Галогендер

0

Д. И. Менделеевтің периодтық кестесінің 7 тобының негізгі топшасында — фтор, хлор, бром, йод және астат орналасқан. Осы элементтердің жалпы атауы — галогендер. Бұлардың барлығы бейметалдар. Яғни бұлар тоқты нашар өткізетің және металдық жылтыры жоқ химиялық элементтер.


Табиғатта галогендер жай зат ретінде, екі атомнан тұратын молекулалар түрінде кездеседі — F2, Cl2, Br2, I2.


Галогендердің агрегаттық күйлері


Фтор мен хлор газдық галогендер, бром сұйық галоген ал йод қатты кристаллдық зат.


Галогендердің қосылыстары


Ас тұзы, натрий мен хлордан құралған. Бұның формуласы NaCl. Бұл галогендердің ең танымал қосылысы.


Ас тұзы


Йодтың судағы ерітіндісі медицинада, жараланған жерді заралсыздандыру үшін қолданылады.


Фтордың қосылыстары тіс эмалінің құрамына еңеді. Сонымен қатар фтор — люминисценциялық қасиетке ие химиялық элемент. Фтордың тағы бір қолдану аясы, бұл ауыл шаруашылығында қолданылатың минералды тыңайтқыштарды жасау.


Галогендер ішінде хлор өнеркәсіпте және күнделікті тұрмыста кең қолданылатын химиялық элемент. Хлор мата (синтетикалық емес) мен қағазды ағарту үшін қолданылады. Сонымен қатар хлордың көмегімен суды заралсыздандырады.


Және бұл химиялық элементті әртүрлі пластмассаларды жасау үшін де пайдалынады.

Пән: Химия