Home Білім Фитотерапия және диетотерапия | туралы қазақша

Фитотерапия және диетотерапия | туралы қазақша

0
173

Фитотерапия — бұл ежелден келе жатқан шөппен емдеу терапиясы. Адам баласы кейбір өсімдіктерді әр түрлі ауруларды емдеуге пайдалануға болатындығын алғашқы қауымдық кезеңнен бастап-ақ білген. Одан бірнеше мың жылдан кейін дәрілік өсімдіктерді емге пайдаланудың мән-жайы халық арасына ауыздан-ауызға таралып, кейіннен қағазға жазыла бастаған. Біздің ғасырға жеткен осындай жазбаларда өсімдіктерді ауру-сырқауларды емдеуге пайдалану туралы ілім біздің эрамыздан алты мың жыл бұрын Ирак жерінде өмір сүрген Шумер мемлекетінен басталғаны айтылған. Онда Шумерлік дәрігерлердің емдік қасиеті бар өсімдіктердің жапырақтарынан, тамырларынан, сабақтары мен дәндерінен ауру емдейтін әр түрлі ұнтақ, тұнба дайындықтары жазылған. Дәрілік өсімдіктер туралы көптеген мәліметтерді Оңтүстік Батыс Азия халықтары да біздің заманымызға жеткізген. Соның ішінде Үнді фармакологтары өз елінің флорасынан өсімдіктің сегіз жүзге жуық түрін тапқан. Тибет дәрігерлерінің емдеу әдістері осы Үнді, Қытай, Жапония, Манғолия елдеріндегі білім негізінде құрылған. Осының арқасында тибеттіктерде ауру-сырқауды емдеуге пайдаланатын дәрі-дәрмек түрлері өте көп. Басқа елдерге қарағанда Қытайда бұл салада көзге көрінерлік жұмыстар жүргізілген. Бұл елде дәрілік өсімдіктер туралы кітап жаңа эрадан екі жарым мың жыл бұрын жазылған. Фармаколог Ли Ши-Чжень XVI ғасырда өзінің жиырма жеті жылдық зерттеу жұмысын жинақтап, 52 томдық дәрігерлік еңбегін шығарған. Бұл еңбекте дәрілік өсімдіктердің 2000-ға жуық түрі жазылған. Сонымен қатар дәрілік өсімдіктерді жинау, кептіру, одан дәрі жасау әдісі, қандай ауруға қалай пайдалануға болатыны туралы көптеген мәліметтер берілген. Осындай әр елде жүргізілген зерттеулер араб елінің дәрігерлеріне де үлкен әсерін тигізген. Бұдан 900 жыл бұрын араб фармакологы Бируни «Китаб-ас-сайдана» деген еңбектерінде өсімдіктердің 600-ге жуық түрін жазған.

Фитотерапияда қолданылатын өсімдіктердің құрамына әр түрлі витаминдер, микроэлементтер, белок, көмірсу, май, соның ішінде эфир майы болуына байланысты оларды тағамға да қолданады.

Тағам дегеніміз не, дәрі дегеніміз не? Тағамға — организм өз ұлпасына айналдырып алады немесе одан өзіне керекті энергияны алады деген анықтама беруге болады. Осы анықтамаға сай дәрі — өзінің әсерін тигізгеннен кейін, өзгермеген түрінде сыртқа шығарылып отырады. Натуропатияда мұндай бөлінулерді жүргізе алмайсың. Тағам дәрі болатындай етіп диета құрастыруға болады. Диетотерапияның өздігінен ауруларды емдеуде эффективті әдіс болып табылады. Ол — ең қауіпсіз емдеу тәсілі. Керісінше, дұрыс тамақтанбау — ауру тудыратын маңызды физикалық факторлардың бірі. Аюрведада белгілі бір шөптерді пайдаланумен қатар арнайы диеталар ұсынылады. Әдетте, ауырған адамға күшейген дошаны төмендететін диетаны ұстауды ұсынады. Бірақ кейбір тамақ өнімдерін емдік мақсатта қолданады. Аюрведада фитотерапия және диетотерапия бөлінбейтін бір бүтін болып табылады және осы екеуінің біреуін ғана пайдаланса, емделу толық эффективті бола алмайды. Тағам денеге негізгі қоректі береді, ал шөптер нәзік деңгейлерді қоректендіре отырып, ұлпалар мен мүшелерге терең әсер етеді.

Шығыс медицинасы емдеуде металдарды, минералдарды, аралар мен жыландардың, бунакденелердің уларын пайдаланады. Расында да, барлық табиғаттың ұсынатынын біліммен қолданғанда дәрі болып табылады. Бірақ, көбінесе өсімдік өнімдерін пайдаланады.

Адамда микрососм ретінде барлық стихияларды, барлық минералды, өсімдік және жануар патшалығын табуға болады. Тіршіліктің әр түрлі формалары барлық тіршілікті қоректендіретін энергияны алып және өткізіп отыратын станция болып табылады. Әрбір тірі жан басқалардың қорегі болады және өз кезегінде қорек алады. Осылайша, табиғаттың әрбір патшалығы өмірді алу үшін және беру үшін қызмет етеді. Өсімдіктер біздің психикалық та, физикалық та қоректенуіміз үшін керек. Өсімдіктерді дұрыс пайдаланғанда онымен бірге қарым-қатынаста және бүтіндікте болғанда ғана оның нағыз күші босап шығады. Осы себептен көптеген ежелгі адамдар өсімдік патшалығына үлкен құрметпен қараған. Және бүл ырымдау емес немесе әсемдікке сезімділік емес, бұл — өсімдіктер бізге беретін күшті сезіну. Күш жай өсімдіктерді тамаққа пайдаланумен ғана келмейді, ол біздің онымен толық қарым-қатынаста болуымыздан келеді.

