Газ құбырларын газдан босату тәртібі

0


Ақтөбе құрылыс-монтаж колледжі

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Газ құбырын салу тәсілдері.
Пән атауы: Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін
жинақтау және пайдалану

Орындаған:3082Б топ студенті
Тұрар Асылан Қанатұлы
Тексерген:Сағиева Ақтілек Мақсатовна

Ақтөбе 2017ж
Мазмұны.

Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … …
Негізгі бөлім … … … … … … … .. … … … … … … … … … … … … … … … … … … …
Газ құбырын салу тәсілдері … … … … … … .. … … … … … … … … … … … … ..
Жер үсті газ құбырының орналасуы … … … … … … .. … … … … … … … … … …
Жер асты және жер беті газ құбырына қызмет көрсету … … … … … … … … .
Қорытынды … … … … … … .. … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі … … … … … … … . … … … … … … … … … … …

Кіріспе.
Газ құбыры салыну тәсілдеріне қарай жер үсті және жер асты,жер беті болып жүргізіледі. Жәнеде кейбір жағдайларда су астыменде жүргізіледі,ондай құбырларды дюкер деп атаймыз.Жер астында орналасқан газ құбырының салыну тереңдігі 0,8м ден кем болмауы керек. Адам жүретін жердегі газ құбырының салыну биіктігі 2-2,2м кем болмауы керек.Адам өтетін жердегі газ құбырының тіректерінің арақашықтығы құбырдың диаметріне байланысты болады. Ал автокөлік жүретін жердегі газ құбырының биіктігі 4-4,5м кем болмауы керек. Асфальт немесе жол жабыны болмаған жағдайдағы газ құбырының салыну тереңдігі 90см кем болмауы тиіс.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
Газ құбырын салу тәсілдері.
Газ құбыры,могистральды газ құбыры жанғыш газдардан шығатын жерінен немесе өндірілетін орнынан алыс қашықтыққа тасымалдауға арналған құрылыс.Ол төселіп жүргізілуіне қарай жерасты газ құбыры,жер үсті газ құбыры және үйінді үстімен жүргізілген газ құбыры болып ажыратылады.
Газ құбыры кейбір жағдайларда үлкен жыраларға салынған темір бетон немесе металл эстакада арқылы немесе су қоймаларының түбімен жүргізіледі,оны дюкер деп атайды.Газ құбырлары көбінесе жер астымен жүргізіледі,ал сәулет талаптарына сәйкес жағдайларда жер бетінде жүргізіледі.Жерге көмілген құбырлардың төмендігі түскен салмақтың әсер етпеу шамасымен анықталады.
Сонымен қатар жер асты құбырлары жақсы жылу ажырытқыш болып табылады.Тереңдік өскен сайын жұмсалатын қаржы да өсе түседі.Газ құбырларын жүргізу шарттары ҚНжЕ 2.04.08-87 көрсетілген.Газ құбырларын жүргізу кезінде оларды тоттанудан сақтау қажет.Темір тоттанған кезде сыртқы беті қоршаған ортаның әсерінен бұзыла бастайды.Қаладағы газ құбырларын тоттанудан сақтау үшін алдын-ала мынадай көрсеткіштер анықталады:

1.Құбырлар жүргізілетін жерлердің тоттануға тигізер әсері.
2.Жер қабатындағы кездейсоқ тоқтардың болуы.
3.Газ құбырларының электрлік тоттану шарттары.

Газ құбырлары жер астымен жүргізілсе онда бұндай газ құбырларын қойылатын техникалық шаралар мынадай: жол жабындарының астында орналасқан газ құбырының салыну тереңдігі 0,8 м-ден кем боолмауы керек. Көліктің қозғалысы болмайтын жерде газ құбырының салыну тереңдігі 0,6 м құрайды. Бір орда екі немесе одан да көп газ құбырларын әр түрлі деңгейде орналастыруға рұқсат етіледі. Газ құбырын монтаждау немесе жөндеу кезінде жарықтан біршама қашықтықта орналасуы керек.
Газ құбыры жобадағы геометриялық орналасуы бойынша:айнымалы, тұйық, аралас болып келеді.

Жер үсті газ құбырының орналасуы.
Қазіргі кезде көбінесе жер асты,жер үсті,жартылай жер асты сұлбаларын қолданады. Жер үстілік төсеніштер әр түрлі тіреулермен тірелген жер үсті құбыр жабдықтары. Төсеніштің жер асты сұлбасы кең түрде қолданылады(98% жабдықталатын сызықтың бөлігін құрайды).
Жер үсті газ құбырын болат материалынан монтаждайды.Жер үсті газ құбырының автомобиль жолдарымен қиылысатын учаскесі портал деп аталады.
Жергілікті төсеніш сұлбасы құбырдың табаны күндізгі топырақпен деңгейлес болуымен сипатталады.Жергілікті төсеу жасаған … жалғасы