Геометриялық фигуралар туралы түсінік

0
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп: №44 «Жаңа дала» ЖОМ Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Джакипова Клара Айдаралиевна Сынып: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Сабақ тақырыбы Геометриялық фигуралар туралы түсінік Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.3.1.1. Көпбұрыш, дөңес көпбұрыш, көпбұрыш элементтері анықтамаларын білу;8.3.1.2. Көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысының және сыртқы бұрыштарының қосындыларының формулаларын қорытып шығару. Сабақ мақсаттары
  • Көпбұрыш, дөңес көпбұрыш, көпбұрыш элементтері анықтамаларын біледі, көпбұрыштардың бұрыштарының қосындысын табады.
  • Дөңес көпбұрыштардың ішкі және сыртқы бұрыштарының қосындысының формулаларын қорытады.
  • Дөңес көпбұрыш бұрыштарының қосындысының теоремасын дәлелдейді.
  • Бағалау критерийі
  • Көпбұрыш, дөңес көпбұрыш, көпбұрыш элементтерін ажыратады.
  • Көпбұрыштардың бұрыштарының қосындысын табады.
  • Дөңес көпбұрыштардың ішкі және сыртқы бұрыштарының қосындасының формулаларын қорытады.
  • Дөңес көпбұрыш бұрыштарының қосындысының теоремасын дәлелдейді
  • Тілдік мақсаттар Оқушылар:Көпбұрыш, дөңес көпбұрыш, көпбұрыш элементтері ажыратады.Пәнге қатысты лексика мен терминология: Сынық сызық, көпбұрыштар, дұрыс көпбұрыштар, дөңес көпбұрышДиалогқа/жазылымға қатысты қажетті тіркестер:

  • ……… көпбұрыштар деп аталады
  • Дөңес көпбұрыштар…….
  • Планиметрия деп нені түсінесіңдер, оның негізгі фигураларын атаңдар?
  • Қандай түзулер перпендикуляр деп аталады?
  • Қандай түзулер параллель деп аталады?
  • Вертикаль бұрыштар дегеніміз не?
  • Сыбайлас бұрыштар деп қандай бұрыштарды атаймыз?
  • Құндылықтардыдарыту Оқушылардың бойында патриоттық сезімі, ұлттық сана – сезімі, ұлттық рухы, азаматтылығы мен әлеуметтік белсенділігі жоғары деңгейлі зияткер әрі бәсекеге қабілетті тұлғаға тән қасиеттер мен сапаларды жетілдіру. Пәнаралық байланыстар Жаратылыстану, сызу Бастапқы білім Нүкте, түзу, кесінді, периметр, ішкі бұрыш, сыртқы бұрыш, диагональ. Сабақ барысы Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар Сабақтың басы 5 мин Оқушылармен сәлемдесіп, оқушыларды түгелдеймін. Зейінді шоғырландырып, жағымды психологиялық ахуал тудыру мақсатында оқушыларды «Шаттық шеңбер» бойымен тұрғызып, «Жүректен жүрекке» әдісі арқылы бір-біріне жақсы тілек айтқызамын. Тақырыптағы тірек сөздер негінде көпбұрыштар, дөңес көпбұрыш, дұрыс көпбұрыш ұғымдары туралы сабақ тақырыбымен байланыстыру мақсатында «Пазл» тәсілі арқылы оушыларды көпбұрыштар, дөңес көпбұрыш, дұрыс көпбұрыш деп үш топқа бөлемін. Оқушыларға өткен тақырыптан «Ой қозғау» әдісі арқылы Ширату сұрақтарын қоямын:

  • Планиметрия деп нені түсінесіңдер, оның негізгі фигураларын атаңдар?
  • Қандай түзулер перпендикуляр деп аталады?
  • Қандай түзулер параллель деп аталады?
  • Вертикаль бұрыштар дегеніміз не?
  • Сыбайлас бұрыштар деп қандай бұрыштарды атаймыз?
  • Дұрыс жауап берген оқушыларға ынталандыру мақсатында смайликтер беріп, қалыптастырушы бағалау жүргізіп отырамын. Сабақтың ортасы30 мин «Көпбұрыштар» тақырыбына арналған видеоролик көріп, тақырыпты анықтау мақсатында Бұл бейне жазбада не көрсетілді?Бұл бейнежазбаға байланысты қандай тақырыпты бүгін қозғаймыз? Проблемалық сұрақтар қоямын.Проблемалық сұрақтың жауабын табу мақсатында оқушылар тақырыпты оқиды. Оқушылар «Бумеранг» әдісі бойынша жұмыс жасайды. Әр оқушы бір сұрақтан құрастырады, құрастырған сұрақтарын бірінші топ екінші топқа, екінші топ үшінші топқа, үшінші топ бірінші топқа береді, қарсы топ оқушылары сұрақтарға жауап береді. Сұрақтарға жауап берген оқушыларды қолдау мақсатында смайликтер арқылы бағалаймын және кері байланыс жасау арқылы оқушыларды дұрыс жауапқа бағыттаймын..Топтық жұмыс. Оқулықтағы №1.3 №1.4 №1.4 есептерді топпен талдап шығарады. Дұрыс жауабын интербелсенді тақтадан тексеріп отырады. Бағалау критерийлері арқылы қалыптастырушы бағалауды жасап отырамын.

    АКТ

    Оқулық «Атамұра » баспасы

    Тірексызба плакат

    Сабақтың соңы 5 мин Оқушыларды бағалау критерилері арқылы смайликтермен бағалаймын. Оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін білу мақсатында «Бас бармақ» әдісі арқылы кері байланыс жасаймын.Үй тапсырмасы:№ 1.12 және 1.13 есептер

    Оқушылар рефлексия парағын толтырады:Мен білдім______________________________Мен үйрендім____________________________Маған ұнады_____________________________Мен қиналдым____________________________Менің көңіл-күйім_________________________Мұның нәтижесінде оқушылардың қаншалықты сабақтың мазмұнын меңгергендігін байқаймын.

    Интербелсенді тақта

    Оқулық«Атамұра» баспасы

    Рефлексия парақшасы

    Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

    «Тапсырма»-оқушыларға білім деңгейлері әр түрлі оқушыларға тапсырмалармен жұмыс жасауды, яғни “Сұрақты таңда” деңгейлік тапсырмасы арқылы оқушылардың қажеттілігін ескере отырып, саралаудың тапсырма тәсілін қолданамын.

    «Диалог және қолдау көрсету» арқылы оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін сұрақтар қойдым.

    Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

    Бағалау критерийлері арқылы смайликтермен бағаладым.

    Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

    Нұсқаулық бойынша жүргізіледі.

    Сабақ бойынша рефлексия