Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: |
Мектеп: №44 «Жаңа дала» ЖОМ |
Күні: |
Мұғалімнің аты—жөні: Байбосынов Кажымухан Абдихалыкович |
Сынып: 8 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақ тақырыбы |
Геометриялық фигуралар туралы түсінік
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
8.3.1.11. Трапецияның анықтамасын, түрлерін және қасиеттерін білу.
|
Сабақ мақсаттары |
— трапецияның анықтамасын, түрлерін және қасиеттерін біледі;— трапецияның параллелограмнан айырмашылығын ажыратады;— трапецияның элементтерін табуға есептер шығарады және өмірдегі қолданыспен байланыстыра алады. |
Бағалау критерийі |
— Оқушылар трапецияның түрлерін ажыратады;— теңбүйірлі трапеция мен тікбұрышты трапецияның ерекшеліктерін сипаттайды; — трапецияның екі бұрышы арқылы қалған бұрыштарын анықтайды;— трапецияның табандарын табады; |
Тілдік мақсаттар |
Пәнге тән лексика мен терминология:Сызғыш, трапеция, элемент, қабырға, биіктік, орта сызығы, бұрыш, доғал бұрыш.Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестерФалес теоремасы…, Үшбұрыштың орта сызығы дегеніміз…,Үшбұрыштың орта сызығының қасиеті… |
Құндылықтардыдарыту
|
Оқушылар еңбекке және шығармашылыққа, өмір бойы білім алуға дағдыланады. |
Пәнаралық байланыстар |
информатика, технология, бейнелеу өнері, |
Бастапқы білім |
Үшбұрыштың түрлерін біледі, үшбұрыштың орта сызығын салады, қасиеттерін біледі, анықтамасын біледі, үшбұрыштың орта сызығына есептер шығарады. |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
Сабақтың басы (5 мин) |
Оқушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын қадағалау. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару үшін шаттық шеңберінде психологиялық ахуал жасаймын. «Сұрақтар шеңбері» әдісі арқылы оқушылар екіге бөлініп, ішкі және сыртқы шеңбер болып бір біріне қарап тұра қалады. Сұрақтар қойылады. Әрбір сұраққа әр шеңбер кезектесіп жауап береді және әр сұрақтан кейін ішкі және сыртқы шеңбердегі оқушылар жылжып отырады. Осы әдістің мақсаты – өткен тақырыпты қайталау, оқушылардың тыңдау, сөйлеу, өз ойын жеткізу дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Сұрақтар:
Салу есептері неше кезеңнен тұрады?
Барлық қабырғалары берілген болса, параллелограмм салу мүмкін бе?
Фалес теоремасын тұжырымдап, оны дәлелдеңдер?
Үшбұрыштың орта сызығы дегеніміз не?
Үшбұрыштың орта сызығының қасиетін тұжырымда?
Ынталандыру мақсатында оқушыларға өзара бағалатамын.
Оқушылар фигуралардың түрін таңдау арқылы 3 топқа бөлінеді1 топ: «Үшбұрыш»2 топ: «Төртбұрыш»3 топ: «Трапеция»Үй тапсырмасын «математикалық диктант» әдісі арқылы тексеремін.
|
Фигуралар
|
Сабақтың ортасы (30 мин) |
Жаңа тақырыпты бастамас бұрын «Жетістік баспалдағы» әдісі арқылы оқушылар қандай білім баспалдағында тұрғандарын және өткен материалды меңгеруге қай баспалдақта тұрғандығын анықтайды. Баспалдақ тақтаға ілінеді. Балалар өздері орындаған жұмысты стикерлермен әр тапсырмадан соң өздері қалаған баспалдаққа орналастырады. Не үшін ондай баға қойғандарын түсіндіреді.
