Фетр матасынан сөмке дайындау, технологиядан күнделікті жоспар

0

Сабақтың тақырыбы: Фетр матасынан сөмке дайындау
Сабақтың мақсаты: Фетр матасына қойылатын талаптарды өз бетінше жұмыс жасауда білімдерін пайдалана білуге, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру. Жас ұрпаққа осы заман талабына сай өзгеріп келген жүнмен жұмысты үйрету негізінде ұлттық өнерді қастерлеуге, дәстүрді сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сарамандық
Пәнаралық байланыс: Тарих, математика, бейнелеу
Көрнекіліктер: слайд, фетр мата, жіп түрлері, қайшы, схема, шаблон, суреттер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Сабақ барысымен таныстыру.
2. Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру
3. Қауіпсіздік ережелері

ІІ. Қызығушылықты ояту
Фетр матасынан жасалған бұйымдарынан көрме ұсыну.
Оқушылардың зейінін аудару.
Мата таңдау арқылы, жұпқа бөлініп отырады.

ІІІ. Мағынаны тану
Халықтық сәндік — қолданбалы өнер – әлемдік көркем мәдениеттің негізі.
Даналық пен әсемдіктің таусылмас қайнар көзі. Қолөнер туындылары қайталанбас және алуан түрлі. Пішіндердің ықшам да мәнді үйлесімі, түстердің жоғары талғамы, өрнектердің әсемдігі, композициялық шешімі, көздің мүлтіксіздігін, қолдың дәлдігін және қиял ұшқырлығын ұштастырып, шебердің өзіне тән тәсілдермен орындауына жеткізеді. Киіз – түрік тілінен «жамылғы», ағылшын тілінде – felt, неміс тілінде – filtz. Барлық осы атаулар киіз басу тарихы кезінде пайда болды. Бұның бәрі Нұх заманында аңызға сәйкес басталды. Бірінші басылған кілем Нұх кемесінде пайда болды. Сол кемемен жүзген қойлар тар қораларда ұсталды. Олардың бүйірлерінің жүндері жерге түсіп, су болып қалатын, тұяқтарының астында тапталып, ұрылатын. Қойлар кемеден шыққан кезде, жерде әдемі жүнді кілем қалып қоятын. Археологтар бірінші басылған бұйымдарды пайда болуын біздің заманымызға дейін VI — V ғасырдағы мерзімді айтты

ІҮ. Ой толғаныс
Оқушылар жұптық жұмыста бірін — бірі бақылап жасайды.
Сарамандық жұмыс
Үлгі шаблондар арқылы фетр матасын қиып пішеді.
Қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Ү. Қорытынды
Қоржынның 1 — ші қалтасынан мата қиындыларын алады.
2 — ші қалтасынан орындалатын тапсырмаларды алады.
• СҚӨ — әлемдік көркем мәдениеттің негізі
• Қосымша табыс көзі
• Кәсіп
• Өнер адамзаттың ақыл — ойы, маңдай тері, үлкен қоғамдық сипаты
• Өнер — бейнелі ойлау
• Өнер — өмірдің өзіндей мәңгілік
• Қолөнер дегеніміз – ол кәсіптің бірі де, бірегейі.
• Кәсіпкерлік – ол адам баласының тіршілік көзі.

Жұмыстарын жарнамалау арқылы қорғайды
Жұптар бір — бірінің жұмыстарын талдап пікірлерін айтады.

Пән мұғалімі: Утегалиева Баян Жауынбаевна

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!