Геометриялық пішіндер қаласына саяхат балабақшадағы ертеңгіліктер

0

 Тақырыбы: «Геометриялық пішіндер қаласына саяхат»

(Дьенеш логикалық блоктармен
 құрастырылған математика сабағы)

Мақсаты: Геометриялық фигураларды үш  сипаттама (түсі,пішіні,көлемі) арқылы сұраптау білу

Міндеттер: 
Білімділік:-1-10-ға дейін сандарды қайталап, білімдерін бекіту. 
— геометриялық пішіндерді айырып, салыстыруларын бекіту.
— Сандарды атап арифметикалық есептер шығару.
Дамытушылық: -Логикалық ойлауларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту
— тапқырлығын арттыру.
— Санамақтар айтқызып математикалық ойын арқылы балалардың тілдерін дамыту.

Тәрбиелік:- Зейінділікке, ойшылдыққа, қамқорлыққа, бір-бірімен қарым-қатынас жасау білу тәрбиелеу;

Көрнекіліктер: Әдемі түстермен (геометриялық пішіндермен) үй суреті,геометриялық пішіндердің суреті. 

Үлестірмелі: Әр балаға 3 түсті үлкен-кіші  геометр.пішіндер,сандар,
тапсырмаларымен карточкалар «Салыстыр-толықтыр», «Жүру ережелер», қағаздан шығыршықтар, «смайликтар», бағалау текшелер.

Әдісі: Көрнекілік, түсіндіру, сұрақ-жауап,көркем сөз, Дьенеш логикалық блоктармен жұмыс өткізу,дидактикалық ойындар.

Сөздік жұмысы: геометриялық фигуралар, сипаттама, пішін, 
«Досы көпты жау алмайды»

 Алдын-ала жүргізілген жұмыстар: Балаларды техникалық құралдармен — ұялы телефонмен, компьютермен таныстыру. Оларға «компьютерлік бағдарлама», «вирус», «антивирус» деген ұғымдар жайында түсіндіру. Дьенеш логикалық блоктарымен ойындар өткізу.

 

 

Сабақтың барысы:
I.    Ұйымдастыру кезеңі:
 
Шаттық шеңбері. Ұйымдастыру кезеңінде балалар шеңбер бойымен тұрады.
Тәрбиеші: – Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті,сондықтан балалар шуағын төккен «күнмен»,  «мейірімді аспан атамен»  және бізге келген қонақтармен амандасайық:
Сәлем деймін достарға
Сәлем деймін құстарға.
                               Сәлем деймін құрдасқа,
                                               Сәлем деймін ұстаздарға.
Тәрбиеші:  Өте жақсы балалар. «Жақсы сөз-жарым ырыс» демекші,қане балалар мен сендерге жақсы тілектер айтайын. 
—    Елім, аман болсын, бақытты болайық, нан көп болсын, аналарымыз аман болсын, достарымыз көп болсын.
Тәрбиеші: сендердің алдарында «Көңіл-күйдің бет-бейнесі» жатыр, қолдарына алып сабақты қандай көңіл-күймен бастайтыңдарын бір-біріне көрсетіңдер.
 
II.    Сабақтың мақсатымен таныстыру:

 

—      Балалар математика Патшайымнаң хат келді, оны Патшайымның достары Дөңгелек пен Үшбұрыш әкеп менің қолыма берді.(тақтайға пішіндердің бейнесін ілу) 
 
—    Геометриялық Пішіндер қаласында қиын жағдай болыпты – сол қаладағы компьютерлік желіге вирус түсіпті дейді. Компьютерлердің 
бәрі тұрып қалған, керекті ақпараттарды көрсетпейтін көрінеді. Патшайым соны емдеуімізді сұрайды. Қалай көмектесеміз бе?  Олай болса тезірек асығайық. Геометриялық Пішіндер қаласына поездбен 
баруды ұсынамын. Ол үшін, поезды алдарындағы жатқан үлкен геометриялық пішіндерден құрастырып алайық.
       
—     Міне дайын, поезд құрастыру кезінде қандай пішіндерді пайдаландық.Ал тез вагондарға орналасайық. Сақ болыңыздар, есік жабылды, поезд жолға шықты.
-Балалар жолда ішіміз пыспас үшін сендермен «Сұрақ-жауап» ойыныны ойналық, жауабын ауызша емес, карточкамен көрсетеміз.
Дидактикалық ойын: «Сұрақ-жауап»    
Мақсаты: Балалардың санды есту және оны цифрмен көрсету дағдысын қалыптастыру.
Көрнекіліктер: Әр баланың алдында  1-ден 10-ға дейін цифрлар.
1.     кемпірқосақта неше түс бар? (7)
2.     бағдаршамда неше көз бар? (3)
3.     қолғапта неше саусақ бар? (5)

4.     адамда қанша көз бар? (2)
5.     жұлдыздың неше бұрышы бар? (5)
6.     аспанда неше күн бар? (1)
7.     бір жылда неше ай бар? (12)
8.     бір аптада неше күн бар? (7)
9.     адамда қанша саусақ бар? (10)
-Балалар, міне біз соңғы аялдамаға келдік. Бұл көңілді пішіндердің қаласы . (Тақтаға әр түрлі түсті пішіндерден салынған үйлер, ағаштар ілінген) . 

