Фаст фудтың зияны кері әсері туралы
Аннотация
Мақсаты: Оқушыларға фаст-фуд тағамдарының адам денсаулығы үшін өте зиян екенін түсіндіру.
Ғылыми жобаның міндеттері:
Фаст-фуд тағамдары туралы қысқаша шолу.
Фаст-фуд тағамдарының алғаш қай елде пайда болғандығы, қай елдер көп қолданатыны туралы ақпарат жинастыру.
Адам денсаулығына тигізетін зияндары туралы тоқталу.
Фаст-фуд туралы оқушылар қаншалықты мәлімет білетіндері жайлы айқындау, сауалнама жүргізу.
Зерттеу жұмысының негізгі болжамдары: Көптеген ата-аналар мен балалар фаст-фудтың адам денсаулығына зиян екенін толық біле бермейді. Сондықтан осы жоба фаст-фуд тағамдары туралы жан-жақты білуге, тануға, түсінуге бағыттайды.
Зерттеудің барысы мен кезеңдері: Ғылыми жобаға қажетті материалдарды кітапхана мен ғаламтордан ақпараттық мәліметтер алу барысында жинастыру. Оқушылар арасында сауалнама жүргізу. Сондай-ақ фаст-фуд тағамдарына жататын тағам түрлерін топтастыру, түрлі-түсті суреттер жинастыру.
Зерттеудің өзектілігі: Фаст-фуд тағамдарының адам ағзасына зиянды екендігін, көп қолданған жағдайда адам бірнеше ауруға душар болатыны жайында түсінік беріліп, алдағы уақытта табиғи таза тағамдарды қолдануға бағыттайды.
Зерттеу жаңалығы: Фаст-фуд тағамдарының адам ағзасына кері әсерін зерттеп, толығымен оқушыларға ашып көрсету.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Ғылыми жоба кіріспеден, негізгі және зерттеу бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер, қосымшалардан тұрады.
Кіріспе
Заман дамыған сайын болып жатқан өзгерістер мен құбылыстар жеделдеуде. Соның ішінде адамның тамақтану мәдениетінде де ғасырлар бойы қалыптасқан өзіндік даму реттілігі бар. Әсіресе ХХ-ХХІ ғасырларда қоғам жедел ғылыми төңкерістермен дамыды, адамның іс-әрекет етуіне қолайлылық туғызу мақсатында жедел қызмет көрсететін қоғамдық орындар, жүйелер пайда бола бастады. Автордың ғылыми жобасында осы өзгерістер нәтижесінде пайда болған жедел тамақтану орталықтары, олардың адам ағзасына тигізетін әсері жайлы толық баяндалған.
Ата-бабамыз ежелден «Ас-адамның арқауы» деп тамақтың құндылығына, оның сапасына әрі адам өміріндегі маңыздылығына зор көңіл бөлген. Сол себепті қазіргі тез әзірленетін тағамдардың сапасы мен құндылығына дұрыстап көңіл бөлу қажет. Оларды көп көлемде пайдалану барысында семіздік, гастрит, қантты диабет, жүрек, қан тамырлары аурулары, эндокринді жүйе мен имунды жүйенің бұзылыстарын тудыруының мүмкіндігі жоғары. Қазіргі таңда оқушылар мен жастардың әрбір үшіншісінің салмағы артық. Қазағымның сүт пен қаймақ тәрізді ұлттық тағамдарының орнын кока-кола мен гамбургер сияқты фаст-фуд өнімдері алмастырып бара жатыр. Жобада айтылғандай қазірден бастап фаст-фуд тағамдарының зиянын ашып көрсетіп, халықты ескертпесек батыс елдері шалдығып отырған ауруға біздің де тап боларымыз анық.
