Генетикалық модификацияланған ағзалар слайд,презентация

0

Генетикалық модификацияланған ағзалар слайд,презентация

 

 

Қазіргі кезде дүние жүзінде ГМ- ағзалары бар өсімдіктер көптеген аумақтарда егілгенімен (əлемде 120 түрлі трансгенді өсімдік сұрыптары 110 млн. гектар жерлерге егіледі), мұндай технологияның зиянсыздығы жəне халықаралық ЮНЕП ұйымының 1995 жылы биотехнологияның осы мəселелері жөніндегі қарарларының сақталуы туралы сұрақтар туындауда. Бұл мəселе бойынша ғалымдардың пікірлері қарама-қайшылық тудыруда. Бір тарапы –  өзіндік құны төмен, яғни тиімділігі жоғары ГМ өнімдерінің адам ағзасына ешқандай зияны жоқ десе, екіншілері – ДНҚ технологиясы арқылы жасалынған геномның адам ағзасына тигізер əсері əлі де белгісіз, сондықтан мұның салдары мен қоршаған орта мəселелеріне қатты алаңдаушылықьтарын білдіруде. Бұдан, ГМ ағзалы жəне одан жасалынған тағамдарды кең көлемде пайдалану үшін, өндірушілерден өнім құрамының биологиялық жəне экологиялық жағынан зиянсыздығы туралы толықтай мəліметтер берілуі талап етіледі. 2007 жылы 12 желтоқсанда Евроодақ қабылданған заңнама бойынша, егерде өнім құрамында ГМ заттары оның салмағының 0,9% асса, өндірушілер ол жөнінде тұтынушыларды құлақтандыру мақсатында сыртқы қорабында жазу керек болады. Егер де бұл көлемнен аспаған жағдайда, ол жөнінде жазбаса да болады.

 

  

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!