Өте жақсы түсіндім
Жақсы түсіндім Түсіндім Аздап түсіндім Түсінбедім
БІЛІМ БАСПАЛДАҒЫ«Өкіл» әдісі арқылы топтар тапсырмаларды орындап болғаннан кейін топтың бір мүшесі «өкіл» болып сайланады да, зерделенген материалды түсіндіру және жинақтау, бұл туралы жаңа топтың ойын, бір шешімге келгенін немесе жетістікке жеткенін білу үшін басқа топқа барады. Бұдан кейін елші өз тобына қайтып оралып, білгендерін айтып береді. Бұл – шаршататын және бір сарынды «баяндама жасалатын», мезі қылатын сабақтардан құтылуға мүмкіндік беретін тамаша әдіс. Сондай-ақ бұл әдіс елшінің тілді қолдану шеберлігін көрсетеді, әрі белсенді тыңдаушылар тобын қалыптастырады. «Айналмалы бекет» әдісі (ТЖ) арқылы трапецияның түрлері және қасиеттеріне есептер шығарады.
«Бағдаршам»әдісі арқылы оқушылар өздерінің қаншалықты меңгергенін көрсету мақсатында қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.
«Тропикалық жаңбыр» әдісі арқылы сергіту сәтін жүргіземін.Ортада ойынды басқарып тұрамын. Оқушылар арасында жүріп, әр түрлі қимыл жасаймын: бірінші – қолымды қолыма үйкеймін, екінші саусақтарымды шыртылдатамын, үшінші — сандарымды соғамын, төртінші–аяқтарымды соққылаймын, бесінші–тағы да сандарымды соғамын, алтыншы–саусақтарымды шыртылдата— мын, жетінші – қолымды қолыма үйкеймін, т.с.с. Сонан соң қолдарымды түсіріп, «Бұл тропикалық ормандағы жаңбыр еді. Тоқтады. Қайтадан жайнап күн шықты» деп сөзіммен әрекетімді тамамдаймын.«Гүлдесте» әдісі (ЖЖ) арқылы тапсырма беремін. Қызыл түс – А деңгейлі, сары түс – В деңгейлі, жасыл түс – С деңгейлі тапсырмалар беріледі, әр оқушы өз деңгейінде шығаралатын тапсырмаларды алып шығарады.
А деңгей Трапецияның бір табанындағы бұрыштары 680 және 740.Басқа бұрыштарын табыңдар.
В деңгейТеңбүйірлі трапецияда үлкен қабырғасы 2,7 м,бүйір қабырғасы 1м ,олардың арасындағы бұрышы 600. Кіші табанын табыңдар.С деңгейТеңбүйірлі трапецияның қарсы бұрыштарының айырымы 560-қатең. Трапецияның бұрыштарын табыңдар.
«Қол шапалақ» арқылы қалыптастырушы бағалау жүргіземін.
|
АКТ
ПлакатСтикер
Стикер Қима қағаздар
|
Сабақтың соңы (5 мин) |
Сабақты қорытындылауға «Серпілген сауал» әдісі арқылы әр топ бүгінгі сабақтан бір-біріне сұрақтар қояды.
Қандай төртбұрышты трапеция деп атайды?
Трапецияның орта сызығы деген не?
Трапецияның неше доғал бұрышы болуы мүмкін?
Үйге тапсырма: №152Кері байланыс:«Бес саусақ» әдісі арқылы1. Маған ұнағаны 2. Маған қиындық тудырған 3. Мен үшін маңызды ақпарат4. Білгім келеді5. Ұсынысым
Оқушы бүгінгі тақырыпты қаншалықты меңгергендігін «Білім баспалдағына» стикерлер жабыстырулар арқылы сабақтың соңында өз деңгейін біледі.
|
|
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
саралаудың оқушылардың қажеттіліктеріне қарай үнемі түзетіліп отырылуына бағалау тәсілі арқылы қол жеткізуді жоспарладым. |
Сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалауды қолданамын. «Бас бармақ», «Қол шапалақ», «Бағдаршам» әдісі арқылысабақ соңында қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар беріледі. Кері байланыс «Бес саусақ» әдісімен орындалады. |
Оқу процесінің барлық күйзеліс түзуші факторларын алып тастау мақсатында әр оқушы өзін еркін ұстауына, көңіл күйінің көтеріңкі болуларына жағдай туындатамын. Ол қызықты математикалық сұрақтардан, мадақтаудан тұрады. |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болдыма?Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткіздіме?Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? |
|
|
|