Әлемнің әр бөлігіндегі мәдениеттің, нәсілдің және діннің араласуын, американдық тағамның әр түрлігі ең анық сипаттайды. Американдық тағам өзінің әр түрлілігімен үнділердің, африкалықтардың, сонымен қатар Еуропа мен Азиядан ауып келгендердің тигізген әсеріне міндетті. Жеке аймақтарда аспаздық мәдениеттің қалыптасуына сол жерде өмір сүретін адамдардың салт дәстүрлері әсер етті. Американдық тағаммен ең бірінші біз тамақтанудың қасиетті мәдениеттінен алыс түсінік-тез тамақтанумен немесе фаст-фудпен байланыстыруға дағдыланғанбыз. Осы бағытта әрі қарай айтсақ, хот дог, гамбургер, буффало вингс сияқты ең әйгілі американдық тағамдар ойымызға келетіні шүбәсіз. Қазіргі таңда, бұл тағамдар бүкіл әлемге танымал және кез келген елде қол жетімді. Ең бастысы, американдық тағам тез дайындалумен байланыстырылады, оның нәрлілігі жоғары және жиі салауатты емес, ал американдық тамақтанудың мәнері, тағам ұсынуы және тамақтануы тез, онша пайдалы емес қысқа жұмыс үзілістерінде үйден тыс жеңіл тамақтанумен байланыстырады. Фаст- фудтың денсаулыққа зияндылығын дәрігерлер дәлелдесе де,тұтынушыларға тыйым табылар емес. Саулығын емес, қарынның қамын ойлағандар уақыт ұтқанын ғана қанағат тұтуда. Адам организіміне өте зиянды фаст-фуд тағамдары туралы айтқанда сосиска, шұжықтар және неше түрлі еттен жасалатын қарапайым халық көп тұтынатын тамақтар келеді. Бұндай ас тамақтардың құрамында майлар көптеп кездеседі. Сонымен қатар қуырылған түрде фаст-фуд өнімдерінде көптеп кездесетін адам ағзасына зиянды еттердің майлы түрлері де жатады.
Қысқасы, адамның денсаулығы үшін тиімді тамақтана білу өте маңызды. Тиімді тамақтану дегеніміз — құрамында түрлі қоректік заттардың толық мөлшері бар тамақпен ағзаны дұрыс, уақтылы қамтамасыз ету. Жақында американдық ғалымдар зерттеулер жүргізіп, өте жоғары температурада дайындалатын тағамдардың құрамынан адамның денсаулығына өте зиянды «акриламид» деген затты тапқан. Шаурма, донер-кебабтарға қоса гамбургер, хот-дог, гриль, поп-корн, чипсы, картоптан жасалған фри, қақталған шұжық секілді тағамдар өте жоғары температурада дайындалады. Дәл осы тағамдарды ұзақ күнделікті пайдалану салдарынан асқазан жарасы, созылмалы гастрит, өттің толуы, ұйқы безінің қабынуы, жүрек-қан тамыр аурулары, семіздік пайда болатыны, әсіресе ас қорыту жолдарына өте зиян екені анықталған.
1.1. Фаст-фуд түсінігі және оның шығу тарихы.
Фаст-фуд — өте тез әрі кең қолданылатын тағамдардың бірі. «Фаст-фуд» термині тағам деген мағынада қолданылады және бұл тағам тез дайындалады, ал бұл тұтынушыға өте қолайлы. Тез тамақтану Ежелгі Римнан белгілі. Әрбір Римдық базарларда тәтті және тез пісірілетін тамақтар қарапайым халыққа көптеп ұсынылатын болған. Ол кездегі бірден-бір тамақтың түрі ашытылған қамырдан жасалған және зәйтүн майы жағылған тандырлар болған. Ол қазіргі италиан пиццасына ұқсайды. Қытай базарларында тез пісетін ыстық кеспелер сатылған.
Фаст-фуд (англ fast food –тез тамақтану) тез әзірленетін тамақтар. «Фаст-фуд» термині ең алғаш рет 1951 ж Merriam-Webster сөздігіне енгізілген.
