«Ғарыштан келген қонақтар» жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілік

0









«Ғарыштан келген қонақтар» жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілік

Автор: Мадешова Алуа Архабаевна

Бағыты: Балабақша Бөлімі: Ойындар, Сценарийлер Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Жарияланған уақыты: 2019-01-27


Материал туралы қысқаша түсінік

Материал ересек топтардың педагогтарына арналған. Ертеңгілік өте қызық, мазмұнды.




Мадешова Алуа Архабаевна«Тілек» бөбекжайыҚарағанды қаласы

Ғарыштан келген қонақтар / ересек топқа арналған сценарий/Тәрбиеші:Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,Он екіні күтер, қалмай, тағаттары.

Тәрбиеші:Ғасырдың он тоғызыншы жылы келді,Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары!

Елімнің пейіліне тарту етсін,Табиғат ашық аспан, таң шапағын!

Сағат соғылады. Жаңа жылдық түн мен жұлдызшалар ортаға шығады. Бірге би билейді. Түн: Жаңа жыл мерекесімен баршаңызды құттықтаймыз. Ғарыш әлемі сіздерге ыстық сәлемдерін жолдады. Ал, мынау менің кішкентай жұлдыздарым. Ғарыш әлемінен өзімізбен бірге сіздерге ертегі алып келдік.Егер жұлдыздың сиқырлы таяқшасына қолымызды тигізсек, оған жан бітіп бізге ертегі айтып береді. Жүргізуші: Түн, сенің осындай сиқырлы жұлдызшылырың үшін саған айтар алғыс айтамыз.

  • Ал балалар, оларды өзімізге қосамыз ба?

Бір бала жұлдызға қолын тигізеді. Сол кезде ертегі әуені орындалып, жұлдыз сөйлейді. 1-жұлдыз: Ой, мен қалай көп ұйықтағанмын. Барлықтарыңыз жиналып қалыпсыздар ғой. Мереке болып жатқан сияқты. Мені оятқандарыңыз үшін, сіздерге сиқырлы айнаны сыйға беремін. Сіздер айнаға қарағанда лезде ертегі басталады. Балалар айнаға қарағанда, Белоснежка пайда болады.Белоснежка:Жақында жаңа жыл басталады. Біз шыршамызды әлі безендірмедік. Гномдар неге кешігіп жатыр екен? Мүмкін боран олардың жолын жауып тастады ма екен?Боран шығады. Боран:Ақ боранмын бұрқақтаған,,аппақ қарды ұнтақтаған.Жолдың бәрін жабамын, Гномдарды адастырып,Уілдеп қатты соғамын. Белоснежка:Қаппп… Балалар, кішкентай гномдарға қалай көмектессем болады? Бізге жол тауып шыршаға келу үшін не істесем болады?Жүргізуші:Белоснежка, гномдарға көмектесу үшін балалар ән айтып береді. ӘН: Жаңа жыл /Б.Бейсенова/Гномдар кіреді. 1-Гном: Кайырлы күн! Белоснежка және барлық балалар! Сіздерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз!2-Гном: Кішкене кешіккеніміз үшін сіздерден кешірім сұраймыз. Боран орманның жолын жауып тастады. 3-Гном: Бірақ біз бораннан қорықпай, шыршаға әкелетін басқа жолды іздеп тауып алдық.4-Гном: Жасыл желек жамылған,Асыл моншақ тағылған,Miнe, сұлу шыршамыз.Көптен күтіп, сағынған,5-Гном: Қалып едік сағынып,Kүтіп алдық жабылып.Жолын қойдық жарық қып,Шыршаларға шам іліп6-Гном:Тамашаамаша!Шыршамыз тұр жараса.Басында әсем жұлдызыКөз тоймайды қараса. /Фонариктерін шыршаға ілгенде шыршаның шамын жағу/7-Гном: Міне, шыршаныңда әсем шамдары жанды. Белоснежка сенде бізбен бірге биле. Мерекемізді одан әрі жалғастырайық.БИ: Гномдар биіЖүргізуші: Міне, бірінші жұлдыздың ертегісі осымен аяқталды. Енді, көк жұлдыздың кезегі. Бір бала көк жұлдызды қолымен түртеді. Екінші жұлдыздың дауысы шығады. 2-жұлдыз: Мен көңілді жұлдызбын, жер жүзіне күлкі сыйлаймын. Мен сияқты күліп жүрсеңіздер, ертегіміз басталады. /балалар күледі, Петрушкалар кіреді/1-Петрушка: Бақша іші мереке,Ойын күлкі асқақ ән.Мына біздер жаңа кеп,Мерекені бастаған.2-Петрушка:С новым годом, друзья,Мы всех поздравляем.Улыбок веселых мы вам желаем.Пусть они на лицах всех сияют,Радость бесконечная вас не покидает!Би: Көңілді петрушкалар Жүргізуші:Рахмет сендерге!Балалар, алтын жұлдызды оятатын уақыт жетті.3-жұлдыз: Мен өте ерекше жұлдызбын. Көктем мезгілінде ғана көрінемін. Бірақ, меніңде жаңа жылды қарсы алғым келеді. Бүгінгі мерекеге өзіммен бірге періштелерімді алып келдім. Би: ПеріштелерЖүргізуші: Мен үнемі мұз қатып, боран соғып тұратын, солтүстік беткейде орналасқан жұлдызбын. Аяз Ата мен Ақшақар сол жерде тұрады. Қазір олар солтүстік ертегісін бастайды.Аяз ата мен Ақшақар ортаға шығады. Аяз ата: Уа, жұртым, жиналған.Көңілдерің дүр маржанАйналайын ұлдарданАйналайын қыздарданҚандай жарқын жүздеріңҚандай әсем жырларың.Асулармен алысқанАсау желмен жарысқанАталарың сендергеШаршап келді алыстан.Ойындар:Жүргізуші: Енді міне, мереке аяқталып, қоштасатын уақытта жетті. Бірақ, әр мерекенің соңында барлығымыз ғажайып сәттің болатынын білеміз. Ендеше, барлығымыз көзімізді жұмып, менімен бірге қайталайық.Аспандағы жұлдыздар,Сенен бір тілегім бар.Жаңа жылым келсін,Бізге сыйлық әкелсін.Көзімізді ашайық,Жаңа жылды қарсы алайық.

Жаңа жыл кіреді. СөзіАяз ата: Балалар, барлықтарың әнде айттыңдар, биде биледіңдер, ойында ойнадыңдар, мереке сонымен аяқталды. Бірақ, ең басты нәрсе қалды? Ол не? Әрине, сыйлықтар!Аяз ата мен ақшақар сыйлық таратады.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.