Ғ. Мүсірепов «Оянған өлке» романы туралы қазақша

0
115

«Оянған өлке» — қазақ прозасының алғашқы шығармаларындай емес, эпикалык кең ауқымда жазылған туынды, қазақ прозасының кемелденген кезінде дүниеге келген роман. Сондықтан мұнда автор бейнесін жасауда болсын, баяндау тәсілдерін қолдануда болсын, бұрынғы бардары толықтырылып, оның үстіне жаңалары қолданыс табады. Автор оқиғаны үшінші жақта эпикалық туындыға тән объективті тұрғыдан баяндайды. Ол оқиға өрбитін мекен мен кейіпкерлерді ішіне кірмей алыстан, белгілі бір нүктеден қарап таныстырады. Автор өзін білдірмейтін сияқты, бірақ оның тыныс-демі, үні алғашқы сөз қолданыстардан-ақ белгі береді: «Бірінен-бірі іргесін айыра алмайтын дос ағайындарға, бір ғана бұлақтың басына шық тисе қонып жатыр…

Абайлап қарасаңыз, портреттерді беру тәсілдерінің өзі басқаша. Жұманның портретін оның бет-әлпетін түгел сипаттау арқылы жасаса, Игіліктің бет-әлпетін сипаттауға бір сөйлемнің жартысы ғана жұмсалған (бір эпитет қана). Есесіне кейіпкердің қимыл-козғалысының, іс-әрекетінің кейбір ерекшеліктерін сипаттау арқылы оның кандай адам екені толық ашылады. Алғашқысында кейіпкердің бет-әлпетін толық сипаттау оның жағымсыз бітім-болмысын ашуға қажет болса, соңғысында кейіпкердің қандай құдірет иесі екенін таныту керек болды. Сол үшін автор кейіпкер портретіне тікелей қатысы жоқ, жанама жайларды айтып кетеді. Бұл жолда Мүсірепов тіпті бейтарап халден ауыткып, өзінің ішкі субьективтік қатынасын білдіруге дейін (соңғы сөйлем арқылы) барады.

#Мүсірепов #Оянған #өлке #романы