Құрамына жемістер мен көкөністер кіретін дәстүрлі сорпалар, бәліштер, консервілер мен салаттар американдық мәдениетте кең таралған. Жүгері немесе қауын сияқты көкөністердің маңызды рөліне назар аудармаса болмайды. Жүгерінің түрлері өте көп, ол көптеген тағамдардың құрамдас болып табылады және жеке қолданылады.
Маймен және тұзбен дайындалған жүгері собықтарын, танымал поп корнды немесе қуырылған жүгері дәндерін, жүгері ұнымен себілген және фрютерде қуырылған шұжықша-корн догты бүкіл дүние жүзі біледі.
Көкөніс және жеміс-жидектерді әуелі химиялық қоспалармен өлтіріп, залалсыздандырады, сосын консерванттардың көмегімен тағы да қайта өңделеді. Ананас, банан, жүзім т.б көкөніс өнімдері міні құрымай тұтынушыға жету үшін химиялық жолмен алдын-ала өңделеді.
Уақыты қарбалас жандар үшін таптырмас тағам- фаст-фудтың зиянды екендігіне мамандар да назар аудара бастады. Қазіргі таңда халық қалауларын дайындау үшін көп уақыт қажет етпейтін бұл ас мәзірінің залалды екендігін айтып, жанайқайын білдіруде.
Гастроэнтрелог дәрігерлердің есебінше жыл басынан бері асқазан, ішек ауруларымен 300-ден астам адам келіп түскен.
Дәмі тіл үйіретін мұндай алдамшы тағамдардың адам денсаулығына тигізер зияндылығын емдәмгерлер жиі айтады. Бұл тағамдардың дайындалуы, кейін ұзақ уақыт сөреде тұрып қалуы оның құрамындағы пайдалы заттардың жойылуына әкеп соғады. Тағамның пайдалану мерзімі өтіп кетпес үшін қосылар түрлі дәмдеуіштер де аса залалды.
Тез тамақтанудың кесірінен ас қорыту жолдары қиындайды. Фаст-фудқа үйір жандардың асқазан жүрек аурулары қан қысымы қант диабеті аурулары күн өткен сайын үдей түседі.
1920 жылдары ең бірінші фаст-фуд тағамы Америкада қолданысқа ие болды. 1921 жылы Канзаста White Castle атты компания ашылып, алғашқылардың бірі болып гамбургер дайындаған еді. Бұл компания келушілерді гамбургердің бағасының тұрақтылығымен жаулап алды, бірақ тағамның сапасымен құндылығы жөнінде компания басшысы Билли Инграма ойламады. 1940 жылдардың соңында White Castle компаниясының мықты бәсекелесі болып McDonald’s компаниясы бой түзеді. Сол жылдан бастап
McDonald’s компаниясы алпауыт компаниялардың бірі болды. Тоқсаныншы жылдары гамбургер кедейлерге арналған зиянды тағам болып есептелінетін. Оны қала көшелерінде ғана үйсіз-күйсіз адамдарға сататын болған. Тек кейінірек бұл тағам ресторандарға жол тартты. Aмерикада әрбір 10 адамның тоғызы кем дегенде айына бір рет McDonald’s ресторанына барады. Америкалықтар 1970 жылы фаст-фудқа 6 миллиард доллар жұмсайтын еді. Бұл көрсеткіш 2011 жылы 142 миллиард долларға өсті. Солтүстік Кореяда Кока-Кола мен Пепси-Кола сатылымда жоқтың қасы. Гамбургер туралы БАҚ-тарда алғаш рет 1894 жылы Los Angeles Times газетінде сөз болды. АҚШ-тың өзінде фаст-фуд сататын 300 мың ресторан жұмыс істейді. Ричард және Морис Макдональдтар өздерінің алғашқы ресторанын 1949 жылы Калифорния штатындағы Сан Бернардинода ашты. McDonald’s Бразилиядағы халықты жұмыспен қамтып отырған ең үлкен компаниялардың бірі болып саналады. McDonald’s ресторандары ашылар тұста желі иелері сатып алушылардың ресторанда ұзақ уақыт отыруын қаламағандықтан, бөлмеге ыңғайсыз орындықтар қойып, ойын-сауық автоматтарының болмауына барынша көңіл бөлген. Фри картофельдерінің көпшілік арасында кең етек жайғаны соншалық, оның сатылымының көлемі шикі картоптардан да асып түсті. Мысалы, тек 2010 жылы американдықтар 3 миллион тонна фри картофелін жеді. Рональд Макдональд америкалық балалар арасында Санта Клаустан соң ең танымал тұлға болып есептелді. Фаст-фуд тағамдарының кең етек алуы америкалықтардың күрт семіруіне әкелді. Америка ауруларды бақылау орталығының есептеуінше, семіздіктен жылына 248 мың америкалық өледі екен.
Түрлі елдердегі медециналық зерттеулердің нәтижесі фаст-фуд өнімдерін күнделікті қолдану семіздікке әкеледі дейді. Бір ғана орташа көлемдегі гамбургер немесе бір стакан кока кола 1500 колорияға тең күнделікті адамның бір күндік тамағы 1500 колорияны құрау керек. Ал сіз бір ғана гамбургер мен шектеліп қоймайсыз ғой.
Фастфуд өнімдері адамды толық қанағаттандыра алмайды ол тек қана аз ғана уақытқа аштықты жасырып қояды. Жарты сағаттан соң адам тағыда тамақтанғысы келеді.
1.2. Фаст-фуд тағамының түрлері
Қазіргі уақытта шаурма, сэндвичтер, чебуректер, пицца, чипсы, қуырылған картоп және түрлі газдалған сусындар көп, бірақ олардың сапасы мен құрамында не бар екен? Жоғарыда аталған барлық тағамдар фаст-фуд қатарына кіреді. Осындай тағамдармен тамақтанатын адамдар осыны тиімді, ал тамақ пісіруге уақыттың жетіспеушілігіне байланысты, кейбіреулері өздерінің қалаулары бойынша тамақтанады. Осындай тамақтың зиянды екенін, екінің — бірі ойлай бермейді, білгендердің өзі қуырылған картоптың қытырлағанын газды сусын кока – коламен шөлін басады. Фаст-фуд тағамдарын біреулер күнде жеп ішсе, кейбіреулері анда санда тамақтанады. Тамақты үйде дұрыстап дайындауға мүмкіндігіміз болмағанда, ол бізге қолайлы, тиімді тамақ ретінде
көмекке келеді. Ол қымбат емес, біреқ өте қауіпті. Денсаулығымыздың қауіпті жауы әрқашанда жаныңнан табылады, ол есірткі сияқты, қарның аш болғанда қолың өзі тартылып тұрады. Көбі фаст-фудтардың зиянды екенін түсінеді. Балаларды кішкентай жастан бастап осындай тағамдарға үйретпеген жөн. Шынына келсек кейбіреулері жалқаулықтың арқасында, тағыда біреулер денсаулығына немқұрайлықпен қарағандықтан осындай тағамдармен тамақтанады.
Тез әзірленетін тағамдарды дайындайтын кең тараған орындар:
McDonald,s, Burger King, Subway, City wok, Hardee,s, KFC, Dominds Pizza, Пицца хат. Мұндай орындар әлемде күн санап көбейіп келеді. Мысалға айта кететін болсақ жоғарыда көрсетілген McDonald,s фастфуд өнімдерін жасайтын орыны. 1956 жылы АҚШ та McDonald,s тың 14 мейрамханасы болған. 1960ж–228, 1968ж- 1000, 1984ж- 8300, 1990ж- 11800. Ал қазір бүкіл дүние жүзінде McDonald,s тың 119 елде 30000 мейрамханасы бар.
Адам организіміне өте зиянды фаст-фуд тағамдары туралы айтқанда сосиска, шұжықтар және неше түрлі еттен жасалатын қарапайым халық көп тұтынатын тамақтар келеді. Бұндай ас тамақтардың құрамында майлар көптеп кездеседі. Сонымен қатар қуырылған түрде фаст-фуд өнімдерінде көптеп кездесетін адам ағзасына зиянды еттердің майлы түрлері де жатады.
