Ғ.Мүсіреповтің повестері | туралы қазақша

0

Мүсірепов шығармашылығының көрнікті бір саласы – повестер. «Тулаған толқында» (1928), «Көк үйдегі көршілер» (1929), «Өмір ертегісі» (1930), «Алғашқы адымдар» (1932), «Үздіксіз өсу» (1934), «Туннель» (1935), «Жайлау жолында» (1936), «Тұтқын қыз» (1938) повестерінде ол Қызыл революциясы туындағы, еліміздегі азамат соғысы жыладырындағы, Қазақстандағы коллективтендірі кезіндегі халық басынан кешкен дүбірлі оқиғаларды баяндап берді. Оның «Кездеспей кеткен бір бейне» (1966) повесі – классикалық шығарма. Бұл повесте жазушы азаматтық ерлікті, адамгершілік биіктікті, ақындық асыл өнерді, мәңгі сөнбес махаббатты суреткерлік үлкен шеберлікті бейнелеп берді. Мүсірепов шығармашылық жолындағы көрнекті шығармалары. «Тулаған толқында» хикаятында 1916 жылғы дүрбелең кезіндегі ауыл тіршілігі, әйел тағдыры, кейінгі азамат соғысының көрініс бейнеленсе, «Қос шалқар», «Көк үйдегі көршілер», «Алғашқы адымдарда» еңбекші халықтың сана-сезімінің өзгергендігі суреттеледі. Ғ.Мүсіреповке тән шеберлікпен жазылған алғашқы әңгіме – «Қос шалқар» (1928). Әңгімеші-жазушы Қос шалқардың қойнауында екі түрлі өмірдің көргенін, екі түрлі сезімді басынан кешіргенін тебірене баяндайды. Қос шалқардың қойнауында өскен сәби көз алдындағы кең өмірді құшақ жая құшуға дайын еді. Айналасы бақыт бақшасындай рахатқа, шаттыққа шақырғандай елестейтін. Бірақ Қос шалқармен – шын өмірмен тұңғыш түйіскенде бала көңілі құлазып, қатты қиналады. Барлық бояуы өшіп, мұнарланып, бақыт бесігіне балаған Қос шалқар қапырық зындандай дем алғызбай, тұншықтырып жібере жаздайды. Өйткені оның көз алдындағы Қос шалқар қиянатшыл екен, қойнауында – «Қосын байдың босағасында қабақтары қатыңқы, көңілдері кірбіткі үмітсіз өкініш» бар. Қалың қауды шапқан жігіттердің дауысы нәрестелердің шыңғыруымен ұласып, тым ащы шығып жатады. Шыбыртқы арқаларына емес, жандарына «шып-шып» тигендей. Есейген шағында туған өлкесіне қайта оралған әңгімеші-жазушы Қос шалқардың өзі де, оны жайлаған жандардың да өзгергеніне куә боп, өмірдің бір шиеленіскен түйініне бойлағандай болады – көңіліне бір әсем жылылық ұялайды. Лирикалық сезіммен көмкерілген «Қос шалқар» қазаө әңгімесінің алғашқы таңдаулы үлгілерінің бірі саналады.«Талпақ танаудың» (1933) астарлы ойы мен сюжет ағымы кейіпкерлердің сезім қылын шертіп, әдемі күлкі, әсем әзіл арқылы аңғарылады. Түйе жеккен арбамен «іркілдеп» жеткен екі шошқа, әй, жақсылықтың белгісі емес-ау! Сондықтан да ауыл жігіттері жаңа пәлеге «жақындамай, алысырақ иіріліп тұрып» осқырына қарайды. «Кәпірдің» түр-тұрпаты еркін өскен кең даланың перзенттеріне тым жат, тым өрескел көрінеді. Төрт түлігі мыңғырған елге « бауыры толған қаз-қатар емшек» «малдан гөрі итке ұқсайтын бесінші түлік жат-ақ. Ақыры ауылдың бір ақсақалын зорлықпен екі шошқаның соңына салады… Осы терең сырды ауыл жігеттері алғаш көргеннен-ақ «аузы малға ұқсамайтын талпақ танауды» деп басталатын әзіл-күлкімен, мінеп- шенеумен байқатады. Әңгіме жолдарынан төлігіп тұрған әсем күлкі, әдемі қалжың, ойнақы әжуа оқушы