Ғабит Мүсірепов — ұлы дарын иесі ашық сабақ — Ашық сабақтар
Ә. Жангелдин орта мектебі
Ғ. Мүсірепов — ұлы дарын иесі
Аналар тақырыбындағы әңгімелері бойынша
оқырмандар конференциясы
(сыныптан тыс)
Өткізген: Бигелдинова Ж.Қ.
І. Сабақтың тақырыбы:
Ғ. Мүсіреповтың аналар тақырыбындағы әңгімелері
ІІ. Сабақтың мақсаты;
Оқушылардың Ғ. Мүсірепов шығармашылығына деген қызығушылығын ояту;
т) Оқушыларды көркем әдеби шығармаларды оқып, талдай білуге, аналарды құрметтей білуге тәрбиелеу.
д) Оқушыларды өз ойын жүйелі жеткізе білуге дағдыландыру
ІІІ. Сабақтың түрі : конференция сабақ.
ІҮ. Әдісі:
Сөз, баяндау, сұрақ-жауап
Ү. Көркемділігі: Интербелсенді тақта, Ғ. Мүсірепов шығармалар жинағы
Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру бөлімі
І. Кіріспе.
ІІ. Баяндама. Ғабит Мүсірепов — ұлы дарын иесі. Оқитын Нұрсултанова
ІІІ. Ғ. Мүсіреповтың аналар тақырыбындағы әңгімелері
1. «Адамның анасы»
2. «Ана кесімі айнымайды»
3. «Өлімді жеңген ана»
4. «Ер ана»
5. «Ананың арашасы»
6. «Ананың анасы»
7. «Ашынған ана»
8. «Ақлима»
ІҮ. Викториналық сұрақтар.
1. “Адамның анасы” әңгімесінің негізгі тақырыбы қандай?
2. Жазушының өз өмірі жайлы жазылған шығармасы қалай аталады?
3. “Ананың анасы” әңгімесінің негізгі кейіпкерлері кімдер?
4. “Жапон балладасы” әңгімесі қандай бөлімдерден тұрады?
5. С.Сейфуллин туралы жазылған шығармасы қалай аталады?
6. Әйелдер тақырыбындағы ең көлемді туындысы қандай?
Бекіту:
Ү. а) Анаға қандай қасиеттер тән?
б) Өз аналарыңа қандай тілек айтасыңдар?
в) Бүгінгі сабақтан қандай ой түйдіңдер?
Қорыту:
Жақсы жар, ақылды ана, қадірлі әйел болуды Ұлпаннан үйрен.
(Ғ. Мүсірепов)
Мүсірепов болса, қашан да таңдануға лайық тұлға
( Ә. Нүрпейісов )
Мүсіреповті мақтаудың керегі жоқ, Мүсіреповпен мақтану керек.
(З. Қабдолов)