Зерттеу бөлімі
2.1 Фаст-фудтың халық денсаулығына әсері
Халықтың денсаулығы — қоғамымыздың заманауи талаптарының басты мәселесі болып табылады. Бүгінгі таңда орын алып отырған экономикалық дағдарыс, әлеуметтік мәселелердің ушығуы халық денсаулығына кері әсерін тигізді. Сондықтан, Қазақстан халқының денсаулық жағдайын көңіл қынжыларлық жағдайда деп бағалауға болады және соған орай медициналық қызметкерлердің барлық күш-жігерін, халықтың денсаулығын сақтауға жұмылдыру қажет. Оның ішінде, кейінгі қауым, жас ұрпақтың денсаулығын сақтап, нығайту — қоғам мен мемлекеттің негізгі, кейінге қалдыруға болмайтын міндеттерінің бірі болып табылады.
Көне заманғы қағида бойынша: «Ас — адамның арқауы» — делінген. Өкінішке қарай, біздің замандастарымыз өзін дені сау және сымбатты сезіну үшін қалай тамақтану керектігін біле бермейді. Тамақтанудың да өзіндік ережелері бар және оларды ескермеуге болмайды, өйткені тамақтану — біздің денсаулығымыздың құрамдас бөлігі екенін есте сақтауымыз қажет. Өткен ғасырдың 80-90 жж. «Жүгіріп жүріп қоректену» деп аталатын немесе Фаст-фуд мәдениеті бүкіл әлемге тараған болатын.
Мамандардың айтуы бойынша, көбінесе балалар мен жасөспірімдерде фаст-фуд әдеттенуді туғызады. Олардың денсаулықтарына үлкен зиян келтіретін гамбургерлер, чипсілер және пицца біздің сүйікті тағамдары болып саналады. Артық салмақ, гастрит және жалпы әлсіздік-зиянды дағдылардың нәтижесі. Бұл тағамдардың барлығы фаст-фуд (тез әзірленетін тамақ) қатарына жатады.
Сондықтан, осындай тағамдар адам денсаулығы үшін өте зиянды болып табылады. Тамақты үйде асықпай дайындауға мүмкіндік болмағандықтан, қазіргі таңда қолайлы әрі бағасы қымбат емес. Алайда, өте қауіпті. Соған қарамастан, кей адамдар еріншектігінің салдарынан дайын асқа жүгіретіні шындық. Бұл дұрыс емес. Әсіресе, балаларды кішкентай кезінен бастап мұндай тамақтарға үйретпеген жөн. Фаст-фуд сататын дүкендер әдемі жарнамалары арқылы өнімдерін төмен бағалармен ұсынып, жылдам әзірленетінін айтып, тұтынушылардың назарын өздеріне аударады. Мамандардың айтуынша, фаст-фудпен тамақтануға мүлдем болмайды. Осындай тағамдардың құрамында майлар мен консерванттар көп болғандықтан, дәрумендер мүлдем жоқ. Ал ол несімен қауіпті десек, фаст-фуд тағамдарын дайындау барысында маргарин көп мөлшерде қолданылады. Маргариннің құрамында жасанды өнім, яғни, транс майлар көп. Кейбіреулер фаст-фудтың денсаулыққа зиян екенін біле тұра, одан бас тартпайды. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл жағдай адамды психологиялық және химиялық тәуелділікке әкеп соқтырады. Өйткені, аталған өнімдерді жасаушылар оның дәмін күшейтетін арнайы қоспаларды қосады да, сол арқылы тұтынушыларды өзіне тартады екен. Тез тамақтанудың кесірінен ас қорыту жолдары қиындайды. Фаст-фудқа үйір жандардың асқазан, жүрек аурулары, қан қысымы, қант диабеті аурулары күн өткен сайын үдей түседі.
