Географиялық қабықтың бірлік заңдылығы | Скачать Реферат

0


Тақырыбы: Географиялық қабықтың бірлік
және тұтастық заңдылығы

ЖОСПАР

Кіріспе
І. Географиялық қабықтың бірлік және тұтастық заңдылығы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Географиялық қабық – Жер планетасының атмосфераның төменгі қабаты,
литосфераның жоғарғы қабаты, жалпы гидросфера мен биосферадан құралған
біртұтас және үздіксіз қабығы болып табылады. Жер қабаттарының арасында
күрделі байланыстар орнаған, үздіксіз энергия мен зат алмасу жүреді.
Географиялық қабық биосферамен территориясы және көлемі бойынша сәйкес
келеді. Географиялық қабықтың өзіне тән көптеген ерекшеліктері бар. Ең
алдымен ол заттардың әртүрлі құрамдылығымен және энергияның түрлерімен
ерекшеленеді. Географиялық қабықтағы заттар бір уақытта үш агрегаттық күйде
кездесе алады: қатты, сұйық және газ тәріздес.
Географиялық қабық – Жердегі тіршілік пайда болған орталық, ол
адамзаттың белсенді іс-әрекетінің аренасы болып табылады. Жалпы алғанда
географиялық қабық планетамыздың құрылымы өте күрделі бөлігі, әсіресе
қабаттардың бір-бірімен әрекетінде: атмосфера мен литосфера (құрлықтың
беті), атмосфера мен гидросфера (Дүниежүзілік мұхиттың беткі қабаттары),
гидросфера мен литояфера (мұхит түбі), осы қабаттардан жоғары және төмен
қарай географиялық қабықтың құрылымының күрделілігі төмендейді.
Географиялық қабық тек вертикальді бағытта ғана күрделі емес, сонымен қатар
көлденең бағытта да шамалы күрделі. Ол жеке табиғи кешендерге
(ландшафтарға) дифференциацияланады. Әрбір табиғи кешен бір-бірімен
байланысқан компоненттерден, яғни құрамдас бөліктерден тұрады. Географиялық
қабық дифференциациясы оның түрлі бөліктерінде жылу мен ылғалдың біркелкі
болмауына және жер бедерінің әртүрлілігіне байланысты. Ең ірі табиғи кешен
– географиялық қабық болып табылады. Табиғи кешендерге құрлықтар мен
мұхиттар да жатады.
Географиялық қабық бірнеше заңдылықтардан тұрады. Олардың ішіндегі
маңыздыларына: бірлік және тұтастық, дамудың ырғақтылығы, асимметрия,
көлденең зоналық және биіктік белдеулік жатады.
Географиялық қабыққа дамудың ырғақтылығы тән, яғни белгілі бір
құбылыстардың уақыт бойынша қайталанып келіп отыруы. Табиғатта ұзақтылығы
әртүрлі ырғақтар (тәуліктік, ғасырлық және ғасырдан жоғары) кездеседі.
Сонымен қатар, географиялық қабықта маңыздылығы жоғары заңдылықтардың бірі
ұлы ғалым В.В.Докучаевтың негізінде анықталған зоналылық заңдылығы болып
табылады. Бұл заңдылық табиғи кешендердің экватордан полюстерге қарай
бағытта заңдылыққа сай өзгеруі. Географиялық қабықтың ең ірі табиғи
кешендеріне географиялық белдеулерді жатқызамыз. Биіктік белдеулік деген
атқа ие географиялық қабық заңдылығы таулы аудандарда байқалынады. Биіктік
белдеулік деп – таудың етегінен бастап шыңына дейінгі көтерілген биіктіктер
бойынша табиғи компоненттер мен табиғи кешендердің алмасып отыруын айтады.

Географиялық қабықтағы маңыздылығы жоғары жер бедері, атмосфера және
гидросфера, биосфераның барлығын қамтитын тағы бір заңдылыққа географиялық
қабықтың бірлік және тұтастығы жатады. Тұтастық — географиялық қабықтың
бірлігі, яғни оның компоненттерінің бір-бірімен өте тығыз байланыстылығын
сипаттайды. Егер географиялық қабық компоненттері арасында бірлік пен
байланыс болмаса жалпы географиялық қабықтың дамуы, болуы мүмкін емес.
І. Географиялық қабықтың бірлік заңдылығы
Географиялық қабық дамиды және даму барысында оның өзіндік
заңдылықтары бар. Географиялық қабықтың негізгі заңдылықтарының бірі –
тұтастық заңдылығы. Географиялық қабық компоненттердің механикалық жиынтығы
емес, керісінше өзіндік ерекшеліктері бар және біртұтас ретінде дамитын
сапалы жаңа түзілім. Бір компоненттің өзгеруі оның барлық компоненттерінің
өзгерісіне әкеп соғады. Тұтастық барлық табиғи кешендерге тән заңдылық. Ол
зат және энергия алмасу арқылы жүзеге асады.
Бірлік және тұтастық – маңызды географиялық заңдылық, оны білу
табиғатты тиімді пайдаланудың теориясы мен тәжірибесіне негізделінеді.
Тұтастық заңдылығының негізі географиялық қабықтың құрамындағы бір
құраушысының өзгерісі еріксіз қалғандарының да өзгеруіне әкеледі. Бұл
өзгерістердің көріну масштабтары әрқилы болып келеді. Олар біркелкі бүкіл
географиялық қабықты алып, оның тек кей бөліктерінде көрініс тауып, ал
басқа бөліктерінде өте әлсіз болуы мүмкін. Мысалы, Оңтүстік Американың
батыс жағалауында Атакама және Анд тауларының батыс беткейлерінің
шөлейттенуі 35-40º және 2-3º о.е. аралығындағы суық Перуан ағысыныңың
болуымен сипатталады. Жазғы маусымда ағыстың солтүстік шекарасы экваторға
дейін жетеді, ал оңтүстік-шығыс пассаттың әлсіреген кезеңі қысқы маусымда
Перуан ағысы бәсеңдеп, экватордан Эль-Ниньо жылы ағысы өтеді. Бұл ағыс
географиялық қабыққа әсерін тигізбей қоймайды, ол географиялық қабықты
құрайтын барлық бөліктерге әсер етеді. Мәселен, Оңтүстік Американың
балықшылары осы ағыс болатын кезеңде өз кәсіптерінен пайда таппаса, яғни
балық аулауға тиімсіз кезең, ал Солтүстік Америкадағы Калифорния
тұрғындарына қатты дауылдар мен нөсерлер төнеді.
Планетаның қалған бөлігі де шетте қалмайды: селдер мен су басулар,
орман өрттері, дауылдар мен құйындар Жерге келеді. 1983 және 1996 жылдары
бұл өзгерістер аса қауіпті сипатта болды. Ағыстардың өзгеруі негізінде
пайда болған су температурасының уақытша өзгерісі географиялық қабықтың
барлық компоненттеріне әсерін тигізеді, ал ол өз кезегінде Жердегі
адамзаттың тұрмыс-тіршіліге қиындықтар әкеледі.
Географиялық қабыққа адамзат қоғамының шаруашылық іс-әрекеті де
өзгерістер әкеледі. Ормандарды кесу, өзен бойында су қоймаларын салу,
батпақты аймақтарды құрғату … жалғасы

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!