Философиялық антропология туралы қазақша реферат

0

Жоспары:

1. Тарих философиядағы адам мәселесі.

2. Философиядағы тұлға мәселесі. 

Адам болмысы философиядағы басты  проблемалардың бірі болып табылады. Адамның табиғаты, мәні, бағыт-бағдары философиядағы антропологиялық мәселелердің өзектілігін және ерекшелігін анықтайды.

Адамның философиялық концепциясы ғылымдардың жалпы философияның негізі ретінде көрініс бере отырып, еңбек, сана, ұжымдылық деген сияқты адамның тектік мәнінің негізгі формаларын талдайды. Мұнда антропосоциогенез процесінде сананы, сонымен бірге заттық- практикалық  қызметті қалыптастыратын негізгі факторлар болып табылатын тіл мен еңбектің роліне көп көңіл бөлінеді. Адамның тіршілігін үйлестіруге, оның құндылығы мен мәнін анықтауға деген ұмтылыстар идеалды адам концепцияларында жүзеге асырылып, философияда гуманистік дәстүрді тудырды. Адамның индивидуалды тіршілігінің ақыры, өмірі, өлім және өміршеңдік /бессмертия/ мәселелері, «өлуге құқылы» / Эвтаназия/ мәселесі, адам өмірінің әлеуметтік және биологиялық және әлеуметтік жалғастығы сияқты философиялық гуманизмнің классикалық мәселелері қазіргі заманымызда да актуальды.

Бірыңғай әлемдік қауымдастықты қалыптастырып, дамыту сияқты интеграциялық процестер қазіргі заманда адамзат тағдырын ғаламдық тұрғыдан қарастыруды біргейлі идеясын  адам мен адамзаттың бір-біріне өзара қарым-қатынасының  философиялық негіз етіп алады.

Адам туралы алғашқы идеялар философия пайда болғаннан көп уақыт бұрын айтыла бастады. Бұл туралы біздің заманымызға жеткен мифтер мен алғашқы қауымдық діни түсініктер мәлімет берді. Адамды философиялық тұрғыда түсінудің іргетасы осы қалыптасқан түсініктер, идеялар, образдар мен ұғымдар негізінде және қалыптаса бастаған философия мен мифология арасындағы сұхбат нәтижесінде қаланды. Дәл осылайша  адам туралы алғашқы ілімдер ежелгі Шығыс мемлекеттерінде пайда болды.

Ежелгі Үнді философиясында адам әлемдік жанның бөлігі ретінде пайымдалды.  Жанның көшуі туралы ілімде тірі жандар мен құдайлар арасындағы шекара шартты және өтпелі. Алайда өзінің эмпирикалық болмысындағы құмарлықтардан азат болып, еркіндікке ұмтылу тек адамға ғана тән. Упанишад бүкіл Үндістанда адам философиясы дамуына орасан зор ықпал етті. Әсіресе, ол джайнизм, буддизм, индуизм, санкхья, йога ілімдеріне мол әсерін тигізді.

Ежелгі Қытай философиясы да адам туралы өзіндік ілім қалыптастырды. Оның ең көрнекті өкілдерінің бірі Конфуций болып табылады.  Оның түпкі тұжырымы ретінде “аспан” концепциясын алуға болады, өйткені ол әлем мен адам дамуын анықтайтын тек табиғат бөлігі ғана емес, жоғарғы рухани күшті де білдіреді. Бірақ оның философиясы негізін аспан, немесе жалпы табиғи әлем емес, адам, оның жердегі өмірі мен тіршілігі құрайды, яғни антропоцентристік сипат алады. Конфуций ең алдымен адамның адамгершілік әрекетіне назар аударады. Ол аспан мархабатымен белгілі бір этикалық қасиеттерге ие болған адам мораль заңына  — даоға сәйкес қылық жасауы тиіс және бұл қасиеттерді оқу үдерісінде жетілдіру тиіс деп жазады. Оқытудың мақсаты Конфуций концепциясына сай  “идеалды адам”, “қайырымды ер”  деңгейіне жету болып табылады.  Ол деңгейге жақындау үшін әрбір адам бірқатар этикалық принциптерді сақтауы керек. Олардың ішіндегі негізгісі “өзіңе қаламағанды өзгеге жасама” деген ережеге сай отбасы мен мемлекеттегі адамдар арасындағы идеалды қатынастар заңын білдіретін өмір концепциясы болып табылады. Келтірілген ереже адамгершілік императив ретінде кейінірек әр түрлі нұсқаларда Ежелгі Грекияда, Інжілде, Кантта кездеседі.

Ежелгі Шығыстың адам философиясын сипаттай отырып, оның маңызды бөлігі жеке тұлғаның әлеуметтік әлемге де бірдей өте құрметті және гуманды қатынас жасайтын бағдары екендігі атап өтуге болады. Сонымен бірге бұл философиялық дәстүр адамның ішкі әлемін жетілдіруге бағытталған.