Әсіресе өз денсаулығына көңіл бөлмейтін жастарға обал. Олар диета сақтамай, тамақтанатын болса, саулығы күн өткен сайын әлсірей түседі. Түрлі елдердегі медициналық зерттеулердің нәтижесі фаст-фуд өнімдерін күнделікті қолдану семіздікке әкеледі дейді. Бұл өнімдер адамды толық тәбетін қанағаттандыра алмайды, ол тек аз ғана уақытқа асқазанды алдау десе болады. Жарты сағаттан соң адам тағыда тамақтанғысы келеді. Диетолог-дәрігерлер семіздікке апаратын «қауіпті» тағамдарды атап өтті. Бірінші орында тәтті газды сусындар тұр. Шөл басу үшін емес, қайта шөлдетіп, қайта-қайта ішуге мәжбүрлейтін құтыдағы бұл сусындардың құрамында қант шектен тыс көп. Үлкен-кіші құмарланып ішетін бір стакан коланың өзінде 5 шай қасық қант бар, ал бір литр колада 25 шай қасық немесе 125 грамм қант болады екен. Сол сияқты картоптан жасалған чипсыларды бала біткен жақсы көреді. Бұлар пюреден жасалғандықтан, оның құрамына жасанды май мен жасанды түрлі дәмдеуіштер қосылып, адамды жеген үстіне жей түсуге шақырады. Чипсыны не үшін жеуге болмайтыны туралы 5 маңызды себеппен таныстырмақшы.
1. Өзіне тәуелді етіп қояды. Принстон университетінің ғылыми қызметкерлерінің зерттеулері бойынша чипсыны күнделікті жеу темекіге немесе алкогольдегідей тәуелділіке соқтырады екен.
2. Семіздікке шалдықтырады. Қалыпты бір қорап чипсы 510 ккал болады. Ал, ересек адамдар үшін күндізгі қалыпты калория 1800 ккал болса, балалар үшін 1200 ккал екендігін ескерсек, чипсының бір ғана қорабы күндізгі норманың жартысын, ал, 3-4 қорабы калорияның шектен тыс көбейтіп, семіздікке алып келеді.
Сонымен қатар, чипсының құрамындағы майлар кез келген адамның денсаулығына кері әсер етеді. Кейбір ақпараттар бойынша ол майлар обыр кеселін де тудыра екен.
3. Құрамында құнарлы заттар жоқ. Байқап қарасаңыз, қытырлақ болғанға дейін қуырылған картоптың құрамында ешқандай минерал, дәрумен, кальций, ақуыз бен көмірсутегі де қалмайды. Сондықтан, чипсы құрамынан біздің ағзамыз ешқандай құнарлы заттар алмайды, тек көп калорияға ғана «қарық» болады.
4. Ағзадағы тұздың көлемін арттырады. Бір қорап чипсы құрамында 0,7 г. тұз болады, ал, адам үшін тұздың күндізгі қалыпты мөлшері 5-6 грамм. Ағзада тұз мөлшері көбөйген жағдайда сүйектердің өсуі мен жүректің жұмысы бұзылады.
5. Аллергия тудыруы мүмкін. Қытырлақ қораптың ішінде көптеген бояуыш заттар мен дәмдеуіштер болады. Олардың өздігінен ешқандай зияны жоқ. Тек ішіндегі картопқа тауық, ет, саңырауқұлақ т.б. дәмдер беріп тұрады. Бірақ өндірушінің оларды қанша қосқанына байланысты адам ағзасында аллергия туындайды. Сондықтан, чипсыны жеген кезде түшкіру сынды аллергиялық симптомдар пайда болып жатса, дереу дәрі қабылдап, келесі жолы қытырлақ картоптан аулақ болуға тырысыңыз.
