Ғаламдық шикізат дағдарысы және ядролық қауіп

0

Өркениеттің дамуы әр түрлі ресурстарды айналымға тартудың тұрақты өсуімен сипатталады. Тарихи дамудың қай деңгейін алып қарасақ та, материалдық игіліктерді өндіру адам қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Өндіріс үдерісі бір уақытта тұтыну үдерісін де қамтиды. Өндіріс пен тұтынуға жұмсалған адам күші өндірістік күш деп саналды. Өндіріс үдерісі барысында экономикалық немесе өндірістік қатынастар қалыптасады. Өндіріс күштері мен өндірістік қатынастар тұрақты динамикада болады. Өндірістің кез келген жүйесінде қоғамның табиғатқа деген қарым-қатынасы анықталады. Табиғат сыйы табиғат ресурсына айналады, яғни ол ресурс табиғи ортадан алынғаннан кейін материалдық өндірістің әр түрлі салалары үшін шикізат көзі болып табылады. Табиғи ресурстар кез келген мемлекеттің экономикасында маңызды рөл атқарады. Табиғи ресурстармен қамтамасыз ету кез келген мемлекеттің экономикалық жағдайын сипаттайтын маңызды экономикалық көрсеткіштердің бірі. Еңбек ресурстары және капиталмен қатар, табиғи рееурстар өндіріс факторы болып табылады. Табиғи ресурстардың жетіспеушілігі, болмауы немесе сапасының төмендігі басқа ресурс шығындарының артуына алып келеді. Өндірістік салада ресурс, шикізат және материалдар жоғары көлемде тұтынылады.

Адам баласында кездесетін маңызды күрделі мәселелердің бірі — табиғат ресурстарының шектеулілігі. Адам баласы шаруашылық қызметтерін жүзеге асыру үшін табиғи ресурстарды жиі пайдаланады, осының нәтижесінде мекен ету ортасының сапасы төмендейді. Барлық ресурстардың жалпыға ортақ қасиеті бар: олар сирек кездеседі немесе саны шектеулі. Ал қоғамның қажеттілігі шексіз, толық қанағаттандырылмайды. Шаруашылық жүйелердің қалыптасуының маңызды көрсеткіші — табиғат сыйымдылығы. Табиғат сыйымдылығының шамасы «табиғи ресурстар — шикізат материал — дайын өнімді» біріктіретін барлық тізбектегі табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігіне тәуелді. Егер XIX ғасырда шаруашылық өшрдегі табиғи-ресурстық негізді өңделген жер, орман, басқа да кендер (мыс, темір, алтын, күміс) қүраса, онда XX ғасырдың басында көмір мен темір кендерін өндіру алдыңғы орынға көтерілді. XX ғасырда минералдық-шикізат базасы маңызды өзгеріске ұшырады. Ол табиғи ресурстар түрлерін пайдалану көлемімен және түрлерінің артуымен, пайдалы қазбалардың жаңа руда (алюминий, никель, хром, марганец, ванадий, вольфрам, молибден және т.б.), руда емес (фосфорит, калий тұзы, графит, т.б) кен орындарын игерумен сипатталды.

Біздің планетадағы минералдық ресурстардың таралуы геологиялық зандылықтарға бағынады. Отын пайдалы қазбалар көмір (барлығы 3,6 млн) және мұнай-газ (300) бассейндерінде шоғырланған. Бүл пайдалы қазбалар шөгінді тау жыныстарынан тұрады және кобіне ескі платформалар мен олардың ішкі өлкелік ойпатына да тікелей байланысты.