көңіліне бірден ұялайды, ерксіз езу тартқызады, күлдіреді.1933 жылы қиянат пен қисық сынға ұшыратқан әйгілі «Шұғыла» атты әңгімесін жариялады. Аштықтың өзін тікелей суреттей алмағанмен, кеселге себепші болған – жоғарыдағы адуын күшті партия басшылығын ашық әшкерелей алмағанмен, қалың елді тып-типыл қылған қара дауылдың зардабын, «жын-ойнағын» анық байқатады. Надан, пасық басшылардың, «төиенше өкілдердің», ұрлықшы белсенділердің момын ауылға, бейшара елге бүйідей тигенін, бір құлқыны үшін ігрелі жұртты тоз-тоз еткенін тайға таңба басқандай бейнелеп береді. Ғ.Мүсіреповтың 1950-1970 жылдары жазған «Автобиографиялық әңгіме», «Сөз жоқ, соның іздері», «Өмір жорығы», «Қаз қалпында», «Айгүл қойшының бір күні», «Жапон балладасы» сияқты әңгімелері күллі оқырман қауымының назарын аударды.Ғ. Мүсіреповтің бұдан кейінгі жазған екі әңгімесі — «Көк үйдегі көршілер» (1929), «Күсен» (1930) де осы тақырыптың жалғасы іспетті болып келеді. Онда да қазақ ауылындағы колхоздастыру кезіндегі қиыншылық, таптық талас-тартыс әңгіме болады. Ғ. Мүсірепов 1932 жылы «Бір адым кейін, екі адым ілгері» атты әңгімесін жазды. Онда да таптық күрес, астыртын әрекеттер, ауылдың бай-кедей болып бөлінуі, жаңа заманға өткен қоғам өкілдерінің риза болмай, қарсы тұруы суреттеледі. Әңгіменің басты кейіпкерлері — колхоз бастығы Рамазан мен оның орынбасары Жанғалилар өз туыстарын ғана колхозға тартып, рушылдықты қоздырады. Ал Сүгір молда мен Есентай сияқты өткен қоғам өкілдері астыртын әрекет жасап, колхоздың қоймасын өртеп, асыл тұқымды малдарын өлтіру арқылы жаулық әрекет жасайды.Бұның бәрі жазушы ойлап тапқан оқиға сюжеті емес, 1930 жылдардағы ұжымдастыру кезеңіндегі өмір шындығы екені даусыз. Себебі бір қоғамдық құрылыс өзгеріп, оның орнына жаңа қоғам келгенде адамдардың идеялық талас-тартысының болуы, ескі мен жаңаның күресі табиғи заңды кұбылыс, өмір шындығы еді. Жазушы осы адамдар санасындағы болған өзгерістерді суреттеп отыр.Жазушының адамдардың идеялық көзқарас өзгешеліктерін дөп басьш, шебер суреттеген әңгімесі «Талпақ танау» (1934). Бұл әңгімеде де қазақ ауылындағы колхоздастыру кезеңінің шындығы баяндалған. Онда еңбекшілерді ұжымдастыру мәселесіне байланысты колхоз төрағасы Сәденнің көрші совхоздан шошқа сатып әкеліп, бесінші түлікті өсіруі, қазақ ауылына жаңа әкелінген бесінші түлікті қазақ шалы Есеннің бағуы, ауыл адамдарының оған шошына, жиіркене қарауын суреттеу арқылы адамдар психологиясында орын алған ескі түсінік пен жаңа көзқарастың қақтығысы сипатталады.Отызыншы жылдардың орта шенінде жазушыны М. Горькийдің ана тақырыбына жазған романтикалық әңгімелері қызықтырады. Гуманист жазушы М. Горькийдің адам деген ардақты атты жоғары бағалауы, өмірге рух себуші, тіршілік иесі аналардың қоғамдағы рөлі Ғ. Мүсіреповке үлкен ой салды. Ол М. Горькийдің «Адамның анасы» және «Өлімді жеңген ана» атты екі новелласын аударып, өзі де «Ананың анасы», «Ашынған ана>>, «Ананың арашасы (1934), «Ер ана» (1942), «Ақлима» (1944) атты әңгімелерін жазды.