Ежелгі грек философиясында адам бастапқыда өз-өзінен өмір сүрмейді, тек абсолюттік тәртіп және ғарыш ретінде қабылданатын белгілі бір қатынастар жүйесінде өмір сүреді. Өзінің барлық табиғи және әлеуметтік ортасымен, көршілерімен, полиспен, жанды және жансыз заттармен, жануарлармен, құдайлармен бірге ол біртұтас, ажырамас әлемде өмір сүреді. Ғарыш түсінігінің өзі мұнда адамдық мәнге ие болады, сонымен қатар адам тірі ағза ретінде, макрокосмос ретінде, ғарыштың бір бөлігі ретінде пайымдалады.

Тікелей антропологиялық проблематикаға өту софистердің сыншыл, ағартушылық әрекетімен және философиялық этиканың негізін қалаған Сократтың еңбегімен байланысты болады. Сократ үшін негізгі мәселе адамның ішкі әлемі, оның жаны мен қасиеттері болып табылады. Ол “игілік — білім” деп тұжырымдай отырып, алғаш рет этикалық рационализм принципін негіздейді. Сондықтан да  қайырымдылық пен әділеттілікті таныған адам жаман және әділетсіз  қылық жасамайды.

Демокрит – адам туралы ілімдегі материалистік монизмнің өкілі. Оның ойынша, адам – табиғаттың бөлігі, табиғат сияқты ол да атомдардан тұрады. Адамның жаны да атомдардан құралады. Тәннің өлуімен бірге жан да жойылады. Оның айтуынша өмірдің мақсаты – бақыт, бірақ ол тәннің ләззат алуы мен өзімшілдік емес. Бақыт – бұл ең алдымен рухтың қуанышты және жақсы көңіл күйде болуы. Оның маңызды алғышары – ақыл-ой.

Аристотельдің концепциясында адам қоғамдық, мемлекеттік, саяси деп қарастырылады. Және адамның бұл әлеуметтік табиғаты оны жануарлардан да, “адамгершілік тұрғыда жетілмегендерден”  де, “жоғарғы адамнан” да ерекшелендіреді. Сондықтан ол былай деп жазады: “егер кімде-кім өзіне өзін жеткілікті санап, ешқандай қарым-қатынасқа түсуге қабілетті болмай, оған деген қажеттілікті де сезінбесе, онда ол мемлекет элементін құрамайтын не жануар, не құдай болғаны”. Адамның тағы бір ерекше белгісі – оның ақылдылығы, “адам – бұл ең алдымен ақыл-ой”. Сонымен Аристотельдің пікірінше, адам – ақылға ие қоғамдық жануар.

Ерте грек философиялық антропологиясы да Ежелгі Шығыс философиясы сияқты мифология мен дін таңбасын өзімен бірге ала жүреді және олармен тікелей сұхбаттаса дамиды. Оның шығыстық философиядан басты ерекшелігінің бірі, мұнда адамның әлемге қатынасы ашық және қоғам мен оны өзгертуге қатысты белсенді позиция ұстанылады.

Ортағасырларда адам ең алдымен құдай бекіткен әлемдік тәртібінің бөлігі ретінде қарастырылады. Ал ол туралы көзқарас христиан дінінде көрсетілгендей, адам “құдайдың бейнесі және соған ұқсастығы” түсінігіне саяды. Әлеуметтік тұрғыда ортағасырларда адам құдіретті тәртіптің бей-жай қатысушысы деп жарияланды және құдайға қатынасында ол төмен әрі бейшара жан болып табылады.

Жаңа заманның философиялық антропологиясы пайда болып келе жатқан капиталистік қатынастардың, гуманизм деп аталатын жаңа мәдениет пен ғылыми білімнің ықпалымен қалыптасты. Жаңғырту дәуірінің философиясы адамды жерге түсіріп, оның мәселесін осы түбірде шешуге тырысады. Адамның әуел бастағы күнәкарлығы туралы ілімге қарсы, ол адамның  қайырымдылыққа, бағытқа және үйлесімділікке табиғи ұмтылысын бекітеді.  Бұл философияға гуманизм мен антропоцентризм тұтастай тән.

И.Канттан бастап немістің классикалық философиясы адамды философиялық зерттеулердің негізгі объектісіне айналдырады. Канттың пікірінше, адам бір жағынан табиги қажеттілікке жатса, екінші жағынан адамгершілік еркіндік пен абсолюттік құндылықтарға жатады. Сезімдік әлемнің құрамдас бөлігі ретінде ол қажеттілікке бағынса, ал руханилықтың тасымалдаушысы ретінде ол ерікті. Кант адамды автономды және тәуелсіз бастау ретінде, өзінің теориялық, практикалық әрекетінің қожайыны ретінде айқындауға ұмтылады. Адам әрекеті мен қылығының түпкі принципі категориялық императив болуы тиіс. Категориялық императив – кез келген тұлғаның өзіндік мақсаты өзіндік жетілу болғандықтан, ол ешқашан да, қандайда бір міндеттердің, тіпті игілікті міндеттердің де жүзеге асу құралы ретінде қарастырылмауы тиіс деген тұжырымға негізделген формальды ішкі талап.