Отын минералдық ресурстардың ішінде алдыңғы орында көмір ресурсы тұр. Ол жыл сайын Әлемдік энергетикалық конференцияның сессиясында жоғары дәрежеде бағаланады. Әлемдік энергетикалық конференция — қазіргі таңда 80 елді біріктіретін, 1924 жылы құрылған әлемдегі энергетикалық мәселелер жөніндегі үкіметгік емес ұйым (кейін бұл ұйым Әлемдік энергетикалық кеңес деп өзгертілді). Көмір ресурстарына соңғы баға 1984 жылы Халықаралық геологиялық конгресте берілді. Соған сәйкес, әлемдегі көмір ресурстары 14810 млрд т, оның 60%-ы таскөмір (9440 млрд т) үлесіне, 40%-ы қоңыр комір (5370 млрд т) үлесіне тиесілі. Барланған қорлардың үлесі 8% (1239 млрд т). Комір қорларының географиялық талдаулары корсеткендей, әлемдік көмір ресурстарының басым бөлігі 10 маңызды бассейнге шоғырланған.

Мүнай мен табиғи газ кен орындарының ішінде 500 млн тоннадан астам қоры бар ірі кен орындарының маңызы айтарлықтай жоғары. Мүндай бірегей мұнай кен орындарының саны әлем бойынша 50. Оның жартысына жуығы Таяу және Орта Шығыста орналасқан. Әлемдегі ірі газ орындары 20-ға жуық деп есептелінгенімен, әлемдік қорлардың 70%-ға жуығын құрайды. Мұндай кен орындары ТМД елдерінде орналасқан.

Руда пайдалы қазбалары көне платформалар немесе қалқандардьщ іргетастарьшда, сондай-ақ қатпарлы жерлерде кездеседі. Мүндай облыстарда олар кен белдеулерінің үлкен аралықтарын қамтиды. Осындай белдеуде орналасқан елдерде тау-кен өнерқәсібін дамыту қолайлы.

«Темір рудасы» белдеуі Бразилия, Мавритания, Мали, Либерия, Гвинея, Кот-д’Ивуар, Того, Бения, Нигерия, сонымен қатар, Үндістан елдерін қамтиды. Одан басқа, темір кенінің қорлары Ресей (Орал, Шығыс Сібір), Қазақстан, Украина, Канада, АҚШ, Австралия, ОАР, Қытай, Швеция, Францияда да кездеседі.

«Мыс» белдеуі Кордильер және Андтан бастап, Канада, АҚШ, Мексиканы қамтып, Орталық Америка елдеріне, Колумбия, Эквадор, Чили, Перуге қарай созылған. Еуразияда «мыс» белдеуі Норвегия, Финляндия, Полына, Ресей, Венгрия, Румыния, Болгария, Греция, Түркия, Ливан, Израиль, Сирия, Иордания, Иран, Ауғанстан, Пэкістан, Қытай, Үндістан мемлекеттері мен Жерорта теңізіне дейінгі аралықгы қамти отырып, Баренц жағалауынан бастап, Гималайға дейін созылған. Африкалық континеште «мыс» белдеуі Танганьика өзенінен бастап, Заир, Зимбабве, Замбия, Ботсван, ОАР-ды, Оранжевая өзеніне дейінгі аралықты қамтыған. Мыс кендерінің ірі қорлары Австралияда кездеседі.

«Қалайы» белдеуі Тынық мұхиты жағалауынан басталып, Еуразия мен Австралия, Ресей, Корея, Қытай, Лаос, Въетнам, Мьянму, Тайланд, Малайзия, Индонезияға қарай жайылған. Ірі қалайы кен орындары Боливия мен Нигерияда да бар.

Алюминий кендері Австралия, Франция, Ресей, Венгрия, Қытай, Хорватия, Босния, Бразилия, Ямайка, Суринам мен Гайанада табылған.

Руда емес пайдалы қазбалар да жер бетінде кеңінен таралған, әсіресе әр түрлі тұздар (Конго, Ресей, Украина, АҚШ, Канада), апатиттер мен фосфориттер (АҚШ, Ресей, Вьетнам, ОАР, Алжир, Тунис, Марокко, Того, Египет, Иордания), күкірт (Мексика, Ресей, Тәжікстан) жэне басқалары. Олар жердің платформалық және қатпарлы жерлерімен ұштастырылған.