Сонымен бірге, сосискалар, пісірілген шұжықтар, паштеттер еттен жасалғандай көрінгенімен, негізінен жартысына жуығы майдан жасалып, түрлі тәтті
дәмдеуіштермен бүркемеленеді. Қуырылған семіз ет, кофе, шоколадтар, арзан әрі калориясы көп нан-жарма, кондитер өнімдері де адамды семіздікке апарып тірейді. Иісі мұрын жаратын,
тез дайындалған тағаммен жүрек жалғап алуға үлкен-кішінің бәрі құмар. Әсіресе, фаст-фуд өнімдерінің балалардың денсаулығына тигізетін зияны өте қатты. Әлі қатаймаған балалардың организмі фаст-фуд өнімдерінің зиянды элементтерін тез қабылдап алады. Балаларда қантты диабет, эндокринді жүйе мен имунды жүйенің бұзылыстары, жүрек қан тамырларының аурулары және басқа да көптеген аурулар туындауы мүмкін. Ауру астан демекші, мектеп
жасындағы балалардың дұрыс тамақтанбауы салдарынан жүрек ауруы мен
диабет өршіп барады. Фаст-фуд өнімдерінен целюлит , безеулер, тері кеуіп және шаштар әлсіздене береді. Ал күнделікті қолданатын болсаңыз гипертонияға, иммунитеттің төмендеуіне , ішкі ағзалардағы түрлі ауруларды шақырады. Фаст-фуд өнімдерінің құрамында холестериннің көп болуынан тамырларда таяқшалар пайда болады.
Фаст-фуд тағамдарынның тұтынушыларға кеңестер:
Тез әзірленетін тағамдар сататын кофитерилерге жиі бармағаныңыз жөн;
Өзіңізді фастфуд өнімдерінің орнына жеміс-жидектер, аз колориялы йогурт немесе каша жеуге көндіріңіз;
Фаст-фуд өнімдерің ең кішкене порциясын алыңыз ;
Газдалған сусындардың орнына салқындатылған шай немесе түрлі жемістердің шырынын ішіңіз;
Қуырылған тамақтарды көп жемеуге тырысыңыз;
Көкөністерден жасалатын тағамдарды жиі қолданыңыз.
2.2. Қазақ тағамтану академиясының зерттеу қорытындылары
Қазақ тағамтану академиясы бірқатар зерттеу жүргізген екен. Нәтижесінде, оқушылардың сүт өнімдерімен өте аз тамақтанатыны анықталып отыр. Ал небір тәттілер, жылдам даярланатын фаст-фуд балалар арасында артық салмақ қосып, диабет, жүрек, қан тамырлары ауруына шалдыққандар санын соңғы кезде айтарлықтай өсірген. Бүгінгі таңда әрбір үшінші оқушының салмағы артық. Балалар денсаулығына алаңдаған мамандар шоколад пен газды сусынның орнын жеміс пен сүт өнімдеріне алмастыруға кеңес береді. Өйткені жасөспірімдер ағзасында кальцийдің жетіспеуінен сүйектің морт сынғыштығы белең алуда. Уақытында дұрыс тамақтанбаған баланың есте сақтау қабілеті де нашарлайды екен.
Юрий Синявский, Қазақ тағамтану академиясының вице-президенті:
– Сүт өнімдерінің құрамында ақуыз, кальций, дәрумендер көп. Ол остеопороздың, асқазан-ішек жолдары ауруларының алдын алып, адам ағзасы қорғанысын күшейтуге көмектеседі. Балалар сүт, сүзбе, айран, йогуртпен қатар күнделікті түрлі жемістер мен көкөністерді тұтынуы тиіс,-деп мәлімдеді.
Фаст-фуд тағамдары ұрпақтың генотипіне кері әсерін тигізуі ықтимал. «Мұнай Маш» акционерлік қоғамының ұжымымен кездесуінде Президенттікке үміткер
Тұрғын Сыздықов осыған баса мән берді. Тамақтанудың бұл тәсілінің зиянын тарқатып айтып берді. Жүрек аурулары, семіздік, көру мен есту қабілетінің төмендігі – қазіргі таңда Батыс елдерін алаңдатып отырған мәселе. Үміткердің пікірінше, тез тамақ дайындайтын өндірушілердің өз рецептерін қатаң құпияда сақтауы тегін емес. Ол былай жұртқа мәлім болса, фас-фудқа құмар адамдардың қатары азаяды немесе олар мұндай тағамнан сөзсіз бас тартар еді. Жасанды дәмі тіл үйіргенмен, оның ағзаға тигізер пайдасы жоқ. Тұрғын Сыздықов осы жайтқа тоқталды. «Фастфуд — холестериннің қоры. Ал бұл болса, тәуелділіктен бұрын, адам өміріне қауіп төндіреді. Қатерлік ісіктерге алып келеді», — деді ол. Сонымен қатар Тұрғын Сыздықов батыс қоғамының басқа да проблемаларын атады.