Гегельдің антропологиялық концепциясы, оның бүкіл философиясы сияқты рационализмнен тұнып тұр. Адамның жануардан артықшылығының өзі, ең алдымен адамзатқа оның адамдығы туралы хабар беретін ойлауында. Ол адамды рухани әрекет субъектісі және жалпы маңызды рух мен ақыл-ойдың тасымалдаушысы ретіндегі жағдайын аса зор күш-жігермен дәлелдеп берді. Тұлға индивидпен салыстырғанда адам өзінің “шексіз, жалпы және еркін” жан екендігін сезінгенде ғана басталады. Әлеуметтік тұрғыда оның ілімі индивидтен әлеуметтік бүтіндіктің басымдылығы принципін айшықты түрде көрсетеді.

Маркс адамды түсінуде ең алдымен еңбек әрекетін алға тартады. Қоғамдық болмыс қоғамдық сананы анықтайды. Қоғам тұлғаның қасиеттерін детерминациялайды.

Өмір философиясы (Дильтей, Ницше) адам ерекшелігін бірде органикалыққа, биологиялыққа жақындайтын, бірде мәдени-тарихи мәнде түсіндірілетін өмір феноменінен көреді. Өмір философиясы алдыңғы орынға ақыл-ойдан тыс қабілеттері шығады: сезім, ерік, интуиция. Көбіне санаға адам қылығының терең қайнар көзі болып саналатын бейсаналық қарсы қойылады.

Экзистенциализм, ең біріншіден, индивидуалды адам өмір сүруінің шынайылығына мазасызданады. Ол еркіндікті табиғилықтан да, барлық тұлғасыз күштерден де іздейді. Алдыңғы орынға сезім, бірақ жай ғана сезім емес, сезіну, алаңдау, мазасыздану үдерісі шығады. Бір мезеттік сезімдер орнына ұзақ уақыттарға созылатын сезімдік көңіл-күй келеді.

Гуссерль феноменологиясы тұлға тұйықтығын игеруге ұмтылады. Көңіл-күй әуел бастан сыртқы әлемге бағытталғандықтан, ол интенционалды деп есептеледі.

Өмір философиясы мен Гуссерль феноменологиясында негізгі қаланған үрдістерді дамыта отырып,  ХХ ғасырдың 30 – жылдары Германияда Шелер мен Плеснер жұмыстары арқасында адам проблематикасымен айналысатын ерекше философиялық пән – философиялық антропология қалыптасты.

Тұлға мәселесі философияда және жаңа заманғы қоғамдық практикада маңызды мәселе болып табылады. Тұлғаның даму деңгейіне көбінесе олардың жалпы адамзаттық мақсаттарын түсіну мен өздерінің қоғамдық функцияларын атқарудағы жауапкершілік қатынастары әсер етеді.

Тұлға ұғымының мазмұны «адам», «индивид» деген ұғымдармен тығыз байланысты, бірақ олармен тең емес. «Адам» жалпы тектік статусты бейнелесе, «индивид»  текке индивидуальдық тұрғыдан қатыстылықыты бейнелейді. Тұлға    ұғымы өте терең және күрделі, сондықтан адамның өмірлік қызметіндегі қоғамдық көрсеткіштердің байлығын, яғни оның әлеуметтік мәнін бейнелейді. Сондықтан тұлғаның қалыптасуында әлеуметтік ортаның маңызы зор. Сонымен бірге тұлғаның қоғамнан салыстырмалы тәуелсіздігін ескеру керек,өйткені бұл тұлғаның қалыптасуындағы қажетті шарт болып табылады.

Тұлға қоғамдық өмірдің объектісі және субъектісі ретінде көрініс беруі мүмкін. Тарихтың барысында тұлғаның ролі көбінесе қоғамдық еңбек бөлінісіне байланысты болып, адамның ерекше белгісі ескерілмеді. Тұлғаның жан-жақты дамуы гуманистік идеал және адамзат тарихының мән-маңызын құрайтын бастама ретінде көрініс береді. Сондықтан, қоғамдық дамудағы тұлғаның еркіндігі мен тарихи қажеттіліктің диалектикасын ескерту өте маңызды. Қоғамдық өмірдегі еркіндік пен қажеттіліктің диалектикасы адамның еркіндігі мен жауапкершілігінің диалектикасында көрініс береді.

Тұлға мәселесін, оның сыртқы және ішкі еркіндігін қарастыру кезінде жатсыну мәселесін, оның себебін, мәні мен тарихи формаларын философиялық тұрғыдан талдау өте маңызды. Осы мағынада тұлғаның еркіндігін жатсынуды болдырмау, жою проесі ретінде қарастыру керек,

.


Тағы рефераттар

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!