Шаруашылыққа игеру үшін ірі аумақтық-өндірістік кешен құруда пайдалы қазбаларды аймақтық үйлестірудің тиімділігі жоғары. Қазіргі уақытта пайдалы қазбаларды іздеу «терең» және «кеңінен» жүргізілуде. «Терең» бағыттар Батыс Еуропаны, АҚШ-ты, Ресейдің еуропалық бөлігін қамтиды, себебі мұнда жер қыртысьшың жоғарғы қабатында орналасқан көптеген кен орындары мен бассейндері бар. Пайдалы қазбаларды іздеу және өндірудің «кең» бағыты Ресейдің азиялық бөлігін, Канада, Австралия, Бразилияны қамтиды, мүнда минералдық ресурстарды игеру жақында басталды. Сондай-ақ, бұл жерде «терең» бағытгағы елдерге қарағанда, тау-геологиялық өндіру жағдайы қолайлы.

Ғаламдық шикізат дағдарысы пайдалы қазбаларды ғана емес, ресурстардың басқа да түрлерін пайдаланумен байланысты жағдайды талдауды талап етеді. Орман ресурстары жер бетіндегі биологиялық ресурстардың елеулі үлесін қамтиды және ол қайта қалпына келетін, бірақ таусылатын ресурс қорына жатады. Орман ресурстары әлемнің орман қоры ауданымен және ағаш қорларымен сипатталады.

Әлемдегі ірі орман ресурстарына бай елге Латын Америкасы, ал орман ресурсы жоқ кедей елге Австралия жатады. Ормаң ауданыньщ ауқымдылығы жағынан Ресей, Бразилия, Канада, АҚШ, Қытай, Индонезия да алдыңғы орындарда.

Қазігі уақытта планетадағы жасыл жамылғыларға үлкен қауіптер төніп тұр; оның ауданы едәуір қысқарған, әсіресе мұндай құбылыс оңтүстік белдеуде қатты байқалуда. Орталық Америка, Кариб бассейндері, Оңтүстік-Шығыс Азия және Батыс Африка елдерінде де бұл үдеріс жоғары қарқынмен сипатталады.

Орман байлығын сақтау ғаламдық мәселе шеңберінде қарастырылуда жэне ол халықаралық ынтымақтастық шегінде шешілуі керек. Әлемдегі орман ресурстарын сақтау мақсатында БҰҰ Табиғат қорғаудың халықаралық стратегиясы халықаралық құжатын қабылдады.

Планета табиғаты адамзат баласы үшін тауарлар мен қызметтерді өндірудің табиғи-ресурстық көзі ғана емес, тікелей мағынада ресурс болып табылмайтын, бірақ адам өмірі үшін маңызды қажеттілігі бар табиғат игілігі болып табылады. Егер табиғи ресурстар қүндылығьш ақшалай нысанмен анықтап, бейнелейтін болсақ, онда ол өндірілген тауар мен қызметтер қүнына кірер еді, ал таза ауа, су ағыстары, табиғи ландшафттар, экожүйе, табиғи кешендердің құнын ақшалай эквивалентте бағалау мүмкін емес, сондықтан бұл ресурстардың құны шексіз деп саналады.

Адамзат тарихында соғыс пен әлеуметтік-этникалық дау-жанжалдар жиі болып тұрған. Әр түрлі зерттеулер барысы көрсеткендей, соңғы бес мыңжылдықта 15 мың әскери дау-жанжал орын алған. Бірақ адамзат баласының тарихында маңызды сипатқа ие болған ірі оқиғалар — XX ғасырдың алғашқы жартысындағы Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстар. Әрбір соғыстан кейін әлем толық қирау салдарынан бұрынғысына қарағанда көптеген өзгерістерге ұшырайды. Соғысты жүргізу технологиясы да жылдан-жылға жетілдіріліп, енді әлемді жаппай қыратын қару түрлері де көбеюде. Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан әскери азаматтармен салыстырғанда зардап шегіп, өлген халық саны 1/20-ға тең болса, Екінші дүниежүзілік соғыста тепе-теңдік сипат алды.

Қазіргі таңда, жетілдірілген қаруды қолдану барысында осындай арақатынас 100/1 деңгейінде болады, яғни-мәні бойынша мүндай соғыстар бейбіт халыққа қарсы жүргізіледі. Олай болса, қазіргі соғыс бүкіл адамзаттың ғаламдық мәселесіне айналады.

Ғаламдану жағдайында әлемде қуатты қарулар жылдам қарқынмен артты. Бүгінде ядролық қарудың күші бүрьшғы соғыс кезінде қолданылған мыңдаған қаруларды басып озады.

Әлемнің әр мемлекетінде ядролық зарядтар сақталуда, олардың қуаттылығы Хиросима мен Семей сынақ алаңына тасталынған қарудан бірнеше миллион есе асып түседі. 1945 жылы әлемде 2000-нан астам ядролық сынақ болған. Соньщ ішінде 468 ядролық жарылыс Семей ядролық полигонында, оның ішінде 125 жарылыс — жер бетінде және әуеде өткізілсе, 340 — жер астында сынақтан өткізілген. Көптеген жерасты жарылыстары атмосфераны радиоактивті ластануға ұшыратты. Семей ядролық сынақ полигонында ядролық қаруды сынағаннан басқа, «әлемдік мақсаттағы» әр түрлі ядролық емес жарылыстарды сынау үшін үш ядролық зерттеу реакторы орналастырылған болатын.

Семей ядролық сынақ полигоны Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтың Жарлығымен 1991 жылы 29 тамызда ресми түрде жабылды. Бүгінде Қазақстан Республикасы ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан бірінші және бірегей мемлекет. Дегенмен, полигон аумағы және оған жақын орналасқан аймақтардың қоршаған ортасы радиоактивті қалдықтармен күшті ластанғандықтан, әлі күнге дейін зардабын шегіп отыр. Қауіп төнген аумақ ауданы 304 000 км2. Мұнда 1,7 млн адам өмір сүреді. Қоршаған ортаның ластануынан жергілікті тұрғындардың денсаулықтарына үлкен қауіптер әлі күнге дейін төнуде.

Гуманитарлық мәселелер бойынша тәуелсіз комиссияның баяндамасында қару-жарақты жаппай шығару адамның физикалық тіршілік етуіне қауіп төндіріп қана қоймай, адамзаттың өмір сүру идеясына қарсы жүретіні айтылды. 1 трлн доллар жыл сайын әскери мақсаттарға жұмсалады, бүл дамушы елдердің дамыған елдердегі қарыздарымен бірдей шамада.

Әлем байлығы барлық адамзат баласының қажетгіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті ресурстарды шығару мүмкіндігіне емес, керісінше, қоғам үшін пайдасыз қару-жарақты шығаруға негізделген.

Қару-жарақты жаппай шығару мен соғыстардың әлеуметтік және экологиялық салдарын болжамдау мүмкін емес. Әлем елдерінің қарулы күштерінің іс-әрекеттері, қару түрлеріне әр түрлі сынақтар жүргізу, ескі қару-жарақтарды жоюға жерлерді, акваторияны, ауа кеңестіктерін пайдаланумен байланысты әр түрлі экологиялық мәселелер туындайды.

Биосфераның Әскери-өнеркәсіптік кешен (ӘӨК) кәсіпорындарының зиянды қоспаларымен ластануы және қоршаған ортаға радиоактивті қалдықтарды (РАҚ) көму және жою мәселелері осы күнге дейін шешімін таппай отыр. Дамыған елдер РАҚ-ты дамып жатқан елдерге сақтауға немесе Әлемдік мұхиттағы елсіз аралға және теңіздің түбіне комуге тырысады. Мысалы, Жаңа Жерге РАҚ~ы бар 11 мың контейнер, атомдық су астындағы қайықтардың 15 апаттық реакторы және «Ленин» ледоколы батып кеткен. Контейнерлердің материалдары тозуға ұшырайтындықтан, қауіпсіздік шаралары толық қарастырылмаған: металл -10 жылдан кейін, ал бетон -30 жыл аралығында бүлінеді.

Биосфера элементтерін радиоактивті ластануға ұшырататын маңызды факторлардың бірі — жүргізілетін ядролық сынаулар. Әлемде ядролық қару-жарақтың 2000-нан аса сынағы өткізілген, оның ішіндегі 500 сынақ атмосферада болған. Осы жарылыстың салдарынан қоршаған ортаға 137 радиоактивті цезий, 90 стронций және басқа да элементтердің миллиондаған кюрилері шығарылған.

Қоршаған ортаның радиоактивті ластануымен қатар жүретін ең қауіпті жағдай — ядролық соғыс. Жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, егер де ядролық соғыс барысында ядролық соққыға әлемнің ең ірі қалалары ұшыраған жағдайда, онда Жердің үлкен кеңістіктерін айлар бойы қараңғылық басады. Күн сэулесі өрт салдарынан шыққан күйе болшектері негізінде пайда болған алып бүлттардан шыға алмайды. Кейбір аймақтарда орташа температура Цельсия шкаласы бойынша бірнеше он градусқа, яғни су қату нүктесінен төмен түсуі мүмкін. Мұндай апат ауыл шаруашылығына ықпал ете отырып, әлемді ірі экологиялық апатқа үшыратады.

Ядролық соққы климаттың өзгерістерін туындатып қана қоймай, ірі көлемді талқандаушылыққа, радиоактивті жауын-шашынның болуына, энергия жабдықтау мен байланыстың жүйеден шығуына, атмосфераның озон қабатының жүқаруына, улы заттар мен газдардың үлкен көлемде шығу салдарынан ауа мен судың ластануына алып келеді.

Ядролық соғыстан табиғи орта мен қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымы толығымен өзгеріске ұшырайды. Осының салдарынан қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымының өзгеру себептері көп факторлы: яғни радиоактивті ластанудан бастап, ультракүлгін сәулелену, төмен температура, ашаршылық және жер бетінде мемлекеттің толыққанды жойылып кетуіне әкеліп соқтырады. Бұдан шығатын қорытынды мынадай: «ғаламдық ядролық соғыста жеңімпаздар болмайды және оның салдарынан ешкім қашып құтыла алмайды».

Қазіргі жағдайда қарусыздану және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері арасында тығыз байланыс бар. Барлық халықтың өмірлік мүдделері қару-жарақты жаппай шығаруды тоқтату, әскери мақсаттарға жүмсалатын ресурстарды бейбіт қажеттіліктерге, барлық елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоршаған ортаны қорғауға бағыттауды талап етеді. Осының барысында, әлемде шаруашылық өсу қарқындылығы қосымша 1 -2%-ға өсер еді.

Егер БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің түрақты мүшелері (АҚШ, Ресей, Франция, Қытай және Ұлыбритания) өздерінің әскери шығындарын 10%-ға қысқартса, онда бірқатар басқа да мәселелерді шешуге болады. Мамандардың пікірлері бойынша, 100 млрд долларға 100 млн адам тұруға ыңғайлы 20 млн пәтер немесе 6 млн төсек-орынмен жабдықталған 100 мың аурухана салуға болады. Азия, Африка және Латын Америкасының қалалары мен ауылдарында 1,2 млрд адамды ауызсумен қамтамасыз ету үшін 3 млрд доллар қажет. Бүкіл әлемде безгек ауруын жою бағдарламасын жүзеге асыру үшін 450 млн доллар қажет.

Бірақ әлемде жинақталған қару-жарақтар саны жоғары, ал оларды жою үдерісі ұзақ жылдарды қамтиды. Ядролық қару-жарақты жою бағдарламасы да экологиялық тұрғыдан маңызды болып табылады. Осы мәселелерді шешу үшін экологиялық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету шаралары жан-жақты сақталуы тиіс.

Пайдаланылған әдебиеттер: Мұхажанова Н.А., Жаһандық экология: — Алматы: 2011. -172 бет.