Ежелгі Үнді данышпандары шипалық пен шөптерді пайдалануға осылайша қадам жасады. Олардың ғылымы бақылаушы мен бақыланушы арасын бөлетін дистанцияны көрсететін тәжірибе емес, тікелей қатысуымен көрінеді. Өсімдіктердің жанымен қарым-қатынассыз тек оның жансыз денесі зерттеледі. Тікелей қабылдау, медитация — бұл йогаға тән таным жолы. Иога заттың нағыз мәнінің ашылуына мүмкіндік береді. Өсімдіктерге біздің қажеттілігімізді қанағаттандыратын объектіге секілді емес, біздің түтас бірлігіміздің қүрамдас бөлігі ретінде қарау өсімдіктердің нағыз қүндылығын ашады. Шөптердің нағыз маманы болу — бүкіл әлемнің өсімдіктермен қарым-қатынас жасау үшін жеткілікті деңгейде сезімтал болу. Өсімдіктердің адам сияқты өз организм ішінде жеке энергиясы болады. Егер оны махаббатпен қолдансақ, олар оны бізге бере алады. Ерекше дыбыстар — мантралар болған және көптеген Аюрведалық дәрілерді дайындауда міндетті болып қана беретінін ескеру керек. Өз энергиясын беруге көмектесетін мантраны және медитацияны қолдана отырып шөптерді дайындаудың ерекше тәсілдері бар.

Жалпы Шығыс медицинасы өсімдіктерге энергетика позициясынан жақындайды. Өсімдікті физикалық компоненттер деп қарастыруға болмайды. Әрбір жеке өсімдіктің жеке индивидуалдығы болады және адам организмі жеке шөптерді қабылдауы немесе қабылдамауы мүмкін. Өсімдік қасиеті олар ие болып табылатын қүрамындағы элементтер, дәмі, салқындататын немесе жылытатын әсері, организмде қорытылғаннан кейінгі организмге әсері, т.б. ерекше сапаларына орай жүйелі қарастырылады. Күрделі химиялық талдаудан айырмашылығы, бүл қарапайым энергетикалық жүйе өсімдіктердің негізгі сапаларын түсіндіреді. Осылардың көмегімен өсімдіктердің әсерін жеке конституцияда және анық жағдайда қолданылуын түсунуге болады.

Энергетика жүйесі шөптер туралы Аюрведалық ілімнің білігі болып табылады. Дәмі, энергиясы бойынша жүйеленуге негізделген ыңғай Қытайдың шөппен емдеуінің негізінде жатыр.

Аюрведаны ең бірінші дошаға тағам энергетикасының әсері қызықтырады. Тамақтану түрғысын қарастыра отырып, ол май, белок, көмірсуларға мән беріп тоқталмайды. Колория, витамин, минералды заттар мөлшері де тікелей қарастырылмайды. Тамақтың осы компоненттерінің болуы интеллектуалды талқылаулардан белгілі. Сіз стакандағы апельсин шырынынан С витаминін көре алмайсыз және оны А витаминінен ажырату мүлде мүмкін емес. Тамақтанудың батыстық теориялары лабораториялық тәжірибелер нәтижесінен шығады. Аюрведа табиғат заңдарымен жанасқанда біздің дошамыз көптеген ақпарат алады. Осы ақпарат болуына байланысты Аюрведа тамақтану процесін интеллектуалды бас қатырғышқа айналдырмай, дені сау инстинктермен басқара отырып, баланстанған диетаны табиғи жолмен ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Біз қабылдайтын тағам біздің оны қалай қабылдайтынымызға байланысты біздің табиғатымызбен үйлесімдікте болуына аса мән береді. Сондықтан Аюрведада тамақ дошаға әсер етуіне байланысты топтастырылады. Бұл өте қарапайым. Қытай медицинасы бес бірінші элементтер теориясына негізделе отырып, суық және салқын сияқты сипатталатын дәмнің бес түрін бөледі.

Аюрведа әрбір шөп дәмі кездейсоқтық емес, оның қасиетін көрсететінін дәлелдейді. Әр түрлі дәм әр түрлі әсер береді. Әдетте, біз дәмді емдеу қасиеттерімен байланыстырмаймыз. Тамақтану өніміне біз тек рахаттану түрғысынан қараймыз. Біз ауру кезінде тәбет, дәм сезу қабілетін жоғалтамыз. Тәбет, дәм, қорыту күші өзара байланысты. Өкінішке орай, бүгінгі күндері әр түрлі жасанды заттарды қолданып, біз өзіміздің дәм сезуімізді өзгерттік. Шөп туралы Аюрведалық ғылымда дәмдеуіштерге зор мән беріледі.

#Фитотерапия #және #диетотерапия

Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз