географиялық заңдылықтар туралы
географиялық заңдылықтар туралы
Автор: Умралиева Жансауле Расылханқызы
Бағыты: География Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 10 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-02-01
Материал туралы қысқаша түсінік
география пәні мұғалімдеріне
Тақырыбы: КіріспеМақсат-міндеттер:Білімділік мақсаты – оқушыларды жалпы географиялық заңдылықтар туралы өткен сыныптардағы ұғымдары мен түсініктерін жинақтап, қорытындылау негізінде ғаламшар табиғатының біртұтастығы жайлы білімді қалыптастыру.Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу, шығармашылық іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.Тәрбиелік мақсаты – Экологиялық тәрбие беру, еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.Оқу құралдары: Оқулық, 10 сынып Атлас, Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, әдістемелік құрал, хрестоматия, дидактикалық материалдарСабақ түрі: Кіріспе сабақОқыту әдістері: Проблемалық және шығармашылық әдіс Сабақтың жоспары:
І кезең – ұйымдастыру (2 мин)ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин)ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (19мин)ІV кезең – бағалау кезеңі (2 мин)V кезең – қорытынды (2 мин)
Сабақ барысы:
Кезең | Мұғалім әрекеті | Оқушылар әрекеті |
І | Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Сосын балалармен танысып, өзінің жұмыс тәртібін орнатады. Балалардың кім-жоғын сұрайды.Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. | Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады. Сосын мұғаліммен танысады. |
ІІ | Ең алдымен мұғалім оқулықпен жұмыс істеу тәртібімен таныстырады. Содан кейін дүние жүзіне жалпы шолу, ТМД елдері географиясы нені оқытады деген сұрақты қояды.Сосын жалпы география дегеніміз не және оның салалары мен жеке ғылым ретінде даму тарихын айтып береді. Қоғам мен табиғатты біртұтас жүйе ретінде қарастырып, айтып түсіндіреді.Сосын оқушыларға негізгі географиялық заңдылықтарды сұрайды. Нәтижесінде өткен сыныптардағы ұғымдары мен түсініктерін жинақтап, қорытындылау негізінде ғаламшар табиғатының біртұтас туралы айтады. | Оқушылар мұғалімді тыңдап, сұрақтарға жауап береді.Сосын «географиялық ойлау», «табиғат ресурстары» деген терминдердің мағынасын жазып алады. Білімді қорытындылап, ғаламшар табиғаты біртұтас деп қорытындыға келеді. |
ІІІ | Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға «география», оның салалары мен ерекшелігін жазыңдар деген тапсырманы береді. | Балалар тапсырманы орындайды. |
ІV | Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады. | Мұғалімді тыңдап, бағаланады. |
V | Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді. | Үзіліске шығады. |
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.