«Ананың анасы» (1934) атты әңгімесінің мазмұны ел арасына кең тараған аңыздан алынған. Мұнда елді шауып, жазықсыз жас қызды зорлап алып бара жатқан батырды қыз анасының сөзбен тоқтатып, жеңгені, сөйтіп, оның қызын жау қолынан азат етуі баяндалған. Шығарманың мазмұны, Әйтілес ақсақалдың «етектей сақалын балуан саусақтарымен салалап тарап» қойып өткен өмір оқиғасын баяндауынан басталады. Әңгімеде намысқа шабар білегі, әділетті таныр жүрегі бар, бірақ ел әкімдерінің алдауына түскен аңғал батыр Жалпақ балуанның Бала бидің қолшоқпары болуы, жүрегін жарып шыққан қызының тағдырына шырылдап арашашы бола білген абзал ананың өжеттігі айтылады.«Ашынған ана» (1934) әңгімесі 1916 жылғы ұлт-азаттық; қозғалысына арналған. Жалғыз баласының жасын асырып жазып, майданға қара жұмысқа жібермек болған болыс пен оның қолшоқпары Қарасақалға Қапияның пышақ салып, түрмеге түсуі, онда 17 ай отырып, ақыры оны большевиктердің түрмеден босатуы баяндалады. Жазушының суреттеуінше, қиыншылық пен зорлық-зомбылықты көп көріп, азап шеккен: «… Өмір өзін сондай сіліккен. Қазір бұл сондай орасан күшті. Енді өмірді өзі сілкуге жарап қалған қайратты ана…»Ал Ғ. Мүсіреповтің «Ананың арашасы» (1934) атты әңгімесінде Антоновтың ақ бандыларының қазақ ауылына ат ойнатып, жазықсыз жандарды атып-асуы, Нағиманы «большевик балаңды тауып бер» деп соққыға жығуы, ананың жан азабына шыдап бағып, ақтар армиясының солдаттарының шымбайына батар сөз айтып, солдаттарды өз командиріне қарсы қоюы, ақыры олардың Антоновты өлтіріп, Қызыл Армияға қосылуымен аяқталады.Ақтар армиясының бандыларының жауыздығын жазушы былайша суреттейді: «… Ана арқасында қайыс қамшы жыландай жүйткіп жүр… Арашаға жарай алмаған ауыл ұятына тұншыққандай тым-тырыс… Тек отыз өрім қамшы ғана әйел арқасында жыландай ысылдайды. Анада үн жоқ. Асыл жігер мен өктем куш теке- тіресіп кездесе қалып, біріне-бірі тізе бүгер емес. Қара көк жапырақты ақ көйлек қызыл қанға айналып, арқа жағы тілім- тілім болып кетті. Қанға боялған қамшы ана денесінің ашынған жерлерін иіскеп табатындай жанға батар жеріне дәл-дәл тиеді. Қамшы сарт етіп қалғанда, ана көзінен от ұшқыны да жалт ете қалады. Сіресіп қалғандай табан аудармай, кек кернеген ана да тұр, мың сұрауына бір жауап ала алмай ызаға булығып Антонов та тұр. Ана тістері тіл қақпасын тас бекітіп тастапты… Бұдан әрі өжет ана Антоновтың адамгершіліктен жұрдай жауыздығын бетіне басып, өршелене түседі.Жазушы қара күштің ана жүрегін мойыта алмағанын суреттеу арқылы «Ана алдында өлім де мойын ұсынады. Өлімді өмір жеңеді» дегенді бейнелеп беріп отыр.Ғ. Мүсірепов Ұлы Отан соғысы жылдарында да ана тақырыбына қайта оралып, екі әңгіме жазды. Оның бірі —«Ер ана» (1942). Онда жау уақытша басып алған селода ауру немересімен қалған Наталья ананың партизандар көмген минаны жарып, неміс офицерлері орналасқан мектеп үйін өртеп, ормандағы партизандарға қосылуы суреттеледі. Ал «Ақлима» (1944) әңгімесінде жалғыз ұлы соғыста ерлікпен өлген ананың майданнан мүгедек болып оралған Сапар деген жігітті асырап алып күтуі, оны өз баласы Қасымнан кем көрмеуі баяндалады.

#ҒМүсіреповтің #повестері