 

1-ші тапсырмамыз: «Салыстырып толықтыр» ойыны.Кейбір геометриялық фигуралар жоғалып қалыпты, біз оларды тауып орларына орналастыру керекпіз.Ол тапсырма орындау үшін алдарындағы кызыл үшбұрышы бар конвертті алындар,ішіндегі карточкадағы тапсырманы орындап, бір – бірінді тексеріндер.
Мақсаты: талдау арқылы пішіндерді орналастыру,пішіндер туралы білімдерін бекіту.

         

Мұнда көңілді болғанымен біздің уақытымыз жоқ, кетуіміз керек, сондықтан бізге тапсырмаларды орындауға қажет. 
2-ші тапсырма: «Бір шығыршықпен ойын» Вирус біздің геометриялық пішіндерді білетінімізге сеңбейді,сондықтан осындай тапсырма беріпті:
Шығыршықтың ішіне
— тек қана дөңгелектерді салындар;  
— енді, тек қана сопақшалар;
— тек қана шаршылар;

 

Мақсаты: пішінін бір сипаттамасын терістеу мүмкіндігі туралы ұғымдарын қалыптастыру, пішіндерді бір сипаттамасы арқылы топтастыру.

          

—    Өте жақсы, міне тағыда Вирусты жоюға 2-ші анти-вирус таптық.

Сергіту сәті:                       Орнымыздан тұрамыз
Қолды белге қоямыз
Бұрыламыз оңға бір
Бұрыламыз солға бір
Жаттығулар жасасақ
 Жақсы сергіп қаламыз
-көмегімізді әрі қарай жалғастырайық.

3-ші тапсырма: «Пішінді тап» ойыны. Мақсаты: 1-2-3 сипаттама арқылы және сипаттаманы терістеуімен керекті пішінді табу.
Схема арқылы жұмыс. Балалар үстел басында және тақтаға шығып орындайды.  

     

4-ші тапсырма: «Жүру тәртібі» ойынын өткізу.
Вирус геометриялық пішіндердің естерін шығарып жіберіпті, сондықтан олар өз үйлеріне жол табалмай жүр.

Мақсаты: Рұқсат ету және тыйым салатын белгілер туралы түсінік беру, кеңістік бағытты бекіту.

 

        
—    Енді балалар, ақырғы тапсырма. Осы ойынның нәтижесі дұрыс болған жағдайда біз вирусқа қарсы бағдарламаны ойлап табамыз. Сондықтан да мұқият болыңыздар. 
5-ші тапсырма: «Шартты белгілеушілер» ойыны. Мақсаты: терістеу  шартты белгілер арқылы пішіндерді табу.
Әр балада карточка шифрмен, бала оны шығарады, өз жауаптарын дәлелдеп береді.

     

—    Балалар, жарайсыңдар!  Енді мен осы нәтиженің бәрін электрондық пошта арқылы математика патшайымына жіберемін.Егер ол біздің жауаптарымызға риза болса,телефон арқылы хабар жібереді.Тәрбиеші ойыншық компьютердің көмегімен ақпараттарды жөнелтеді. (телефон шырылдайды).
-Алло! Ия, рахмет! Бәрі де өте жақсы болды. Мен міндетті түрде жеткізем (балаларға қарап). Математика Патшайымы бәріңізге рахмет айтып жатыр. Мен де сендерге ризамын, қай уақытта да қиналғандарға қол ұшын беретіндеріңізге сенімдімін.
Енді  ұшақпен қайталық. Кәне орнымыздан тұрып қолымызды жоғары көтерелік, енді алдымызға, енді жанымызға, міне біз ұшып келеміз, ал енді қоналық.Міне қондық.
ІІІ. Қорытыңды:
-Балалар! Мен сендердің іс-әрекеттеріңді манадан сырттай бақыладым. Сендердің білімділіктеріңе, тапқырлықтарыңа сүйсіндім. 
— Балалар, біз қай қаланың тұрғындарына көмек көрсеттік? Не қиын болды? Не ұнады? Қандай тапсырмаларды орындадық? Сендерге ұнады ма? Ендіші  «Көңіл-күйдің бет-бейнесі» көрсетіңдер.
 Балаларды бағалап текшелер тарату.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!