Ростикс KFC тағамдарының калориялығы
Тағам атаулары |
Тағам массасы, г |
Ақуыз |
Май |
Көмірсу |
Энергетикалық құндылығы (ккал) |
Тауық |
159 |
18,5 |
12,8 |
14,1 |
245,6 |
Тауық қанаттары |
216 |
16,6 |
20,7 |
15,4 |
314 |
Тауықтан дайындалған стрипстер |
140 |
22,3 |
10,3 |
15,8 |
245,1 |
Сэндвичтер |
253 |
9 |
17,6 |
21,3 |
280 |
Бургерлер |
258 |
12,8 |
11 |
22,6 |
240 |
Фри картобы |
240 |
22,3 |
11,8 |
15,9 |
259 |
Чикен поп-корн |
100 |
3,8 |
15,5 |
30,1 |
270 |
Қазіргі таңда фаст-фуд өнімдері қаншалықты кең тарағандығы жөнінде мәлімет жинау үшін 20 адамға сауалнама жүргізілген болатын. Ол сауалнаманың мазмұны төмендегідей:
Сіз фаст-фуд өнімдерін тұтынасыз ба?
а) Иә.
б) Жоқ, мүлде.
с) Кейде.
Фаст-фуд өнімдерінің зиянды екенін білесіз бе?
А) Иә.
Б) Жоқ.
С) Назар аудармаймын.
Көбінесе қандай фаст-фуд түрін жейсіз?
А) Донер
Б) KFC
C) Гамбургерлер
Фаст-фуд өнімдерін қолданғанда Coca-Cola немесе Pepsi секілді газдалған сусындарды бірге қолданасыз ба?
А) Міндетті түрде.
Б) Жоқ.
С) Кейде.
Неліктен фаст-фуд өнімдерін қолданасыз?
А) Уақыт тығыздығынан.
Б) Дәмді болғандықтан.
С) Бағасы қол жетімді болғандықтан
Сізге фаст-фуд өнімдерінің зиянды екені туралы ескертулер болды ма?
А) Иә, жиі, сондықтан фаст-фуд өнімдерінен бас тартамын.
Б)Жоқ.
С)Назар аудармаймын.
Фаст-фуд өнімдерін жегеннен кейін ешқандай дискомфорт сезілмейді ме?
А) Жоқ.
Б) Сеземін. Асқазанда ауыртпашылық пайда болады.
С) Фаст-фуд өнімдерін тұтынуды жалғастыра беремін.
Фаст-фуд өнімдерін қаншалықты жиі қолданасыз?
А) Аптасына екі рет.
Б) Сирек қолданамын.
С) Қолданбаймын.
Қазіргі таңда фаст-фуд өнімдерін дүкендерден алып тастауға келісер ме едіңіз?
А) Иә. Жақсы болар еді.
Б) Жоқ.
С) Ол мүмкін емес.
Жақындарыңыз немесе достарыңыз фаст-фуд өнімдерін қолданса, қарсылық білдірер ме едіңіз?
А) Иә. Өйткені, ол зиян.
Б) Жоқ. Өзім де тұтынамын.
С) Бәрібір.
Сауалнама қорытындысы қуантпайды. Сұралған 20 адамның 18-і фастфуд өнімдерін тұтынады.15-і аптасына екі рет қолданатынын, тіпті 1 адам одан да жиі қолданатынын жеткізді.