінде бір гнтнроатомы азот болатын азолдар. Азолдарға жатады:
Пиразол (1,2 – диазол) Имидазол(1,3 – диазол)
Екі гетероатомды алтымүшелі гетероциклдың ішіндегі практикалық маңыздысы екі азот атомдары алтымүшелі гетероциклдер диазиндер.
Диазиндер
Гетероатомның орналасу ретімен ерекшеленетін диазиндердің үш құрылымдық изомерлері бар: пиридазин, пиримидин және пиразин.