Ғажайыпқа толы апталық. Башпанаева Ғалия Жұматқызы

0

Қостанай облысы .Арқалық қаласы.

 Сарыөзен орта мектебінің ағылшын тілі пән мұғалімі:

Башпанаева Ғалия Жұматқызы

 

Ғажайыпқа толы апталық

Жалпы мектепішішілік  іс-шаралар ішінен апталықтардың алар орыны ерекше. Сарыөзен жалпы орта білім беретін мектебінде 2018-2019 оқу жылында ақпан айында ағылшын тілі мен орыс тілі он күндігі өтті.Мектепішілік онкүндікте ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар ,сайыстар,апталықтың жабылуына арналған мерекелік ән-шашулар жоғары деңгейде өткізілді.Атап айтсақ, бастауыш сыныптар аралығында «The Best» атты сыныптан тыс жұмыс аралдағы үндістерді сомдап, түрлі ойындар мен сұрақтарға жауап беру атты кезеңдерден өтті. Соңғы айналымда жоғары көрсеткішпен 3 -сынып оқушысы Клышбек Іңкар суырылып алдыға шықты.Осы сайыста Тукен Ұлжан мен Қапар Айкөркемде өз белсенділіктерін жоғары деңгейде көрсетті. Соның ішінде үндістер  алау басында түрлі тапсырмалар орындап, өз білімдерін шыңдады.

Орыс тілі пән мұғалімі Тургалиева Рысжан Егинбаевна  және Ағылшын тілі пән мұғалімі Башпанаева Ғалия Жұматқызының ұйымдастыруымен  кіріктірілген сабақ өткізілді.Оқушылардың екі тілді қатар меңгерудегі шеберліктерін көрсете білді.

Ағылшын тілі пән мұғалімі Нурпейсова Гулзат Тойбазаровнаның ұйымдастыруымен де орта буын оқушылары арасында түрлі іс-шаралар  жоғары деңгейде өтті.Оқушылар Ұлыбритания еліне саяхатқа аттанып, елдің тұрмыс тіршілігімен танысты.

Жас маман Карбозова Әйгерім Даулетқызы 3 — сыныпта орыс тілінен музыкалық аспаптар тақырыбында ашық сабақ өткізіп,түрлі әдіс-тәсілдермен түрлендіре өткізіп,оқушылардың тақырыпты меңгеруге  жан -жақты бағыт -бағдар бере білді.

Сонымен қатар 1 «б» сыныбында ашық сабақ өтті.Оқушылар сиқырлы кілемшеге отырып, ертегілер еліне аттанды.Қиялға ғажайыпқа толы сабақ оқушыларды баурап, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыра білді.Соңында қазына аралынан сұрақтар мен ынталандыру сыйлықтарын алып, оқушылар өз әсерлерімен бөлісіп, бір-бірін бағалап ,сабақты  көңілді аяқтады.

Үштілділікті дәріптеген «Көшбасшы-2019″ интелектуальды ойыны.Түрлі кезеңдермен бастауыш сыныптар арасында өтіп,оқушылардың үштілділікті меңгерудегі білім деңгейлерін көрсетті.Ойын соңында Сарсенбай Аягөз жеңіске жетіп,»Көшбасшы-2019» атанды.

Апталық соңында мерекелік кеш өтті.Онда оқушылар ағылшын және орыс тілінде өлең жолдарын оқып , ертегі қойып , әндер айтты.Мерекелік кеш қашықтық олимпиадаға қатысқан оқушылардың сертификаттарын беріп ,ынталандыру сыйлықтарын табыс етумен өз мәресіне жетті.Қиыннан қиыстырған сан қырлы сөзжұмбақтар мен ребустар шешімінен жеңген оқушыларда марапатталды.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!