Францияның экономикалық дамуы | туралы қазақша

0

XIX ғасырдың 70-жылдарына дейін Франция өзінің өнеркәсіптік дамуы жөнінен тек Англиядан ғана артта болып, дүние жүзінде екінші орын алды. Франция Пруссия соғысынан кейін Францияның өнеркәсіптік даму қарқыны бәсеңдей бастады. Өнеркәсіптік даму қарқындарының бәсеңдеуіне төмендегі жағдайлар себеп болды: біріншіден, кедейленген ұсақ және орта шаруалар өнеркәсіп товарларын аз сатып алатын болды, бұл ішкі рынокты тарылтты, екіншіден, Лотарингия рудасының бай кендерін Франциядан Германия бөліп алып қойды, Францияға көмір жетпеді, ақырында, Франция қысқа мерзімнің ішінде Германияға 5 млрд. франк контрибуция төледі.

Капиталдың шетке шығарылуы. Өнеркәсіптің дамуына көбінесе кедергі болған нәрсе француз буржуазиясы өзінің капиталын өз отанындағы өнеркісіп орындарына жұмсамай, капиталының мейілінше көп бөлігін шетелге, пайда көбірек түсетін, өте артта қалған мемлекеттерге орналастыруды артық көрді. Капиталдың шетелге шығарылуы француз өнеркісібін қаржыдан құр қалдыра берді. XIX ғасырдың ақырында және XX ғасырдың басында капитал біртіндеп Франциядан француз колонияларына шығарыла бастады, бірақ көбінесе Россияға, Балқан елдеріне, Түркияға, Испанияға шығарылды. Бұл елдерде француз капиталдарын орналастырудың көбірек тараған әдісі осы мемлекеттердің үкіметтеріне француз банкілері арқылы қарыздар беру болды. Қарыздар бәрінен де Россияның патшалық үкіметіне көп берілді. Бұл қарыздарды француз үкіметі соғыс жанжалдары бола қалған күнде өзіне одақтастырды сақтап қалу құралы ретінде де пайдаланды.


85ce01db444d9e58819564f5e4f60f08

Сөйтіп, француз калиталы дүниежүзілік өсімкорға айналдьғ. Аса толып жатқан буржуа өздерінің Франциядағы иемесе шетелдердегі кәсіпорындарында орналастырылған капиталдары өсімдерінің есесінен өмір сүрді. Банкке салынған немесе бағалы карыздарға айиалдырылған (акциялар, облигациялар) капитал процентінің есесінен өмір сүретін осындай капиталистерді рантье деп атайды. Францияда рантье сан жағынан өте-мөте көп болды.

Француз капитализмі, герман және ағылшын капитализмі сияқты, біртіндеп монополистік сипат ала бастады. Францияда банк капиталының шоғырлануы өте-мөте жоғары дәрежеге жетті. Ел ішіндегі банктерге салынған барлық каржылардың 70 процентін Париждің ең ірі үш банкісі өзіне    шоғырландырды.

Солай бола тұрса да, Англияға немесе Германияға қарағанда, Францияда ұсак кәсіпорындары көбірек сақталып қалды. Осыған байланысты, Батыс Европаның, басқа елдеріне қарағанда, Францияда ұсақ буржуазия сан жағынан әлдеқайда көп болды. Француз деревнясында шаруалар шаруашылығы басым болды. Помещиктік жер иеліктерінің көпшілігін XVIII ғасырдың ақырында буржуазиялық революцияның өзі-ақ жойған болатын. Солай бола тұрса да кедей және орта шаруалар барлык жердің азғантай бөлігін ғана немденді. Барлық егіндік жердің 70 проценті кулактардың және сақталып қалған помещиктердіқ қолында болды.

XIX ғасырдың акырында, Европаныц басқа елдері сияқты, Франция да капитализмиік империалистік сатысына көшті. Әрбір басқа елдегі
империализм сияқты, француз империализмінің де өзіне тән ерекшеліктері болды. Ленин, француз империализмін сипаттай келіп, былай деген: «Ағылшын колониялық империализмінен француз империализмінің өзгешелігі — француз империализмін өсімкор имлериализм деп атауға болады» (В.И. Ленин, Шығармалар, 22-том, 254-бет). Бірінші дүниежүзілік соғыстың карсаңында шетелге капитал шығару жөнінен Англиядан ғана кейін калып, Франция дүние жүзінде екінші орын алды. Оның есесіне шойын корыту Францияда Германиядағыдан үш есе, ал АҚШ-тағыдан алты есе кем болды.

#Францияның #экономикалық #дамуы