Фотоэффект

0
171


Бағыты: Физика Бөлімі: Презентация Сыныбы: 11 сынып

Фотоэффект Сабақтың құрылымы:1. Ұйымдастыру кезеңі2. Үй тапсырмасын сұрау3. Жаңа материалды баяндау және бекіту4. Есептер шығару5. Электронды оқулықпен жұмыс6. Қорытындылау, бағалау 1-сұрақКванттық физиканың негізін салушы кім? А: И. Ньютон B:Столетов С:М.Планк D: Гюйгенс 2.Үй тапсырмасы Кванттық физиканың негізін қалаушы Макс Планк Әйгілі неміс физигі – теоретик, кванттық теорияның негізін қалады – микроскопиялық бөлшектердің қозғалысы, әсерлесуі және түрленуі туралы қазіргі теорияны жасаған. Макс Планк атомдар энергияны порциялармен – кванттармен шығарады деген болжам жасады. Бір кванттың энергиясы: Е = hν h = 6,63*10-34 Дж*с – Планк тұрақтысы v – жарық жиілігі 2-сұрақ Фотон дегеніміз не ? А: Жарық бөлшегі B: Жарық C: Жарық көзі D: Жарық қысымы 3-сұрақ Люминесценция дегеніміз не? А: Суық жарық көздері B:Антикстік сәулелену C:Сәулелену қабілеті D:Жоғарғы температурада жарық шығару Электролюминесценция Хемилюминесценция Фотолюминесценция Люминесценция Катодолюминесценция Фотоэффект Сабақтың мақсаты: Білім беру: Фотоэффектінің кванттық теориясына арналған заңдылықтар мен формулаларды талдай отырып, есеп шығаруға үйрету. Теориялық алған білімдерін практикалық түрде қолдануға үйрету. Дамыту: Фотоэффектінің заңдарын еске түсіре отырып, Эйнштейннің фотоэффект үшін жазған теңдеуінің физикалық мағынасын аша отырып, фотоэффектінің заңдарына, фотонның импульсін, массасын, энергиясын есептеуді үйрету. Тәрбиелеу: Табиғат заңдарының жүйелілігін саралай келіп, басты мақсат ғылым жетістігін дұрыс ұғына отырып, оны пайдалана білуге тәрбиелеу. Мысалдар келтіру арқылы, фотоэффектінің қолданылуымен таныстырып, оқушыларды ізденімпаздыққа, мақсатқа жетуге ұмтылуға, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу. 1887 жылы Г.Герц фотоэффект құбылысын ашты * 1839-1896 ж. Фотоэффектіні зерттеген А.Г. Столетов – орыс физигі. Фотоэффектіні зерттеу оған әлемдік атақ әкелді. Столетов фотоэффектінің практикада қолданылу жолдарын көрсетті. Ол Мәскеу университетінің жанынан физика институтын ашу туралы бастама көтерді. ν1= ν2 Фотоэффект деген не? Фотоэффект дегеніміз– түскенжарықтың әсерінен заттан (металданжәне сұйықтардан) электрондардыңұшып шығу құбылысы Столетов заңдары: Фотоэлектрондардың максимал жылдамдығы түскен жарықтың интенсивтігіне тәуелді емес, ол тек жарықтың жиілігіне тәуелді.Қанығу фототок күші (фотоэлектрондар саны) түскен жарықтың интенсивтігіне пропорционал өседі, бірақ жарықтың жиілігіне тәуелді емесӘр металл үшін фотоэффектінің қызыл шекарасы, яғни одан төменгі жиілікте фотоэффект байқалмайтын шекті ең аз жиілік бар. 1905 жылы Фотоэффект құбылысын теориялық тұрғыда түсіндірген Альберт Эйнштейн (1879-1955) –XX ғасырдың ұлы физигі. Ол уақыт пен кеңістік туралы жаңа ғылым – арнайы салыстырмалылық теориясын жасады. Эйнштейн жарық бөлшектері – фотондар туралы ұғым енгізді, фотоэффект құбылысын түсіндірді, броундық қозғалыстың теориясын жасады. Эйнштейн эксперимент арқылы жарық жекелеген порциялармен жұтылатындығын дәлелдеп берді Әрбір порцияның энергиясы: Ол электрондардың шығару жұмысына және электрондарға кинетикалық энергия беруге жұмсалады. Фотоэффектінің қызыл шекарасы: Aш=hν Фотоэффект қай жерде қолданылады? Киноға дыбыс берілді, қозғалатын кескіндер алуға мүмкіндік туды.Бұйымдардың өлшемін анықтау.Маяктар мен көше шамдарының автоматты ажыратылып, қосылуы.Зауыттардағы станоктарды автоматандыру.Метродағы «көретін» автоматтар.Күн батареялары (ғарышкемелерде) ЭКСПО көрмесі кең- байтақ Еуразия құрлығының жүрегі іспеттес қалада алғаш рет өтеді. “Болашақтың энергиясы” атты бүкіләлемдік көрме жаһандық энергетиканың жаңартылуына куатты серпін береді деп сенемін. Ең бастысы, әлемнің жүздеген еліне энергия, қуат көздерін алмастыратын энергияны іздестіру тәжірибелері өзара ортаға салынады, демек, тәжірибе алмасу ең басты олжамыз болмақ.Екіншіден, инфрақұрылымдардың дамуы: жолдар, қоғамдық көлік, коммуналдық шаруашылық, әуежай, вокзал, ЭКСПО обьектілерінің құрылысы жүргізіледі. Жаңа жұмыс орындары ашылады. 4. Есептер шығару1-топ: №6.4.1, 2013 16-нұсқа №25 2-топ: №6.4.2, 2013 3- нұсқа №19 3-топ: №6.4.3, 2013 7-нұсқа №195. Үйге тапсырма.§6.4


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.