Газдардың парциал қысымы слайд,презентация
Газдардың парциал қысымы слайд,презентация
Термодинамика — термодинамикалық тепе –теңдік күйдегі макроскопиялық жүйелердің жалпы қасиеттерін және бір күйден екінші бір күйге өту процесін зерттейді. Термодинамика тәжірибе нәтижесінде тағайындалған заңдарға сүйенеді. Физика мен химияда термодинамикалық әдіс қолданылмайтын аймақ жоқ деуге болады. Молекулалық –кинетикалық теория мен термодинамика зерттеу әдістерімен ерекшелене отырып, бірін – бірі өзара толықтырып отырады. Тұрақты температурада заттың қасиетін сипаттайтын p және V шамаларының арасындағы тәуелділікті көрсететін қисық изотерма деп аталады. Изотермалар гипербола болып табылады, процесс кезінде температура жоғары болса, графикте гиперболалар да жоғары орналасады.