гендік модификация, ГМО
Тәжірбиені жасаған Хэ Цзянькуй.
Ғалым 2017 жылдың наурызынан 2018 жылдың қараша айына дейін 8 жұпқа жүргізген тәжірибесінің нәтижесінде 2 жұп бала көтеріп, олардың бірі егіз қызды өмірге әкелсе, ал екіншісі әлі нәрестенің дүниеге келуін күтуде. Қыздардың есімдері Лулу және Нана. Олар дәрігерлердің жіті бақылауында.
Айта кетейік, адамға гендік модификация жасау ғылыми және адамгершілік тұрғыдан алғанда әдепке жат болғандықтан көп елдерде бұған тыйым салынған.
Қытай тарапынан Хэ Цзянькуй мен оның көмекшілері турасында заң аясында қатаң тексеріс жүргізіліп, шара қолданылатыны мәлімденген болатын.
ГМА дегеніміз не?
ГМА (Гендік модификацияланған ағза) – гендік инженерия әдістері арқылы жасанды түрде гені өзгертілген ағза дегенді білдіреді. Яғни, табиғи жолмен мүмкін болмаған ДНҚ — дағы өзгерістер. Бұл анықтама өсімдіктер, жануарлар мен микроағзаларға қатысты (Орысша атауы: генетический модифицированный организм (ГМО).
ГМА — дан көзделетін мақсат
Генетикалық өзгерістер әдетте ғылыми және шаруашылық мақсатта жасалады.
Генетикалық модификациялаудың негізгі түрі трансгенді ағзалар үшін трансгендердің қолданылуы болып табылады. Ауыл шаруашылығы мен азық — түлік өнеркәсібіндегі ГМА ретінде геномына бір немесе бірнеше трансген енгізу құбылысын атауға болады. Гендік өзгеріс ағзаға немесе өсімдік пен өніміне жаңа ерекшеліктер қосады. Мәселен, гендік өзгеріске ұшыраған өсімдіктер зиянкес жәндіктер мен құрт құмырсқаларға немесе гербицидтерге қарсы төзімді келеді. Нәтижесінде: зиянкес жәндіктерді жоюға кететін шығын азаяды. Сондай — ақ, гендік өзгеріс нәтижесінде өнімнің пісіп жетілу уақыты қысқарып, өнім қолайсыз жағдайларға және вирустарға қарсы төзімді келеді. Мысалы, зиянкес жәндіктерге қарсы жүгері, картоп, мақта секілді өнімдерге «Bacillus thuringiensis» бактериясының гені қолданылады. Осы арқылы картоп жапырағын жеген колорад қоңызы өздігінен өлетін болады.
Дереккөз: http://bilimsite.kz/