Географиядан сабақ жоспары: Минералды ресурстарды игерумен байланысты проблемалар №2 (9 сынып, I тоқсан) » ZHARAR

0

Географиядан сабақ жоспары: Минералды ресурстарды игерумен байланысты проблемалар №2 (9 сынып, I тоқсан) казакша Географиядан сабақ жоспары: Минералды ресурстарды игерумен байланысты проблемалар №2 (9 сынып, I тоқсан) на казахском языке

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Литосфера
Сабақ тақырыбы: Минералды ресурстарды игерумен байланысты проблемалар №2
Сабақ мақсаттары: Минералды ресурстарды игерумен байланысты проблемаларды топтастырады және Қазақстанның әртүрлі аймақтары бойынша оларды шешудің жолдарын ұсынады.
Тақтада суреттер арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды. Мұғалім бүгінгі сабақтың мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстырады. Сабаққа қысқаша шолу жасалады. Оқушыларды 4 топтарға бөлу.
Жаңа сабақты меңгеру.
Түсіндірме жұмыс. Сабақ тақырыбына шығу үшін бейнематериал көрсетіледі.

Ластану — адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға залал әкелуі.
Пайдалы қазбаларды өндіру кезінде қоршаған ортаға үлкен зиян келеді.
Ол әсер етеді: литосфераға, атмосфераға, гидросфера және биосфераға.
Адамның литосфераға әсер етуі нәтижесінде антропогендік жер бедері қалыптасады:
– Карьерлер,
– Үйінділер;
– Террикондар;
– Жыралар.
Адамның атмосфераға әсер ету нәтижесінде ауаның ластануы жүреді.
– Ең ауасы ластанған қалаларға жатады: Тараз, Теміртау, Алматы, Шымкент, Балқаш, Риддер, Өскемен және т.б.
Адамның гидросфераға әсер ету нәтижесінде су ластанады.
– Еліміздегі Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш көлі, Ертіс, Нұра, Есіл, Іле, Сырдария, Талас, Шу, Жайық т.б өзендер ластанған.
Адамның биосфераға әсер ету нәтижесінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің саны азайып, жойылып кету қаупіне әкелуі мүмкін.
Топтық жұмыс. Минералды ресурстарды игерумен байланысты туындаған мәселелерді зерттеу.
Бағалау критерийлері Дескрипторлар, оқушыға
Минералды ресурстарды игерумен байланысты туындайтын мәселелерді біледі.
Минералды ресурстарды игерумен байланысты туындайтын мәселелердің шешу жолдарын ұсына алады. Қазақстанның минералды ресурстарын игеру кезінде туындаған мәселелерді атайды
Қазақстанның әрбір аймақтарында болатын мәселеге 1 мысал келтіреді
Минералды ресурстарды игеру кезінде, оның салдарын айта алады
Мәселенің шешу жолдарына 3 ұсыныс жасай алады
Топтар өз жұмыстарын таныстырады. Топтар қорғап шыққаннан кейін, топтар бір-бірін бағалайды. 1 топ – 3 топты бағаласа, 2 топ – 4 топты бағалап шығады. Мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі. Мұғалім топтардың жұмысын қорытындылап шығады………


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через секунд !!!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз