Факултатив сабақ Өнерлі екен он саусақ
Факултатив сабақ Өнерлі екен он саусақ
Автор: Жүкен Жанат Нағашыбекқызы
Бағыты: Балабақша Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар
Жарияланған уақыты: 2019-01-25
Материал туралы қысқаша түсінік
Тəрбиешіге жас мамандарға
______________ Бекітемін:(Күні, айы, жылы) «» балабақшасы меңгерушісі №1 педагогикалық кеңестің _________ шешімінде қабылданды Вариативтік компонент«Өнерлі екен он саусақ» оқу іс – әрекетінің перспективтік жоспары. «Арайлым» тобы. 2015 – 2016 оқу жылы.
р/с | Тақырыбы | Бағдарламалық мазмұны | Қолданылатын көрнекіліктер | Сағат саны |
1 | Ұшақтарбүктеу | Қағаздың түрлерімен таныстыру, қағаздан бүктеу әдісін түсіндіріп, дайындау. | Ұшақтың суреті салынған плакаттар, қағаздар, түрлі түсті бояулар | 1 |
2 | Аққулар қол еңбегі | Қағаздың түрлерімен таныстыру, ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. | Аққудың суреті, картон қағаз, қайшы, желім, түрлі-түсті бояулар | 1 |
3 | Сиыр сурет салу | Сурет салуға қызығушылығын арттыру, қарындашты оң қолымен ұстауға үйрету, жаттықтыру. | Сиырдың суреті, түрлі-түсті бояулар, ақ қағаз | 1 |
4 | Паровоз мүсіндеу | Мүсіндеу барысында шағын көлемді кесек есу әдіс – тәсілдерін түсіндіру. | Сюжетті суреттер, ермексаз | 1 |
5 | Әтеш пен бақажапсыру | Балаларға түрлі — түсті қағаздарды таныстыра отырып, үлгілерін бастырып қию. Қағазбен жұмыс жасау іскерлік дағдыларын қалыптастыру. | Желім, қайшы, қағаздар, үлгілер, траферат | 1 |
6 | Алтын балық қол еңбегі | Қағазбен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру, дайын болған жұмыстарын әшекейлеуге үйрету. | Балық туралы үлкен суреттер, (тамақ үстінде, қыдырып жүрген) | 1 |
7 | Қайық бүктеу | Бүктеп жасай білуге үйрету. Қағазбен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру | Қағаз, қайықтың суреті | 1 |
8 | Қашқаргүл (астра)мүсіндеу | Балаларды гүлдермен таныстыруды жалғастыру. Мүсіндеу арқылы балалардың қол икемділіктерін арттыру. | Қашқаргүлдің суреті, ермексаз | 1 |
9 | Арыстан жапсыру | Түрлі қағаздардан арыстан бейнесін бастырып жапсыру. | Сюжетті сурет, түрлі түсті қағаздар, желім, қайшы | 1 |
10 | Аққала қол еңбегі | Өз қолымен бұйым жасауға қызығушылығын арттыру. Қиып алынған бөлшектерді әдемі орналастырып бекіту. | «Қазақстан табиғаты» тақырыптық суреттер | 1 |
11 | Үйрекмүсіндеу | Тұзды қамырды ұқыпты пайдалану. Қол икемділіктерін арттыру. | Тақырыптық суреттер | 1 |
12 | Түймедақ бүктеу | Бүктеу әдіс — тәсілдерді түсіндіру. | Тақырыптық суреттер | 1 |
13 | Қысқы киім .қол еңбегі | Матаның сапасымен, тігіншілер еңбегімен таныстырып, еңбек туралы мақал — мәтелдер жаттату | Қысқы киімдердің суреттері, әртүрлі мата, қайшы, желім. | 1 |
14 | Тасбақаның суретін салып үйренемізсурет салу | Сурет салуға қызығушылықтарын арттыру, ұқыпты бояуға жетелеу. | Тақырыптық суреттер | 1 |
15 | Досыма сыйлықмүсіндеу | Мүсіндеу барысында шағын көлемді кесек есу әдіс — тәсілдерін көрсету. | Сюжетті сурет, ермексаз. | 1 |
16 | Қалампырқол еңбегі | Қағазбен әртүрлі жұмыс дағдыларын жетілдіру. | Қалампыр гүлінің суреті. Түрлі-түсті қағаз, қайшы, желім. | 1 |
17 | Тату жанұя (мүсіндеу) | Балаларға отбасы туралы әңгімелер оқып беріп, тақпақтар, нақыл сөздер жаттау. Отбасы туралы мүсіндеу. | Сюжетті суреттер | 1 |
18 | Қоңыраугүл сурет | Сурет салуға қызығушылығын арттыру, қарындашты оң қолымен ұстауға үйретіп жаттықтыру. | Қоңыраугүл салынған суреттер | 1 |
19 | Қояндарбүктеу. | Түрлі бүктеу әдіс — тәсілдерін үйрету. | Қоянның суреті, түрлі түсті қағаздар | 1 |
20 | Молшылық, береке түрлі материалдар | Түрлі материалдармен жұмыс жасауға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға дағдыландыру. | «Күз» туралы суреттер | 1 |
21 | Бақабүктеу | Қағаздарды бүктеу тәсілдерін жасап жаттығу. | Тақырыптық суреттер | 1 |
22 | Қаздың балапаны қол еңбегі | Балаларды ине — жіппен жұмыс жасауға жаттықтыру. | Әңгіме желісі бойынша суреттер | 1 |
23 | Бақ — бақ қол еңбегі | Балалардың ынта — ықыласын арттыру, көтеріңкі көңіл — күй туындату. | Тақырыптық суреттер | 1 |
24 | Балықтар. мүсіндеу | Саусақ икемділіктерін әрі қарай жаттықтыру. Түрлі пішіндерді мүсіндеу. | Сюжетті суреттер | 1 |
25 | Анамызға сыйлық (қол еңбегі) | Түсті қағаздардан гүл құрастыру. Аналарына сыйлық дайындау. | Тақырыптық суреттер | 1 |
26 | Гүлдер әлемі сурет | Балалардың бояумен сурет салуға қызығушылығын арттыру. Дөңгелек затты түрлі бағыттағы түзу сызықтармен үйлестіріп салу | Сюжетті суреттер, бояулар, ақ қағаз. | 1 |
27 | Ормандақол еңбегі | Балаларға гүлдердің түрлері туралы ертегі оқып беріп, мазмұндау. Балаларды бояумен сурет салғызуға қызығушылығын арттыру. Дөңгелек затты түрлі бағыттағы түзу сызықтармен үйлестіріп салу. | Сюжетті суреттер | 1 |
28 | Көлде жүзген аққумүсіндеу | Тұзды қамырды ұқыпты бояу. Қол икемділіктерін арттыру. | Тақырыптық суреттер | 1 |
29 | Қайықша. бүктеу | Қайықшаны түрлі қағазбен бүктеу тәсілдерін жасауға жаттықтыру. | Қайықшаның суреті | 1 |
30 | Қонжық(қол еңбегі) | Аюдың аюдың баласы туралы ертегі оқып беру, мазмұндау. Әртүрлі материалдарды біріктіріп, аюлар бейнесін жасауға үйрету. Дене бөліктерін біріктіріп, желімдеу, балалардың ой-қиялын дамыту. | Қонжықтың суреті. | 1 |
31 | «Алқаптағы гүлдер»жапсыру | «Көктем» мезгілінде өсетін гүлдер туралы тақпақ жаттау. Көктем гүлдерін жинақтап, кептіріп жапсырмалау. | Алқаптағы гүлдердің суреттері | |
32 | Құстар (сурет салу) | Балаларға «Құстар» туралы ертегі оқып беру. Тақпақ жаттау. Балаларды табиғаттағы құстарды аялап, баптап, күте білуге үйрету. Құстарға деген қамқорлық көзқарастарын тереңдету. Құстардың суретін салу. Сурет салуға қызығушылықтарын арттыру. | Құстардың суреттері. | 1 |
33 | Жаңбыр(саусақпен сурет салу) | Шығарманы оқып беру, мазмұнын түсіндіру. Балалардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Үлкендерді құрметтеуге, сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу. Жаңбырдың суретін саусақ арқылы салу. | Көрнекі суреттер | 1 |
34 | Шалғын шөптер(жапсыру) | Балаларға шөптер туралы әңгіме оқып беру арқылы, білгендерін жетілдіру. Шөпті ақ қағазға жұлмалау әдісі арқылы жапсыру. | Сюжетті суреттер. | 1 |
35 | Жайлауда(қол еңбегі) | Балаларғак «Жайлау» туралы әңгімелеп, мазмұндау. Жайлаудың бейнесін әртүрлі заттардан бейнелеп жасау. | Сюжетті суреттер. | 1 |
36 | Көрме ұйымдастыру | Ата-аналармен көрме ұйымдастыру | 1 | |
Барлығы | 36 |
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім саласы: «Вариативтік компонент»Оқу іс-әрекеті: Өнерлі екен он саусақТақырыбы: ҰшақМақсаты: Балаларға ұшақ туралы әңгімелей отырып, «Ұшақ» туралы тақпақ жаттату. Ұшақтың бейнесін қағаздан бүктеу әдісі арқылы жасауға үйрету. Әдіс-тәсілдер: көрсету, жұмбақ, түсіндіру, бекіту. Билингвалды компонент: ұшақ-самолетСөздік жұмыс: ұшақКөрнекіліктер: ұшақтың суреті салынған плакаттар, қағаздар, түрлі түсті бояулар
Іс-әрекеткезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардыңіс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | Тақырыптық сурет бойынша жұмыс жүргізу. | Балалардың қызығушылығы оянады. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік | Шаттық шеңбері:Аспан түрді түндігінЖерге сәуле жайылды.Неткен ашық күн бүгін,Қайырлы таң, қайырлы!
Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізу.Жыл мезгілдеріне тоқталу.Ай аттарын сұрау.Апта күндерін атау.Ауа райын бақылау. Жұмбақ:Ақ сұңқар құсым келеді. Жолына бояу жағып келеді. (Ұшақ) -Қандай көлік түрлерін білесіңдер?— Балалар сендер ұшаққа отырып көрдіңдер ме? -Ұшақ қандай көлік түрлеріне жатады? Балалар көлік бара алмайтын жерге ұшақ барады. Алыс айшылық жерлерге жылдам уақытта ұшақ ұшып барады. Балалар бүгін біз ұшақтың бейнесін қағаздан бүктеу әдісі арқылы жасаймыз. Сергіту сәті:Инелік-ау, инелік, Инелікке тимелік,Тік ұшақты жасадық,Иналіктен үйреніп. Балалар сендердің істеріңе сәттілік тілеймін. |
Балалар шеңбер жасап тұрып қайталайды.
Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізеді. Балалардың жауаптары тыңдалады. Жұмыстың орындалу ретін мұқият тыңдайды. Қимылмен көрсетеді. Балалар жұмысқа кірісіп кетеді. |
Рефлексиялық-түзетушілік | Оқу іс-әрекетті қорыту: Балалардың жасаған жұмыстарынан кішігірім көрме ұйымдастыру. | Салған суреттеріне қызыға қарайды.. |
Күтілетін нәтиже: Нені білу керек: жұмыстың орындалу ретін білу керек;Нені игерді: композиция құра білуге дағдылану;Нені біледі: жасаған жұмыстарын көрсете біледі.
Технологиялық картаны толтырған: Технологиялық картаны тексерген:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім саласы: «Вариативтік компонент»Оқу іс-әрекеті: Өнерлі екен он саусақТақырыбы: АққуларМақсаты: Балаларға «Аққу» құсымен таныстырып, тақпақтар жаттату. Аққудың бейнесін картон қағазға ұсақ қағаздардан желімдеу арқылы жасау. Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, жұмбақ, бекіту. Билингвалды компонент: аққу-лебедьСөздік жұмыс: аққу.Көрнекіліктер: Аққудың суреті.
Іс-әрекеткезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардыңіс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | Тақырыптық сурет бойынша жұмыс жүргізу. | Балалардың қызығушылығы оянады. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік | Шаттық шеңбері:Аспан түрді түндігінЖерге сәуле жайылды.Неткен ашық күн бүгін,Қайырлы таң, қайырлы!
Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізу.Жыл мезгілдеріне тоқталу.Ай аттарын сұрау.Апта күндерін атау.Ауа райын бақылау. Жұмбақ:Садақша мойнын иілтіп,Көрген жанды сүйінтіп,Жүзгенде көлдің сәні өзі,Судағы құстың нәні өзі.Жердегі құстың серкесі;Көктегі құстың еркесі. (Аққу)-Қандай құстың түрлерін білесіңдер?-Аққу қандай құсқа жатады?-Аққу қайда мекендейді?Балалар аққу өте қасиетті құс. Құстардың ішіндегі ең сұлу құс аққу. Аққуды атуға болмайды. Мақал:Аққуды атпа,Досыңды сатпа. Бүгін біз осы аққудың бейнесін өз қолымызбен еңбек етіп жасайық. Жасалу долымен түсіндіріп өтейін. -Картон қағазды алып аққудың бейнесін саламыз, сосын барып қиамыз. Ұсақ ақ қағазды жырту әдісін пайдаланып, аққудың қауырсынын .жапсырамыз. Сергіту сәті:Бір екі, үш,Жинап алып күш.Біз ұшамыз кептершеҚолымыз жерге жеткенше. Балалар сендердің істеріңе сәттілік тілеймін. |
Балалар шеңбер жасап тұрып қайталайды.
Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізеді. Шешуін табу, есте сақтау. Мақалды жатқа айту. Жұмыстың орындалу ретін мұқият тыңдайды. Қимылмен көрсетеді. Балалар жұмысқа кірісіп кетеді. |
Рефлексиялық-түзетушілік | Оқу іс-әрекетті қорыту: Балалардың жасаған жұмыстарынан кішігірім көрме ұйымдастыру. | Салған суреттеріне қызыға қарайды.. |
Күтілетін нәтиже: Нені білу керек: жұмыстың орындалу ретін білу керек;Нені игерді: композиция құра білуге дағдылану;Нені біледі: жасаған жұмыстарын көрсете біледі.
Технологиялық картаны толтырған: Технологиялық картаны тексерген:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім саласы: «Вариативтік компонент»Оқу іс-әрекеті: Өнерлі екен он саусақТақырыбы: Паравоз.Мақсаты: Паравоз туралы өлең оқып беру. Балалардың тіл байлықтарын молайту. Паравоздың суретін ермексаздан мүсіндеу. . Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, жұмбақ, бекіту. Билингвалды компонент: паравоз-паравозСөздік жұмыс: паравоз.Көрнекіліктер: Тақырыптық суреттер, ермексаз, тақтайша, сүлгі.
Іс-әрекеткезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардыңіс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | Тақырыптық сурет бойынша жұмыс жүргізу. | Балалардың қызығушылығы оянады. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік | Шаттық шеңбері:Күндей жылы,Алмадай тәтті,Доптай көңілді,Жүзіктей әдемі бол!
Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізу.Жыл мезгілдеріне тоқталу.Ай аттарын сұрау.Апта күндерін атау.Ауа райын бақылау.Кіріспе әңгіме Жұмбақ:Күндіз-түні күрсінеді,Жүрген жері сілкінеді. (Пойыз) Адамдар алыс сапарларға жол көліктерімен, яғни автобустармен, әуе көлігі – ұшақпен, темір жол көлігі – пойызбен, су көлігі – кемемен жол жүреді. Балалар сендер алыс жолдарға шыққан кезде қандай көлік түрлерімен барғанды ұнатасыңдар. Бүгін біз ермексаздан паравоздың бейнесін мүсіндейміз. Жұмыстың орындалу барысын түсінідіріп өтейін. -Түрлі түсті ермексаздан тіктөртбұрыш жасап алып, паравоздың бейнесін мүсіндейміз. -Ақ ермексаздан паравоздың терезесін мүсіндейміз. . Сергіту сәті:Бір екі, үш,Жинап алып күш.Біз ұшамыз кептершеҚолымыз жерге жеткенше. Балалар сендердің істеріңе сәттілік тілеймін. |
Балалардың бір-біріне деген жақсы тілектері.
Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізеді. Шешуін табу, есте сақтау. Жұмыстың орындалу ретін мұқият тыңдайды. Қимылмен көрсетеді. Балалар жұмысқа кірісіп кетеді. |
Рефлексиялық-түзетушілік | Оқу іс-әрекетті қорыту: Балалардың жасаған жұмыстарынан кішігірім көрме ұйымдастыру. | Салған суреттеріне қызыға қарайды.. |
Күтілетін нәтиже: Нені білу керек: жұмыстың орындалу ретін білу керек;Нені игерді: композиция құра білуге дағдылану;Нені біледі: жасаған жұмыстарын көрсете біледі.
Технологиялық картаны толтырған: Технологиялық картаны тексерген:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім саласы: «Вариативтік компонент»Оқу іс-әрекеті: Өнерлі екен он саусақТақырыбы: Алтын балықМақсаты: Балаларды ертегі оқып беріп, түсінгендерін әңгімелету. Тіл байлықтарын жетілдіру. Қағазбен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру. Әшекейлік арқылы көркемдік тәрбие беру. Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, жұмбақ, бекіту. Билингвалды компонент: Алтын балық—золотая рыбаСөздік жұмыс: жарлы.Көрнекіліктер: Тақырыптық суреттер, ермексаз, тақтайша, сүлгі.
Іс-әрекеткезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардыңіс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | Тақырыптық сурет бойынша жұмыс жүргізу. | Балалардың қызығушылығы оянады. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік | Шаттық шеңбері:Күндей жылы,Алмадай тәтті,Доптай көңілді,Жүзіктей әдемі бол!
Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізу.Жыл мезгілдеріне тоқталу.Ай аттарын сұрау.Апта күндерін атау.Ауа райын бақылау.Кіріспе әңгіме Балалар мен сендерге алдымен «Алтын балық» ертегісін оқып берейін. Мұқият тыңдаңдар. Ертегі мазмұны бойынша сұрақ-жауап: -Шал қайда барды? -Өзенге не үшін барды? -Шалдың қармағына не ілінді? -Балық шалдың қандай арманын орындады? Жұмыстың орындалу барысын түсінідіріп өтейін. Бүгін біз алтын балықтың бейнесін картонға салып алып, оны қиып аламыз. Дайын болған балықтың желбезегін түрлі түсті моншақтармен безендіреміз. Жұмысты бастамас бұрын бойымызды сергітіп алайық. Сергіту сәті:Бір екі, үш,Жинап алып күш.Біз ұшамыз кептершеҚолымыз жерге жеткенше. Балалар сендердің істеріңе сәттілік тілеймін. |
Балалардың бір-біріне деген жақсы тілектері.
Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізеді. Жұмыстың орындалу ретін мұқият тыңдайды. Қимылмен көрсетеді. Балалар жұмысқа кірісіп кетеді. |
Рефлексиялық-түзетушілік | Оқу іс-әрекетті қорыту:Балалардың жасаған жұмыстарын талдау. Жақсы жасалған жұмыстардан кішігірім көрме ұйымдастырады. | Балалар жұмыстарынан көрме ұйымдастырады. |
Күтілетін нәтиже: Нені білу керек: «Алтын балық» ертегісін;Нені игерді: әртүрлі моншақтан балықтың желбезегін безендіруді;Нені біледі: жасаған жұмыстарын көрсете біледі.
Технологиялық картаны толтырған: Технологиялық картаны тексерген:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім саласы: «Вариативтік компонент»Оқу іс-әрекеті: Өнерлі екен он саусақТақырыбы: АрыстанМақсаты: Балаларға арыстан туралы ертегі әңгімелеп беру, арыстанның жабайы аң екенін ұғындыру. Ертегінің мазмұнын білуге үйрету. Түрлі қағаздардан арыстан бейнесін жапсыру арқылы бейнелеу. Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, жұмбақ, бекіту. Билингвалды компонент: арыстан-левСөздік жұмыс: патшасыКөрнекіліктер: Арыстанның суреті, түрлі түсті қағаз, қайшы, желім.
Іс-әрекеткезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардыңіс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | «Арыстан мен түлкі» ертегісін оқып беремін, сендер мұқият тыңдаңдар. | Балалардың қызығушылығы оянады. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік | Шаттық шеңбері:Күндей жылы,Алмадай тәтті,Доптай көңілді,Жүзіктей әдемі бол!
Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізу.Жыл мезгілдеріне тоқталу.Ай аттарын сұрау.Апта күндерін атау.Ауа райын бақылау.Кіріспе әңгіме -Қандай жабайы аңдарды білесіңдер? -Аңдар қайда мекен етеді? -Аң патшасын айтыңдаршы. -Түлкі қандай аң? -Қоян ше? Дұрыс айтасыңдар, аңның патшасы арыстан. Үлгіге қарап, арыстанның бейнесін қалай жапсыру керектігіне назар аударыңдар. Жұмыстың орындалу барысын түсіндіріп өтемін, сендер мұқият тыңдаңдар. — Алдымен қоңыр түсті қағаз аламыз. -Арыстанның басын қиып аламыз. Басының пішіні домалақ. -Денесі сопақша.— Құйрығы ұзын келеді. -Аяқтарын қиып аламыз. Осы қиындыларды енді ақ қағазға жапсырамыз. Сергіту сәті:Ормандағы аюдың,Құлпынайы көп екен.Теріп-теріп алайық,Қалтамызға салайық. Балалар сендердің істеріңе сәттілік тілеймін. |
Балалардың бір-біріне деген жақсы тілектері.
Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізеді. Балалардың жауаптары тыңдалады. Жұмыстың орындалу ретін мұқият тыңдайды. Қимылмен көрсетеді. Балалар жұмысқа кірісіп кетеді. |
Рефлексиялық-түзетушілік | Оқу іс-әрекетті қорыту: Балалар жұмыстарынан көрме ұйымдастырып, қортындылауына мүмкіндік беру. | Балалар жұмыстарынан көрме ұйымдастырады. |
Күтілетін нәтиже: Нені білу керек: «Арыстан мен түлкі» ертегісінің мағынасын;Нені игерді:жұмыстың орындалу барысын;Нені біледі: жасаған жұмыстарын көрсете біледі.
Технологиялық картаны толтырған: Технологиялық картаны тексерген:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім саласы: «Вариативтік компонент»Оқу іс-әрекеті: Өнерлі екен он саусақТақырыбы: АққалаМақсаты: екі еселеп бүктелген шаршылардан дөңгелектер қию тәсілін жетілдіру; әртүрлі өлшемдегі дөңгелектерден құұала бейнесін құрастыруды үйрету; қолдарының икемділіктерін арттыру.Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, жапсыру, бекіту. Билингвалды компонент: аққала-снеговикСөздік жұмыс: аққала, таяқ, сыпырғыш.Көрнекіліктер: аққала бейнеленген суреттер, түрлі түсті қағаздар, қайшы желім, қолорамал.
Іс-әрекеткезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардыңіс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | Алдын ала балаларға жұмбақ жасырып, жұмбақтың дұрыс шешуінен кейін аққаланың суретімен жұмыс жасату. | Қызығушылықтары артады. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік | Шаттық шеңбері:Жыл мезгілдеріне тоқталу.Ай аттарын сұрау.Апта күндерін атау.Ауа райын бақылау.Сурет бойынша жұмыс: Өте дұрыс. Балалар ауладан қардан домалатып, Аққаланы барлығы бірігіп, бір-біріне көмектесіп жатыр. Аққала жасағанда қардан домалатып әртүрлі көлемде үш домалақ жасап алып, оларды бір-бірінің үстіне үлкенінен бастап орналастырып қойып алады. Сосын басына шелек кигізіп, бет-әлпетін жасайды. Қолдарын жасап, қолына таяқ немесе сыпырғыш іледі.Бүгін біз осы Аққаланы қағаздан қиып, жапсырып жасаймыз. Мен сендерге үлгі ретінде жұмысты орындап көрсетемін, мұқият тыңдаңдар. Тіктөртбұрыш пішінді дайындаманы көгілдір түсті қағаздан қиып аламыз. Оны екі еселеп бүктеп, жай қарындашпен шеңбердің ширек бөлігін сызамыз. Контур сызық бойымен дөңгелектерді қиып аламыз. Түрлі түсті қағазға Аққаланың қалған бөлшектерін (қолы, шелегі, сыпырғышы, сәбіз-мұрны) сызып, сызық бойымен қиып аламыз. Негізгі бетке аппликацияның бөлшектерін реттеп орналастырып аламыз. Аппликацияның барлық бөлшектерін негізгі бетке ретімен жапсыру. Аққаланың көзі мен аузын қара фломастермен сызып аламыз.Серіту сәті: Қыздырайық денені,Кел, балалар, кел бері.Қыздырайық денені Орнымыздан тұрып-ақ. Балалар істеріңе сәттілік тілеймін. | Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.Қойылған сұрақтарға толық жауап береді.
Зейін салып тыңдайды. Өлең мазмұнына қарай қимыл – қозғалыстар жасайды, көрсетеді. |
Рефлексиялық-түзетушілік | Оқу іс – әрекетін қорыту: Жұмыстың орындалу сапасына назар аудару. Жақсы жасалған жұмыстарынан көрме ұйымдастыру. Балалар жұмыстарын бағалау, мадақтау. | Жасаған жұмыстарына қызыға қарайды. |
Күтілетін нәтижеНені білу керек: Аққала туралы тақпақтар, жұмбақтар жатқа біледі;Нені игерді: әртүрлі өлшемдегі дөңгелектерден аққала бейнесін құрастыруды игерді;Нені біледі: .жасаған жұмыстарын көрсете алады.
Технологиялық картаны толтырған: Технологиялық картаны тексерген:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім саласы: «Вариативтік компонент»Оқу іс-әрекеті: Өнерлі екен он саусақТақырыбы: ТүймедағыМақсаты: Балаларға «түймедақ» гүлі туралы оның адам денсаулығын пайдасы туралы әңгімелеп беру. Бүктеу әдіс-тәсілдерін түсіндіру. Әдіс-тәсілдер: түсіндіру,көрсету, жапсыру, бекіту. Билингвалды компонент: түймедағы-ромашкаСөздік жұмыс: түймедақҚолданылатын көрнекілік: түймедақ гүлі, дайын жұмыстың үлгісі, түрлі түсті қағаз, қайшы, желім, қарындаш, қолорамал.
Іс- әрекетКезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | Қазақстанда өсетін гүлдер туралы әңгімелесу. | Балалардың зейіні артады. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік | Шаттық шеңберін құру.Табиғатқа қамқор боп, Байлығынбіз қорғайық.Әдепті де, тәртіпті боп,Жақсылығын қолдайық.
Табиғат күн тізбесімен жұмыс жүргізу.Жыл мезгілдеріне тоқталу.Ай аттарын сұрау.Апта күндерін атау.Ауа райын бақылау. Кіріспе әңгіме Гүлді әдемілік үшін өсіреді. Гүлдер бақшада, тауда, далада, бөлмеде өсіріледі. — Бөлме гүлдерін қалай күту керек, және оны кімдерге сыйлайды? -Түймедақ гүлі бақшада, тауда, далада өседі. Тауда және далада өсетін түймедақ гүлі жабайы түріне жатады. Ал бақшада өсетін түймедақ гүлі жабайы түймедақ гүлінен айырмашылығы өте көп. Енді осы гүлді бүктеу әдісі арқылы жасаймыз. Үлгіге қарап жұмыстың орындалу ретімен танысайық. Жапырақтар мен гүл күлтелеріне арналғандайындамаларды қабаттап бүктеу. Қарындашпен жапырақтар мен гүл күлтелерінің суретін салу. Бөлшектерді белгі бойымен қию. Гүлдің ортасын қиып алып тіліктер жасау. Тіліктерді ұқыппен шашақтау. Гүл күлтелері мен жапырақтарының ұшын қарындаштың көмегімен сәл иіп көтеру. Негізгі қағаз бетіне бөлшектерді үйлестіріп орналастыру. Барлық бөлшектерді ретімен жапсыру. Жұмыстың орындалуын, әр баланың өз міндетін дұрыс атқаруын қадағалау. Сергіту сәті:Дала гүлін сыйлық үшін жинаймыз,Кейде оны жұлуға да қимаймыз.Бұл гүлдерді қуанышты сәттерде,Шын жүректен аналарға сыйлаймыз. |
Балалар дөңгелене тұрып өлең жолдарын қайталайды.
Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізеді. Гүлдер туралы әңгімелейді. Жұмыстың орындалу ретімен танысады. Қимылмен көрсетеді. |
Рефлексиялық-түзетушілік | Оқу іс-әрекетін қортындылау. Дайын жұмысты бөлме қабырғасына іліп қоюға немесе сыйлауға болады. | Балалар жасаған жұмыстарын керегеге іліп қояды. |
Күтілетін нәтиже: Нені білу керек: көлемді түймедақ гүлін жасау тәсілімен танысты.Нені игерді: бүктеу әдіс-тәсілдерімен таныстыру.Нені біледі:.гүлдер туралы өлең, тақпақтарды жатқа айтады.
Технологиялық картаны толтырған: Технологиялық картаны тексерген:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім саласы: «Вариативтік компонент»Оқу іс-әрекеті: Өнерлі екен он саусақТақырыбы: Тасбақаның суретін салып үйренемізМақсаты: «Тасбақа» туралы ертегі оқып беру. Сурет салуға қызығушылықтарын арттыру, ұқыпты бояуға жетелеу. Әдіс-тәсілдер:түсіндіру, көрсету, бекіту.Билингвалды компонент: тасбақа-черепахаСөздік жұмыс:тасбақа. Көрнекіліктер: тасбақа бейнеленген суреттер.
Іс- әрекеткезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | «Тасбақа» туралы ертегі оқып беру. | Балалардың қызығушылықтары оянады. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік | Шаттық шеңбері: — Кәне, балалар дөңгелене тұрып, бір – бірімізге жылы лебіздерімізді білдірейік.
Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізу:Жыл мезгілдеріне тоқталу.Ай аттарын сұрау.Апта күндерін атау.Ауа райын бақылау. Кіріспе әңгіме Балалар мен оқу іс – әрекетін жұмбақпен бастағым келіп тұр.Жұмбақ жасыру:Аяғы бар басы бар,Арқалаған тасы бар. (Тасбақа)-Тасбақа қайда өмір сүреді?-Не үшін тасбақа дейміз?Жарайсыңдар балалар. Тасбақа өте баяу жүреді және ол құрғақ, шөлді, сонымен қатар суда да мекендейді. Өзін қорғайтын кезде аяқ – қолын, басын жинап, бұғына қалады. — Демек,балалар тасбақаның суретін саламыз.Үлгіге қарап жұмыстың орындалу барысымен таныстыру. — Қоңыр немесе сұр түстерді қолданамыз. Сергіту сәті:Бақа, бақа балпақ,Басың неге жалпақ.Бұтың неге талтақ,Көзің неге тостақ,Темір телпек көп киіпБасым содан жалпақ.Су ішінде көп жүзіп ,Бұтым содан талтақ.Көрінгенге көп қарап Көзім содан тостақ. |
-Жүрегімдегі жылуымды саған ыстық алақаным арқылы жіберемін.
Қойылған сұрақтарға толық жауап береді. Шешуін табу, есте сақтау. Тасбақаның суретін салуға кіріседі. Сергіту сәтін тәрбиешімен бірге жасайды. |
Рефлексиялық-түзетушілік | Оқу іс – әрекетін қорытындылау: Дайын жұмыстардан көрме ұйымдастыру, балалар жұмысын бағалау. | Балалар жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастырады. |
Күтілетін нәтиже: Нені білу керек: Әр түрлі тәсілдерді пайдалана отырып тасбақаның бейнесін жасай алады;Нені игерді: тасбақаның бейнесін ұқсатып жасауға дағдыланды;Нені біледі: тасбақа туралы өлең – тақпақтарды жатқа біледі.
Технологиялық картаны толтырған: Технологиялық картаны тексерген:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім саласы: «Вариативтік компонент»Оқу іс-әрекеті: Өнерлі екен он саусақТақырыбы: Досыма сыйлықМақсаты: Балаларға «Достық» туралы әңгіме оқып, сұрақ-жауап арқылы білгендерін жетілдіру. Достық туралы мақал-мәтел жаттау. Мүсіндеу барысында шағын көлемді, кесек есу әдіс-тәсілдерін көрсету. Әдіс-тәсілдер:түсіндіру, көрсету, бекіту.Билингвалды компонент: сыйлық-подарокСөздік жұмыс: сыйлықКөрнекіліктер: сыйлықтың суреттері, ермексаз, тақтайша, орамал.
Іс- әрекеткезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | «Достық» жайында мақал-мәтелдер жарысын өткізу. | Балалардың қызығушылықтары оянады. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік | Шаттық шеңбері: — Кәне, балалар дөңгелене тұрып, бір – бірімізге жылы лебіздерімізді білдірейік.Кел балалар ортаға!Қайырлы таң достарым!Достарымды көргенде!Қуана қарсы аламын!Қолымыздан ұстасып,Жылулықты алайық.
Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізу:Жыл мезгілдеріне тоқталу.Ай аттарын сұрау.Апта күндерін атау.Ауа райын бақылау. Кіріспе әңгіме Мақал-мәтелдер:Досы көпті жау алмайды,Ақылы көпті дау алмайды. Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын. Дос жылатып айтады,Дұшпан күлдіріп айтады. -Бұл мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?-Балалар жан дос дегенді қалай түсінесіңдер?-Балалар сендердің достарың бар ма? -Достарыңа қандай сыйлық жасағанды ұнатасыңдар? Онда өздеріңе ұнаған сыйлықты ермексаздан мүсіндеп жасап, достарыңа сыйлаңдар. Сергіту сәті:Достарды біз қолдаймыз,Қиын шақта қорғаймыз,Біздің топта ұл-қыздар,Тату-тәтті ойнаймыз. |
-Жүрегімдегі жылуымды саған ыстық алақаным арқылы жіберемін.
Мақалды жатқа айтқызу. Балалардың жауаптары. Балалар өздеріне ұнаған сыйлықтарды ермексаздан мүсіндеп жасайды. Қимылмен көрсетеді. |
Рефлексиялық-түзетушілік | Оқу іс – әрекетін қорытындылау: Дайын жұмыстардан көрме ұйымдастыру, балалар жұмысын бағалау. | Балалар жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастырады. |
Күтілетін нәтиже: Нені білу керек: «Достық» туралы мақал-мәтелдерді;Нені игерді: ермексазбен әр түрлі сыйлықтарды жасауды игерді;Нені біледі: жасаған жұмыстарын көрсете біледі.
Технологиялық картаны толтырған: Технологиялық картаны тексерген:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім саласы: «Вариативтік компонент»Оқу іс-әрекеті: Өнерлі екен он саусақТақырыбы: ҚояндарМақсаты:Балаларға қоян туралы тақпақ . жаттатып, қоянның суретін көрсету арқылы қағаздан бүктеу әдісі арқылы жасау. Түрлі бүктеу әдіс-тәсілдерін үйрету.Әдіс-тәсілдер:түсіндіру, көрсету, бекіту.Билингвалды компонент: қоян-заяцСөздік жұмыс: көжекКөрнекіліктер: Қоянның суреті, түрлі қағаздар.
Іс- әрекеткезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | «Қоян» туралы ертегі оқып беру. | Балалардың қызығушылықтары оянады. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік | Шаттық шеңбері:Отырған аппақ бір қоян,Неткен сапсақ бұл қоян.Құлақтары делеңде,Әр дыбысқа елеңдеп.Қоян жаурап суықта,Отырсың не күзетіп,Аяқтарың сіресіп,Табаныңнан сыз өтіп
Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізу:Жыл мезгілдеріне тоқталу.Ай аттарын сұрау.Апта күндерін атау.Ауа райын бақылау. Кіріспе әңгіме Оқу іс-әрекетін жұмбақпен бастағым келіп тұр. Қалқиып ұзын құлағы,Елеңдеп қорқып тұрады. (Қоян) -Балалар қандай жабайы жануарлар түрлерін білесіңдер? -Аңдар қайда мекен етеді?— Қоян туралы кім тақпақ біледі?— Қоянның төлінің атауы қандай? Демек балалар ақ және сұр түсті қағаздардан бүктеу әдісі арқылы қоянды жасаймыз. Үлгіге қарап жұмыстың орындалу барысымен таныстырып өтейін, мұқият тыңдаңдар. Сергіту сәті:Тұра, тұра суықта,Қоян жаурап торықты.Алайын деп жылынып,Әрлі-берлі жорытты.Секең-секең, секең-секең,Секіріп жылынатын қоян екен,Үркітті де бір ноян,Зытып берді бір қоян. Балалардың жұмыстарының орындалу барысын қадағалап, қиналған балаларға көмек көрсетеді. |
Өлең жолдарын қимыл-қозғалыс арқылы көрсетеді. Шешуін табу, есте сақтау Балалар қоян туралы тақпақтар айтады. Жұмыстың орындалу барысымен танысады. Қимылмен көрсетеді. |
Рефлексиялық-түзетушілік | Оқу іс – әрекетін қорытындылау: Дайын жұмыстардан көрме ұйымдастыру, балалар жұмысын бағалау. | Балалар жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастырады. |
Күтілетін нәтиже: Нені білу керек: қоян туралы тақпақ, жұмбақтар;Нені игерді: ермексаздан қоянды мүсіндеуді;Нені біледі: жұмыстың орындалу барысын.
Технологиялық картаны толтырған: Технологиялық картаны тексерген:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім саласы: «Вариативтік компонент»Оқу іс-әрекеті: Өнерлі екен он саусақТақырыбы: БақаМақсаты: Бақа туралы тақпақтар жаттау және ертегі оқып беру. Бақаның түрлерімен таныстыру. Қағаздарды бүктеу тәсілдерін жасап жаттығу.Әдіс-тәсілдер:түсіндіру, көрсету, бекіту.Билингвалды компонент: бақа-лягушкаСөздік жұмыс: бақаКөрнекіліктер: Бақаның суреті, түрлі қағаздар.
Іс- әрекеткезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | «Әтеш пен Бақа» туралы ертегі оқып беру. | Балалардың қызығушылықтары оянады. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік | Шаттық шеңбері:Отырған аппақ бір қоян,Неткен сапсақ бұл қоян.Құлақтары делеңде,Әр дыбысқа елеңдеп.Қоян жаурап суықта,Отырсың не күзетіп,Аяқтарың сіресіп,Табаныңнан сыз өтіп
Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізу:Жыл мезгілдеріне тоқталу.Ай аттарын сұрау.Апта күндерін атау.Ауа райын бақылау. Оқу іс-әрекетін жұмбақпен бастағым келіп тұр. Жұмбақ:Таңдайлары тақылдап,Шулайтын кім шалшықта.Бірін-бірі мақұлдап. (Бақа) -Бақа туралы кім тақпақ біледі?— Бақаның қандай түрлерін білесіңдер?— Бақа қайда мекен етеді?-Бақаның түсі қандай?-Пішіні қандай? Бүктеу әдіс-тәсілі арқылы жасыл қағаздан бақаны жасаймыз. Үшбұрыш пішінге келтіріп бүктеп алыңдар. Басы, көзін домалақ пішінге келтіріңдер. і Үлгіге қарап жұмыстың орындалу барысымен таныстырып өтейін, мұқият тыңдаңдар. Сергіту сәті:Бақа, бақа, балпақБасың неге жалпақ.Темір телпеккөп киіп,Басым содан жалпақ.Бақа, бақа, балпақКөзің неге тостақ,Көрінгенге көп қарап,Көзім содан тостақ.Бақа, бақа балпақ,Бұтың неге талтақ,Су ішінде көп жүзіпБұтым содан талтақ. Балалардың жұмыстарының орындалу барысын қадағалап, қиналған балаларға көмек көрсетеді. |
Өлең жолдарын қимыл-қозғалыс арқылы көрсетеді. Шешуін табу, есте сақтау. Балалардың жауаптары тыңдалады. Жұмыстың орындалу барысымен танысады. Қимылмен көрсетеді. |
Рефлексиялық-түзетушілік | Оқу іс – әрекетін қорытындылау: Дайын жұмыстардан көрме ұйымдастыру, балалар жұмысын бағалау. | Балалар жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастырады. |
Күтілетін нәтиже: Нені білу керек: бақа туралы тақпақ, жұмбақтар;Нені игерді: бүктеу әдіс-тәсілдерін қолдана отырып бақаны жасауды;Нені біледі: жұмыстың орындалу барысын.
Технологиялық картаны толтырған: Технологиялық картаны тексерген:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім саласы: «Вариативтік компонент»Оқу іс-әрекеті: Өнерлі екен он саусақТақырыбы: Қаздың балапаныМақсаты: 1. Үй құстары туралы өлеңдер жаттау. 2. Қаздың балапаны туралы әңгіме айту. 3. Балаларды ине-жіппен жұмыс жасауға жаттықтыру.Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, бекіту.Билингвалды компонент: қаз-гусь, балапан-цыпленокСөздік жұмыс: қаздың балапаныКөрнекіліктер: әңгіме желісі туралы сурет.
Іс- әрекеткезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | Алдын ала сурет арқылы жұмыс жүргізу. | Балалардың зейіні оянады. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік | 1.Шаттық шеңбері:
Біздің топта ұд қыздар,Тату тәтті ойнаймыз.Әлемдегі бар балаға,Тек жақсылық тілейміз. 1.Кіріспе әңгіме Үй құстарына тауық, үйрек, қаз, күркетауық жатады. Олардың адам баласына тигізер пайдасы мол. Мамығынан көрпе, жастық жасайды, етін, жұмыртқасын азық-түлік ретінде пайдаланамыз. Құстардың балапандары әр түрлі болады. 2. Сұрақтар мен тапсырмалар: 3. Үй құстарын ата.4. Мына құстардың суретінен үй құстарын табыңдар. Қолдарыңдағы ақ түсті матадан қаздың балапанын өлшейміз, сосын қайшымен ұқыптап қиып аламыз да оны ине-жіппен тігеміз.Инемен жұмыс жасағанда өте мұқият болыңдар. Ине бір жерлеріңе кіріп кетуі мүмкін. Алдымен үлгіге қарап жұмыстың орындалу ретімен таныстырып өтейін, мұқият тыңдаңдар. Сергіту сәті: Сырға, сырға сырғалар,Құлағыңда ырғаларОң қолымда білезікСол қолымда білезікҚолға қалам аламын.Әдемі сурет саламын. Балалардың жұмыстарының орындалу барысын қадағалап, қиналған балаларға көмек көрсетеді. |
Өлең жолдарымен қимыл әрекет жасайды. Тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды, сұрақтар қояды. Үй құстары туралы әңгімелейді. Тапсырмаларды орныдайды. Жұмыстың орындалу ретін мұқият тыңдайды. Сергіту сәтін қимылмен көрсетеді. |
Рефлексиялық-түзетушілік | Жасалған жұмыстарға тәрбиеші балаларды қатыстырып, талдау жұмысын жүргізеді. | Балалар жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастырады. |
Күтілетін нәтиже: үй құстарының пайдасы туралы түсініктерін жетілдіру;Нені білу керек: қаздың балапанНені игерді: бүктеу әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы қаздың балапанын жасауды;Нені біледі: жасаған жұмыстарын көрсете біледі.
Технологиялық картаны толтырған: Технологиялық картаны тексерген:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім саласы:« Вариативтік компонент»Оқу іс-әрекеті: Өнерлі екен он саусақТақырыбы: БалықтарМақсаты: кесек ермексаздан созу арқылы мүсіндеу дағдыларын жетілдіру; Әртүрлі әдіс-тәсілдермен балықтың сыртын безендіру; мүсіндеу дағдыларын жетілдіру; бейненің сипатын аша білуге бағыт беру; ұқыпты жұмыс істеуге дағдыларын қалыптастыру.Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.Билингвалды компонент: балық-рыбаСөздік жұмыс: сазан, бекіре, кит, дельфин, акула. Керекті құралдар мен материалдар:Аквариумдағы балықтар, әртүрлі балықтардың суреттері, ермексаз, тақтайша, таяқша, қолорамал т.б.
Іс- әрекеткезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардыңіс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | Сюжеттік суреттер, үлестірмелі материалдармен жұмыс жасату. | Балалардың қызығушылықтары оянады. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік | Шаттық шеңбері:Күндей жылыДоптай көңілді Жүзіктей әдеміАлмадай тәтті бол!Жыл мезгілдеріне тоқталып өту.Ай аттарын сұрау.Апта күндерін атау.Ауа райына бақылау. Балалар мен оқу іс – әрекетін жұмбақпен бастағым келіп тұр. — Балықтар қайда өмір сүреді? — Олар су түбінде немен қоректенеді? — Балықтың қандай түрлерін білесіңдер? Балалар барлығың келіңдерші аквариумдағы балықтардың қасына. Енді дене құрылысындағы ерекшеліктерге назар аударайық. Сендер балықтың қандай түрін мүсіндегілерің келеді? Мен сендерге жұмыстың орындалу ретін түсіндіріп өтемін, мұқият тыңдаңдар.. Созу тәсілімен балықтың жүзбеқанаттары мен құйрығын қалай шығарып алуға болатынын айту. Көк түсті ермексаз кесегін жұмсартып аламыз. Ермексазды домалақтап алып, аздап жаншып, жалпайтамыз. Созу тәсілін пайдаланып, жіңішке ширатпалар мен домалақтар жасап аламыз. Балықтың дене бөлігін шиыртпалар және домалақтармен әшекейлейміз. Көздерін мүсіндеп алып, бас бөлігіне бекітеміз. Таяқшаның көмегімен аузын белгілейміз.Сергіту сәті:Көлдің беті кілегей,Жер сап-сары бірегей.Тырау-тырау тырналарТүстікке бетті бұрды олар.Қара суық жел есті,Күннің көзі көмескі. Ал, енді әдемі балықтарды мүсіндейміз.Істеріңе сәттілік тілеймін. | Сәлемдеседі.
.Қойылған сұрақтарға толық жауап береді? Білетін балық түрлерін айтады. Балалар балықтың қандай түрін мүсіндегісі келетінін өздері анықтайды. Жұмыстың орындалу ретін мұқият тыңдайды. Өлең жолдарын пайдаланып, сергіту жаттығуын орындайды. |
Рефлексиялық-түзетушілік | Қорытындылау: Балалардың жасаған жұмыстарын бірге талқылау және шағын көрме ұйымдастыру. | Бірге талқылайды, шағын көрме ұйымдастырады.. |
Күтілетін нәтиже: Балықты мүсіндеу;Нені білу керек: балықты мүсіндеудің орындалу тәсілін;Нені игерді: ұқсатып жасауға дағдыландыру;Нені біледі: жасаған жұмыстарын көрсете біледі.
Технологиялық картаны толтырған: Технологиялық картаны тексерген:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім саласы: «Вариативтік компонент»Оқу іс-әрекеті: Өнерлі екен он саусақТақырыбы: Анамызға сыйлықМақсаты: Балаларға «Ана» өлеңін оқып беріп, мазмұндау. Балалардың ананы сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Түсті қағаздардан гүл құрастыру.Аналарына сыйлық дайындау. Әдіс-тәсілдер: жаттау, көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, ойын, қорыту.Билингвалды компонент: сыйлық-подарокСөздік жұмыс: 8-наурыз, халықаралық, күннің нұры, сәбидің күлкісі, ананың ақ сүті.Қолданылатын көрнекіліктер: аналар мерекесі туралы суреттер, қайшы, желім, түрлі-түсті қағаздар, желім.
Іс- әрекетКезеңдері | Тәриешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Аналар мерекесі бейнеленген сурет арқылы көктемнің алғашқы мерекесі – халықаралық әйелдер мерекесі туралы түсінік беру. | Балалардың қызығушылығы оянады. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
1.Шаттық шеңбері: Балалар дөңгелене тұрып, әр бала өзінің сүйікті аналары туралы ойлап, аналарының өздерін қала еркелетінін айтады. Енді сендер аналарыңа жақсы тілектеріңді білдіріңдер.. 2.Кіріспе бөлімі:а) Сурет бойынша жұмыс. Дәптердегі аналар мерекесін бейнеленген сурет арқылы түсінік беру. Көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз – халықаралық әйелдер мерекесі. Бұл сендер сияқты бүлдіршін қыздарымыздың, әпкелеріңнің, ақ жаулықты аналарыңның, әжелердің мерекесі. — Өмірде үш қадірлі зат бар, ол – күннің нұры, сәбидің күлкісі, ананың ақ сүті. — Мерекеде аналарыңа не сыйлағылырың келеді? Ендеше балалар анамызға арнап сыйлық дайындайық. -Алдымен гүлдің сабағын қоңыр түсті қағаздан қиып аламыз. -Жасыл түсті қағаздан жапырақтарын дайындап аламыз. -Түрлі түсті қағаздан алуан түрлі гүл күлтелерін қиып аламыз. -Соңында дайын болған қиындыларды картонға ретімен жапсырамыз. в) Д/о: «Кімнің дауысы, табайық!»Шарты: балалар диктофон немесе таспаға алдын ала жазылған аналарының, әжелерінің сөздерін тыңдап, даусын танып айтады. Сергіту сәті:Дала гүлін сыйлық үшін жинаймыз,Кейде оны жұлуға да қимаймыз.Бұл гүлдерді қуанышты сәттерде,Шын жүректен аналарға сыйлаймыз. | Мені анам: «айым, күнім, боташым, ақылдым», — дейді. -Ана – не деген мейірімді, не деген қасиетті жан!-Ана деген болашағы өмірдің!-Ана деген қуанышы көңілдің!Сұрақтарға жауап береді.
Балалар зейін қойып тыңдайды. Аналарына сыйлайтын гүлдерді қиып жапсырады. . Балалар әжелері мен аналарының дауыстарын ажыратады. Қимылмен көрсетеді. |
Рефлексиялық-түзетушілік | Қорытынды: — Үйде аналарыңа көмектесесіңдер ме? — Аналарыңа қандай сыйлық жасайсыңдар? |
Балалардың жауаптары тыңдалады. . |
Күтілетін нәтиже: Нені білу керек: 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі екенін білу керек;Нені игерді: өмірде үш қадірлі зат бар екенін түсінді;Нені біледі: аналарға қандай сыйлық сыйлау керектігін
Технологиялық картаны толтырған: Технологиялық картаны тексерген:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасыБілім саласы: «Вариативтік компонент» Оқу іс-әрекеті: Өнерлі екен он саусақТақырыбы: Гүлдер әлеміМақсаты: Балаларға гүлдердің түрлері туралы ертегі оқып беріп, мазмұндау. Балаларды бояумен сурет салуға қызығушылығын арттыру. Дөңгелек затты түрлі бағыттағы түзу сызықтармен үйлестіріп салу. Әдіс-тәсілдер: көрсету, сұрақ-жауап, түсіндіру.Билингвалды компонент: гүлдер-цветыСөздік жұмыс:.бәйшешек, қызғалдақ, қыр.Көрнекіліктер: көктемнің алғашқы гүлдері салынған сурет, акварель бояулар, қарындаштар, су,қылқалам, қолорамал.
Іс-әрекеткезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардыңіс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | Көктемнің алғашқы гүлдерінің суретін көрсетіп, балалардан олардың аттарын сұрау | Балалардың қызығушылығы оянады. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік | Шаттық шеңбері:Жаңбыр, жаңбыр жауасың,Жанымызға дауасың.Біз ойнайтын ауланыңТазартасың ауасын.
Мен сендерге оқу іс-әрекетін жұмбақпен бастағым келіп тұр. Өзі сондай нәзік Су құйсаң кетеді,Алақанын жазып. (Гүл) Гүлдер әсем де, әдем және алуан түрлі болады. — Гүлдер қайда өседі?Дұрыс айтасыңдар. Далада өсетін гүлді дала гүлі дейміз. — Ал қырда, далада және тауда өсетін гүлді қалай атайсыңдар? — Гүл жер бетіне көрік беріп тұрады. Ал адамдарға болса қуаныш, көңіл сыйлайды. Суретке назар аудару. — Суреттен не көріп тұрсыңдар? — Мына гүлдердің аттары қандай? -Қызғалдақ пен бәйшешек көктемнің алғашқы гүлі. Гүлдердің әдемілігіне қарай иістері де хош иісті болады. Мен сендерге суреттің салу реттілігін түсіндіріп өтейін. -Дөңгелек затты түрлі бағыттағы түзу сызықтармен үйлестіріп салу. Сергіту сәті:Шаршағанда ырғалып,Гүлге ұқсап дем алам.Қанатымды бір қағып,Гүлдей болып жайқалам. |
Балалар тәрбиешімен бірге өлеңді қайталайды. Шешуін табу, есте сақтау -Далада, тауда, қырда. -Қыр гүлі, дала және тау гүлі деп атаймыз. -Гүлдер-Қызғалдақ, бәйшешек. . Қимылмен көрсетеді. |
Рефлексиялық-түзетушілік | Қорытынды:Балалардан салған суреттерін бір-біріне көрсетіп, талдауларын және достарының еңбектерін бағалап, жақсы салынған суреттерді үлгі етіп тақтаға өздерінің ілулерін сұрау. Барлық балаларды мақтау сөздерін айтып қуанту. | .Балалар салған суреттеріне талдау жасайды, жақсы салынған суреттерді тақтаға үлгі ретінде іледі. |
Күтілетін нәтиже: Нені білу керек: көктемнің алғашқы гүлдерінің атауын біледі;Нені игерді: гүлдердің әдемілігіне қарай олардың иістері де хош иісті болып келетінін түсінді;Нені біледі: жасаған жұмыстарын көрсете алады.
Технологиялық картаны толтырған: Технологиялық картаны тексерген:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім саласы: «Вариативтік компонент»Оқу іс-әрекеті: Өнерлі екен он саусақТақырыбы: Көлде жүзген аққуМақсаты: Балаларға көлде жүзетін құстар туралы әңгіме оқып беру. Тұзды қамырды ұқыпты бояу. Қол икемділіктерін арттыру. Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, жұмбақ, бекіту. Билингвалды компонент: көл-озеро, аққу-лебедьСөздік жұмыс: аққу.Көрнекіліктер: Аққудың суреті.
Іс-әрекеткезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардыңіс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | Тақырыптық сурет бойынша жұмыс жүргізу. | Балалардың қызығушылығы оянады. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік | Шаттық шеңбері:Аспан түрді түндігінЖерге сәуле жайылды.Неткен ашық күн бүгін,Қайырлы таң, қайырлы!
Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізу.Жыл мезгілдеріне тоқталу.Ай аттарын сұрау.Апта күндерін атау.Ауа райын бақылау. Жұмбақ:Садақша мойнын иілтіп,Көрген жанды сүйінтіп,Жүзгенде көлдің сәні өзі,Судағы құстың нәні өзі.Жердегі құстың серкесі;Көктегі құстың еркесі. (Аққу) Аққу атына заты сай. Өте аппақ құс болғандықтан, бұл құсты аққу дейміз. Балалар аққу өте қасиетті құс. Құстардың ішіндегі ең сұлу құс аққу. Бұл құс көлде жүзеді. Аққуды атуға болмайды. Мақал:Аққуды атпа,Досыңды сатпа. Қазір біз осы көлде жүзген аққу құсын ермексаздан мүсіндейміз. Алдымен бізге ақ түсті ермексаз керек. Ал, көлге көк түсті ермексазды қолданамыз. Жұмыстың орындалу реті түсіндіріледі. Сергіту сәті:Бір екі, үш,Жинап алып күш.Біз ұшамыз кептершеҚолымыз жерге жеткенше. Балалар сендердің істеріңе сәттілік тілеймін. |
Балалар шеңбер жасап тұрып қайталайды.
Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізеді. Шешуін табу, есте сақтау. Мақалды жатқа айтқызу. Жұмыстың орындалу ретін мұқият тыңдайды. Қимылмен көрсетеді. Балалар жұмысқа кірісіп кетеді. |
Рефлексиялық-түзетушілік | Оқу іс-әрекетті қорыту: Балалардың жасаған жұмыстарынан кішігірім көрме ұйымдастыру. | Салған суреттеріне қызыға қарайды.. |
Күтілетін нәтиже: Нені білу керек: жұмыстың орындалу ретін білу керек;Нені игерді:Нені біледі: жасаған жұмыстарын көрсете біледі.
Технологиялық картаны толтырған: Технологиялық картаны тексерген:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасыБілім саласы: «Вариативтік компонент» Оқу іс-әрекеті: Өнерлі екен он саусақТақырыбы: Алқаптағы гүлдерМақсаты: «Көктем» мезгілінде өсетін гүлдер туралы тақпақ жаттау. Көктем гүлдерін жинақтап, кептіріп жапсыру.Әдіс-тәсілдер: көрсету, сұрақ-жауап, түсіндіру.Билингвалды компонент: алқап-полянаСөздік жұмыс:.бәйшешек, қызғалдақ, қыр.Көрнекіліктер: көктемнің алғашқы гүлдері жапсырылған суреттер.
Іс-әрекеткезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардыңіс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | Көктемнің алғашқы гүлдерінің суретін көрсетіп, балалардан олардың аттарын сұрау | Балалардың қызығушылығы оянады. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік | Шаттық шеңбері:Жаңбыр, жаңбыр жауасың,Жанымызға дауасың.Біз ойнайтын ауланыңТазартасың ауасын.
Мен сендерге оқу іс-әрекетін жұмбақпен бастағым келіп тұр. Өзі сондай нәзік Су құйсаң кетеді,Алақанын жазып. (Гүл) Гүлдер әсем де, әдем және алуан түрлі болады. — Гүлдер қайда өседі?Дұрыс айтасыңдар. Далада өсетін гүлді дала гүлі дейміз. — Ал қырда, далада және тауда өсетін гүлді қалай атайсыңдар? — Гүл жер бетіне көрік беріп тұрады. Ал адамдарға болса қуаныш, көңіл сыйлайды. Суретке назар аудару. — Суреттен не көріп тұрсыңдар? — Мына гүлдердің аттары қандай? -Қызғалдақ пен бәйшешек көктемнің алғашқы гүлі. Гүлдердің әдемілігіне қарай иістері де хош иісті болады. Сергіту сәті:Шаршағанда ырғалып,Гүлге ұқсап дем алам.Қанатымды бір қағып,Гүлдей болып жайқалам. Демек біз алдымыздағы кеуіп тұрған гүлдерді ақ қағазға жапсырамыз. Міне, алқаптағы гүлдер де жапсырылып дайын болды. |
Балалар тәрбиешімен бірге өлеңді қайталайды. Шешуін табу, есте сақтау -Далада, тауда, қырда. -Қыр гүлі, дала және тау гүлі деп атаймыз. -Гүлдер-Қызғалдақ, бәйшешек. . Қимылмен көрсетеді. |
Рефлексиялық-түзетушілік | Қорытынды:Балалардан жасаған жұмыстарын бір-біріне көрсетіп, талдауларын және достарының еңбектерін бағалап, жақсы жапсырылған суреттерді үлгі етіп тақтаға өздерінің ілулерін сұрау. Барлық балаларды мақтау сөздерін айтып қуанту. | .Балалар салған суреттеріне талдау жасайды, жақсы салынған суреттерді тақтаға үлгі ретінде іледі. |
Күтілетін нәтиже: Нені білу керек: көктемнің алғашқы гүлдерінің атауын біледі;Нені игерді: кептірілген гүлдерден жұмыс жасауды;Нені біледі: жасаған жұмыстарын көрсете алады.
Технологиялық картаны толтырған: Технологиялық картаны тексерген:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасыБілім саласы: «Вариативтік компонент» Оқу іс-әрекеті: Өнерлі екен он саусақТақырыбы: ҚонжықМақсаты: Аюдық баласы туралы ертегі оқып беру, мазмұндау. Әртүрлі материалдарды біріктіріп, аюлар бейнесін жасауға үйрету. Дене бөліктерін біріктіріп, желімдеу, балалардың ой-қиялын дамыту. Әдіс-тәсілдер: көрсету, сұрақ-жауап, түсіндіру.Билингвалды компонент: қонжық-медвежонокСөздік жұмыс:.қонжықКөрнекіліктер: әңгіме желісіне сай суреттер.
Іс-әрекеткезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардыңіс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | Аюдық баласы туралы ертегі оқып беру. | Балалардың қызығушылығы оянады. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік | Шаттық шеңбері:Кел балалар, күлейік,Күлкіменен түлейік!Күлкі көңіл ашады»Күліп өмір сүрейік!
Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізіледі: Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізу.Ай аттарын сұрау.Апта күндерін атау.Ауа райын бақылау. Мен сендерге оқу іс-әрекетін жұмбақпен бастағым келіп тұр. Тәтті көрсе бас салар,Айнымайды баладан. (Аю) Балалар үйде өмір сүретін жануарлар үй дануарлары, орманда, далада өз бетімен өмір сүретін жануарлар жабайы аңдар. Аю да жабайы аңдарға жататынын бәріміз білеміз. Аюдың баласын қалай атаймыз? Демек біз қазір аюдың баласы қонжықты әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, қоңыр түсті матамен қонжықтың бейнесін жасаймыз. -қайшы алып қонжықтың бейнесін пішіп, кесіп аламыз. -ақ қағаз бетіне желіммен жапсырамыз. Сергіту сәті:Аю-маң-маң басады,Түлкі бұлаң қағады,Қасқыр ылаң салады,Қоян үркіп қашады,Күн сәулесі төгілді,Орман іші көңілді |
Балалар тәрбиешімен бірге өлеңді қайталайды. Шешуін табу, есте сақтау Тыңдайды. Түсінбегендерін сұрайды. . Қимылмен көрсетеді. |
Рефлексиялық-түзетушілік | Қорытынды:Балалардан жасаған жұмыстарын бір-біріне көрсетіп, талдауларын және достарының еңбектерін бағалап, жақсы дайындалған жұмыстарды үлгі етіп тақтаға өздерінің ілулерін сұрау. Барлық балаларды мақтау сөздерін айтып қуанту. | .Балалар жақсы жасалған жұмыстарын тақтаға үлгі ретінде іледі. |
Күтілетін нәтиже: Нені білу керек: жұмыстың орындалу барысын;Нені игерді: қонжықты пішіп, өлшеп, кесуді;Нені біледі: жасаған жұмыстарын көрсете алады.
Технологиялық картаны толтырған: Технологиялық картаны тексерген:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Вариативтік компонент»Оқу іс-әрекеті: Өнерлі екен он саусақТақырыбы: Құстар Мақсаты: Балаларға «Құстар» туралы ертегі әңгімелер оқып беру. Тақпақ жаттау. Балаларды табиғаттағы құстарды аялап, баптап, күте білуге үйрету. Құстарға деген қамқорлық көзқарастарын тереңдету. Құстардың суретін салу. Сурет салуға қызығушылықтарын арттыру. Әдіс-тәсіл: көрсету, түсіндіру, бекіту. Билингвалды компонент: құстар-птицыКөрнекіліктер: құстар бейнеленген суреттер, қағаз, гуашь, қылқалам, қарындаштар, су, қолорамалдар.
Іс- әрекеткезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | Алдын ала құстар бейнеленген сурет арқылы жұмыс жүргізу. | Балалардың қызығушылықтары артады. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
Табиғатқа қамқор боп, Байлығын біз қорғайық.Әдепті де, тәртіпті боп, Жақсылығын қолдайық. — Өз жерімізде қандай құстар кездеседі? — Қандай құстардың түрлерін білесіңдер? Олар табиғатты неден қорғайды?Өте дұрыс айттыңдар. Құстар да табиғаттың бір бөлігі.Құстардың дене құрылысына сипаттама берейік. — Қане, құстар туралы қайсың өлең білесіңдер. Бүгін біз құстардың суретін саламыз. Жұмыс дәптеріндегі құстардың суретін салу ретін таныстырып өтейін. Дөңгелек және сопақша пішіндердің көмегімен сурет салу тәсілін еске түсіру. Жай қарындашпен сопақша денесін саламыз. Сопақшаның бір жағына дөңгелек басын, екінші жағына үшбұрыштың құйрықтың нобайын саламыз. Қанатын сопақша пішінде келтіреміз. Аяғы, тұмсығы, көзін саламыз. Құстың суретін бояймыз. Өз қалауларың бойынша суретті ары қарай салуларыңа болады. Жеке жұмыс кезінде балалардың сурет салу кезінде пропорцияны дұрыс сақтауына, қылқаламмен жұмыс жасау тәсілдеріне көңіл бөліп, қадағалау керек. Жай қарындашпен сопақша денесін саламыз. Сопақшаның бір жағына дөңгелек басын, екінші жағына үшбұрыштың құйрықтың нобайын саламыз. Қанатын сопақша пішінде келтіреміз. Аяғы, тұмсығы, көзін саламыз. Құстың суретін бояймыз. Өз қалауларың бойынша суретті ары қарай салуларыңа болады. Жеке жұмыс кезінде балалардың сурет салу кезінде пропорцияны дұрыс сақтауына, қылқаламмен жұмыс жасау тәсілдеріне көңіл бөліп, қадағалау керек. Сергіту сәті:Қане қанат қағайық, қарлығаш боп ұшайық,Ұшып-ұшып алайық, орнымызға қонайық.Қарлығаш боп ұшайық, торғай болып қонайық,Сауысқан боп секіріп, тоқылдақ боп шоқиық. |
Өлең жолдарымен қимыл көрсетеді. Балалардың Жауаптары тыңдалады. Білетін өлеңдерін айтады. Құстардың суретін салу ретімен танысады. Қимылмен көрсетеді. |
Рефлексиялық-түзетушілік | Балалардың ең жақсы, таза, ұқыпты орындалған суреттеріне назар аударып, сипаттама беру. | Балалар салған суреттеріне сипаттама береді. |
Күтілетін нәтиже: Нені білу керек: құстарды бейнелеп салуды біледі; Нені игерді: сюжетті композиция құрастыруды игерді; Нені біледі: құстар туралы жұмбақтар, өлеңдерді жатқа біледі.
Технологиялық картаны толтырған: Технологиялық картаны тексерген:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім саласы: «Вариативтік компонент»Оқу іс-әрекеті: Өнерлі екен он саусақТақырыбы: ЖаңбырМақсаты: Шығарманы оқып беру, мазмұнын түсіндіру. Балаларды кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Үлкендерді құрметтеуге, сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу. «Жаңбырдың» суретін саусақ арқылы салу. Әдіс-тәсіл: көрсету, түсіндіру.Билингвалды компонент: жаңбыр-дождьКөрнекіліктер: жаңбыр бейнеленген суреттер, қағаз, гуашь, қылқалам, қарындаштар, су, қолорамалдар.
Іс- әрекеткезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | Алдын ала құстар бейнеленген сурет арқылы жұмыс жүргізу. | Балалардың қызығушылықтары артады. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
Шаттық шеңбер:
Табиғатқа қамқор боп, Байлығын біз қорғайық.Әдепті де, тәртіпті боп, Жақсылығын қолдайық. Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізіледі: Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізу.Ай аттарын сұрау.Апта күндерін атау.Ауа райын бақылау. Жылдың үш мезгілінде де жаңбыр жауады. Өздеріңде білесіңдер көктем мен күзде жаңбыр жиі-жиі жауады. Жаңбырдың мынандай түрлері болады, ақжауын, нөсер жауын, өткінші жауын. Ақжауын тоқтаусыз жауатын жаңбыр. Нөсер жауын құйып жауады. Өткінші жауын күн шығып тұрады, соның өзінде жауын жауып өтеді. Бүгін біз жаңбыр тамшысының суретін көк түсті гуашь бояуымен саламыз. Ең алдымен бояуға саусағымызды малып, қағаз бетіне бастырамыз. Сергіту сәті:Боран соқты гу-гу,Найзағай жарқылдады топ-топ,Жаңбыр жауды тырс-тырс,Күн ашылды. Балалардың жұмыстарының орындалу барысын қадағалап, қиналған балаларға көмек көрсетеді. |
Өлең жолдарымен қимыл көрсетеді. Балалардың жауаптары тыңдалады. Жаңбырдың суретін салу ретімен танысады. Қимылмен көрсетеді. |
Рефлексиялық-түзетушілік | Балалардың ең жақсы, таза, ұқыпты орындалған суреттеріне назар аударып, сипаттама беру. | Балалар салған суреттеріне сипаттама береді. |
Күтілетін нәтиже: Нені білу керек: жаңбырды бейнелеп салуды біледі; Нені игерді: сюжетті композиция құрастыруды игерді; Нені біледі: жаңбыр туралы жұмбақтар, өлеңдерді жатқа біледі.
Технологиялық картаны толтырған: Технологиялық картаны тексерген:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім саласы: «Вариативтік компонент»Оқу іс-әрекеті: Өнерлі екен он саусақТақырыбы: Шалғын шөптерМақсаты: Балаларға шөптер туралы әңгіме оқып беру арқылы, білгендерін жетілдіру. Шөпті ақ қағазға жұлмалау әдісі арқылы жапсыру. Әдіс-тәсіл: көрсету, түсіндіру.Билингвалды компонент: шөп-траваСөздік жұмыс: шалғынКөрнекіліктер: шалғын шөп бейнеленген суреттер, түрлі түсті қағаз, қайшы, желім
Іс- әрекеткезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | Алдын ала тақырыптық сурет арқылы жұмыс жүргізу. | Балалардың қызығушылықтары артады. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
Шаттық шеңбер:
Табиғатқа қамқор боп, Байлығын біз қорғайық.Әдепті де, тәртіпті боп, Жақсылығын қолдайық. Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізіледі: Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізу.Ай аттарын сұрау.Апта күндерін атау.Ауа райын бақылау. Балалар келіңдер терезенің тұсына, айналаға көз жүгіртіңдерші. Айнала жап-жасыл шалғын шөптерімен жайқалып тұр. Шалғын шөптердің пайдасы жерден шаң көтерілгенде өздеріне шаңды жұтып, ауаны тазартып тұрады. Қане, балалар енді біз «Шалғын шөптердің» суретін саламыз. Шөпті ақ қағазға жасыл түсті қағаздан жұлмалау әдісі арқылы желіммен жапсырамыз. Сергіту сәті:Тербеледі ағаштар,Алдымнан жел еседі.Кіп-кішкентай балалар,Үп-үлкен болып өседі.Балалардың жұмыстарының орындалу барысын қадағалап, қиналған балаларға көмек көрсетеді. |
Өлең жолдарымен қимыл көрсетеді. Балалардың жауаптары тыңдалады. Балалар терезеден қарап, айналаға көз жүгіртеді. Жасыл түсті қағазды жырту әдісі арқылы ақ қағазға шалған шөптің бейнесін жапсырамыз. Қимылмен көрсетеді. |
Рефлексиялық-түзетушілік | Балалардың ең жақсы, таза, ұқыпты орындалған суреттеріне назар аударып, сипаттама беру. | Балалар салған суреттеріне сипаттама береді. |
Күтілетін нәтиже: Нені білу керек: шалғын шөпті бейнелеп салуды біледі; Нені игерді: сюжетті композиция құрастыруды игерді; Нені біледі: жасаған жұмыстарын көрсете біледі.
Технологиялық картаны толтырған: Технологиялық картаны тексерген:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім саласы: «Вариативтік компонент»Оқу іс-әрекеті: Өнерлі екен он саусақТақырыбы: ЖайлаудаМақсаты: Балаларға «Жайлау» туралы әңгімелеп, мазмұндау. Жайлаудың бейнесін әр түрлі заттардан бейнелеп жасау. Әдіс-тәсіл: көрсету, түсіндіру.Билингвалды компонент: жайлау-джайлауСөздік жұмыс: шалғынКөрнекіліктер: жайлау бейнеленген сурет.
Іс- әрекеткезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | Алдын ала тақырыптық сурет арқылы жұмыс жүргізу. | Балалардың қызығушылықтары артады. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
Шаттық шеңбер:
Жайқалып жапырақ,Құлпырып қызғалдақ,Тұратын көз тартып,Жаз келді күн шуақ. Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізіледі: Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізу.Ай аттарын сұрау.Апта күндерін атау.Ауа райын бақылау. Жұмбақ:Күндер ысып, шөп пісіп,Ел пішенін орады.Бөбектерім, айтыңдаршы,Бұл қай кезде болады? (Жазда) Жаз мезгілі ең қызықты кезең. Жазда күн ыстық болады. Балалар жазғы демалысқа шығады, суға шомылып, демалатын орындарға барады, кейбір балалар жайлауға ата-әжелеріне барады. Жайлаудың шөбі шалғын, ауасы өте таза және салқын болады. Бүгін жайлауды қол еңбегі арқылы әртүрлі табиғи және керексіз және түрлі түсті картонмен бейнелеп жасаймыз. Жұмыстың орындалу ретімен таныстырып өтемін, мұқият тыңдаңдар. Сергіту сәті:Жаз келіпті дегенше,Алма пісті дегейсің.Бағымызда ендешеАлма тарту көбейсін.Жаз келіпті дегенше,Қарбыз пісті дегейсің,Бақшамызда ендешеҚарбыз жинау көбейсін. Балалардың жұмыстарының орындалу барысын қадағалап, қиналған балаларға көмек көрсетеді. |
Өлең жолдарымен қимыл көрсетеді. Балалардың жауаптары тыңдалады. Шешуін табу, есте сақтау. Балалар жұмысқа кірісіп кетеді. Қимылмен көрсетеді. |
Рефлексиялық-түзетушілік | Балалардың ең жақсы, таза, ұқыпты орындалған суреттеріне назар аударып, сипаттама беру. | Балалар салған суреттеріне сипаттама береді. |
Күтілетін нәтиже: Нені білу керек: жайлауды бейнелеп салуды біледі; Нені игерді: сюжетті композиция құрастыруды игерді; Нені біледі: жасаған жұмыстарын көрсете біледі.
Технологиялық картаны толтырған: Технологиялық картаны тексерген:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім саласы: «Вариативтік компонент»Оқу іс-әрекеті: Өнерлі екен он саусақТақырыбы: Көрме ұйымдастыруМақсаты: Жыл бойы жақсы жасалған жұмыстардан ата-аналарға арнап көрме ұйымдастыру. Әдіс-тәсіл: көрсету, түсіндіру.: Көрнекіліктер: жайлау бейнеленген сурет.
Іс- әрекеткезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | Алдын ала тақырыптық сурет арқылы жұмыс жүргізу. | Балалардың қызығушылықтары артады. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
Шаттық шеңбер:
Жайқалып жапырақ,Құлпырып қызғалдақ,Тұратын көз тартып,Жаз келді күн шуақ. Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізіледі: Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізу.Ай аттарын сұрау.Апта күндерін атау.Ауа райын бақылау. Жыл бойы қандай қол еңбегін жасадық? Ең бірінші «Ұшақ», «Аққулар», «Сиыр», «Паравоз», «Әтеш пен бақа», «Алтын балық», «Қайық», «Қашқаргүл», «Арыстан», «Аққала», «Үйрек», «Түймедақ», «Қысқы киім», «Тасбақаның суретін саламыз», «Досыма сыйлық», «Қалампыр», «Тату жанұя», «Қоңырау гүлдер», «Молшылық, береке», «Бақа», «Қаздың балапаны», «Бақ-бақ», «Балықтар», «Анамызға сыйлық», «Гүлдер әлемі», «Орманда», «Көлде жүзгенаққу», «Қайықша», «Қонжық», «Алқаптағы гүлдер»«Құстар», «Жаңбыр», «Шалғын шөптер».Осы жасаған жұмыстарымыздан ата-аналарға көрме ұйымдастырамыз. Сергіту сәті:Жаз келіпті дегенше,Алма пісті дегейсің.Бағымызда ендешеАлма тарту көбейсін.Жаз келіпті дегенше,Қарбыз пісті дегейсің,Бақшамызда ендешеҚарбыз жинау көбейсін. Балалардың жұмыстарының ордалу барысын қадағалап, қиналған балаларға көмек көрсетеді. |
Өлең жолдарымен қимыл көрсетеді. Балалардың жауаптары тыңдалады. Шешуін табу, есте сақтау. Балалар жұмысқа кірісіп кетеді. Қимылмен көрсетеді. |
Рефлексиялық-түзетушілік | Балалардың ең жақсы, таза, ұқыпты орындалған суреттеріне назар аударып, сипаттама беру. | Балалар салған суреттеріне сипаттама береді. |
Күтілетін нәтиже: Нені білу керек: жайлауды бейнелеп салуды біледі; Нені игерді: сюжетті композиция құрастыруды игерді; Нені біледі: жасаған жұмыстарын көрсете біледі.
Технологиялық картаны толтырған: Технологиялық картаны тексерген:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім саласы: «Вариативтік компонент»Оқу іс-әрекеті: Бірге ойнайық!Тақырыбы: Заттарды топтаМақсаты: Суретке қарап ойлау қабілетін дамыту. Заттарды топтауға үйрету. Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, бекіту. Билингвалды компонент: ұяшық – ячейкаСөздік жұмыс: топтау, ұяшық.Көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар
Іс- әрекеткезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | Балалар тақтадағы суретке назар аударайық. Кестені толтыру үшін жапсырма қағаз таңдап алу керек. | Суретке көңіл бөлу |
Ұйымдастырушылық-ізденістік | Шаттық шеңбері:Ауадан қуат алайық,Алақанға салайық.Жерден нәр алайықАлақанға салайық.Күннен қуат алайықАлақанға салайық.Күш шуағын , Апайларға сыйлайық.Балалар, олай берілген тапсырманы мұқият тыңдаймыз. Балалар қай үстелде ойнап отыр, қай үстелде цифрлармен жұмыс істеп отыр? -Олар нешеу, қайсылары көп?-Неше орындық? -Неше парта?Келесі тапсырма кестені толтыру, -алдымен ұяшықта неше нүкте барын анықта. Содан кейін суреттен заттардың осынша санын тап. Бір, екі, үш және адамы бар суретті таңда. Енді ұяшыққа орналыстыр.«Ненің қайда орналасқанын тап» тапсырмасын орындайық.Балалар өздеріңнің алдында, артында, оң және сол жағында, жоғарыда, төменде не орналасқанын анықтайды.
«Кім қайда тұрғанын тап» ойыны. Менің қасыма 3 бала келіңдер, мені айнала қоршап тұрады. Қалған балалар әркімнің тұрған орнын анықтайды. «Не өзгереді?» тапсырмасы.Үстел үстінде бірнеше зат жатыр, балалар заттарға қарап естеріне сақтап қалу керек, содан кейін көздерін жұмады, педагог заттардың орнын ауыстырып қояды. Балалар көздерін ашқаннан кейін қай заттың орны ауысқанын анықтайды. Сергіту сәті.Тербеледі ағаштар,Алдымнан жел еседі.Кіп – кішкентай балалар,Үп – үлкен боп өседі. |
Шаттық шеңберін қимыл іс-әрекетпен орындайды.
Мұқият тыңдап, тапсырмаларды орындауда Қызығушылықпен ойнайды Сергіту сәтін орындайды |
Рефлексиялық-түзетушілік | Заттар тобын санау жаттығуларының сан туралы түсіндіңдер ғой. Бұдан былай санау бірлігі ретінде жеке деген заттармен қатар заттар тобы қолданылады. Осылайша бірлік жекеден оқшауланады. | Тапсырмаларын аяқтауда |
Күтілетін нәтиже: Нені білу керек: заттарды салыстыру арқылы тапсырманы орындайбілу керек;Нені игерді: тапсырманы орынадау арқылы;Нені біледі: санау арқылы қанша, неше? Деген сұрақ қоя отырып, дамытты.
Технологиялық картаны толтырған: Технологиялық картаны тексерген:
Ұйымдастырылған оқу іс — әрекетінің технологиялық картасыБілім беру саласы: «Вариативтік компонент» Оқу іс әрекеті: Өнерлі екен он саусақ Тақырыбы: Сиыр Мақсаты: Балаларға сиыр және оның адам өміріндегі пайдасы туралы әңгімелеп, тақпақ жаттату. Сиырдың суретін қарап салу. Балаларды көргенін өз беттерімен суреттеуге үйрету. Әдіс – тәсілдер:Түсіндіру, көрсету, бекіту. Билингвальды компонент: сиыр – корова, тері – шкура, сүт – молоко, қаймақ — сметана Сөздік жұмыс: Төрт түлік мал, ірі – қара мал. Қолданатын көрнекі құралдар: Сиырдың суреті, түрлі – түсті бояулар мен ақ қағаз.
Іс-әрекет кезеңдері: | Педагогтің іс-әрекеті: | Балалардың іс-әрекеті. |
Мотивациялық қозғаушылық |
Балалардың назарын тақтадағы суретке аудару. |
|
Ұйымдастырушылықкезеңі | Шаттық шеңберіАрайлап таң аттыАлтын сәуле таратты.Қайырлы таң!Қайырлы күн!Күліп шықты күн бүгін.
Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізу.Жыл мезгілдеріне тоқталу.Ай аттарын сұрау.Апта күндерін атау.Ауа райын бақылау. Балаларға төрт түлік малдың өзіне тән ерекшеліктерін айтады. Соның ішінде ірі қара малдың бірі сиырды таныстырады. Сиыр өте момын және адамдарға пайдасы өте көп. Сиырдың сүтін ішеміз, етін жейміз, қаймағы мен майын жейміз. Терісінен былғары аяқ киімде, қыстық жылы киімдер тігіледі. Балалар жұмыстың орындалу барысын түсіндіріп өтейін. Мұқият тыңдаңдар!1.Ақ қағазға сиырдың бейнесін жай қарындашпен саламыз.2.Салған суретті акварель бояумен баяймыз.3.Жұмысты таза орындап, аяқтаймыз.4.Жұмыс орнын жинаймыз.Ал балалар сендерге сәттілік тілеймін!Сиырдың бейнесін тақтадағы суретке қарап ақ қағазға бейнесін саламыз. Сергіту сәтіОрнымыздан тұрайық,Қолды белге қояйық.Бір отырып,Бір тұрып.Сәл тынығып алайық. |
Балалар қимыл іс – әрекетпен орындайды.
Балалар жауап береді. Балалар назар аударып тыңдайды. Балалар қызығып орындайды. Балалар қимыл іс – әрекетпен орындайды |
Рефлексиялық түзетушілік | Балалар салған суреттерін көрмеге іледі. Балалардан сиырдың қасиетін сұрайды.Сиырдың пайдасын сұрайды. | Балалар жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:Нені білу керек: Төрт түлік малдың атауларын!Нені игерді: Сиырдың суретін салуды.Нені біледі: Ұқыпты таза сурет салуды.
Технологиялық картаны толтырған: Технологиялық картаны тексерген: Ұйымдастырылған оқу іс — әрекетінің технологиялық картасыБілім беру саласы: «Вариативтік компонент» Оқу іс әрекеті: Өнерлі екен он саусақ. Тақырыбы: Әтеш пен Бақа Мақсаты: Балаларға қазақ ертегілерін оқып беру. Сол ертегілер арқылы батыр, шыншыл, ел қамын ойлайтын ақылды болып өсуге талаптандыру.Әдіс – тәсілдер: Ертегі оқу, түсіндіру, сұрақ – жауап, бекіту.Сөздік жұмыс: АйдарыБилингвальды компонент: әтеш –петух, бақа – лягушка, айдары — гребешок .Қолданатын көрнекі құралдар: Әтеш пен бақаның суреттері, түрлі – түсті қағаз, қайшы, желім, қарындаш, орамал.
Іс-әрекет кезеңдері: | Педагогтің іс-әрекеті: | Балалардың іс-әрекеті. |
Мотивациялық қозғаушылық |
Алдын – ала әтеш пен Бақаның суретімен жұмыс жүргізу. |
Балалардың зейіні оянады. |
Ұйымдастырушылықкезеңі | Шаттық шеңберАспан түрді түндігін,Жерге сәуле жайылды.Неткен ашық күн бүгінҚайырлы таң, қайырлы!
Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізу.Жыл мезгілдеріне тоқталу.Ай аттарын сұрау.Апта күндерін атау.Ауа райын бақылау. Жұмбақ:Қызылдан киген киім,басқа қалпақСаусағы төртеу болған емес жалпақ.Үстіне неше түрлі тон жамылып,Басады мас адамша талтаң – талтаң. (Әтеш) Балаларға әтеш пен Бақа туралы ертегі оқып беру.Ертегідегі батырлық, шыншылдық, ақылдылық туралы балаларға түсіндірді.Әтеш үй құстарына жатады.Түсі әр – түрлі болады.Әтештің тауықтан айырмашылығы маңдайында қызыл айдары бар. Бақаның түсі жасыл, көзі үлкен, ол сулы аймақтарда өмір сүреді.Осы ертегідегі әтеш пен бақаның бейнесін қағаз бетіне жапсырайық.Мен сендерге үлгі ретінде жасалу жолын көрсетіп, жапсыру жұмысын тиянақты орындау керек.Балаларға жабыстыру жолын көрсетеді. Сергіту сәтіДөңгелене тұрамызКерегені құрамыз.Уықтар болып иіліп,Шаңыраққа киіліп,Достық үйін құрамыз. |
Балалар іс – қимылдармен орындайды.
Балалар жауап береді. Шешуін табады. Ертегіні мұқият отырып тыңдайды. Балалар қимыл іс – әрекеттермен орындайды. |
Рефлексиялық түзетушілік | Дайын болған жұмыстарды талдау, және кішігірім көрме ұйымдастыру, қорытындылау. | Жасаған жұмыстарын көрмеге іледі. |
Күтілетін нәтиже:Нені білу керек: Әтеш пен Бақа жайлы ертегініНені игерді: Әтеш пен Бақаның түр – түсін игерді.Нені біледі: Айқын түстермен Әтеш пен Бақаның суретін салуды.
Технологиялық картаны толтырған: Технологиялық картаны тексерген:
Ұйымдастырылған оқу іс — әрекетінің технологиялық картасыБілім беру саласы: «Вариативтік компонент» Оқу іс әрекеті: Өнерлі екен он саусақ Тақырыбы: Қашқаргүл Мақсаты: Қашқаргүл туралы тақпақ оқып жаттату. Мүсіндеу арқылы балалардың қол икемділіктерін жетілдіру.Әдіс – тәсілдер:Тақпақ жаттату, түсіндіру, орындату,бекіту.Сөздік жұмыс:ҚашқаргүлБилингвальды компонент: қашқаргүл – астра, гүл – цветы, бақша гүлі – садовые цветыҚолданатын көрнекі құралдар: қашқаргүлдің суреті, ермексаз, тақтайша, орамал.
Іс-әрекет кезеңдері: | Педагогтің іс-әрекеті: | Балалардың іс-әрекеті. |
Мотивациялық қозғаушылық |
Алдын ала тақырыптық сурет арқылы әңгімелесу. |
Балалардың қызығкшылығы болады. |
Ұйымдастырушылықкезеңі | Шаттық шеңберКел балалар күлейік,Күлкіменен түлейік.Қабақ түйген не керек,Көңілді болып жүрейік.
Табиғат бұрышымен жұмыс жүргізуЖыл мезгілдеріне тоқталу.Ай аттарын сұрау.Апта күндерін атау.Ауа райын бақылау. Мен оқу іс – әрекетін жұмбақпен бастағым келіп тұр. ЖұмбақӨз қандай нәзік,Су құйсаң кетеді.Алақанын жазып. (Гүл) Гүлдер нәзік әдемі алуан түрлі болады.Сонымен қатар жер бетіне көрік беріп тұрады. Гүлдер нәзік болғандықтан оны үзіп алғаннан кейін, өте ұзақ тұрмайды.-Гүлдердің қандай түрлерін білесіңдер?-Гүлдер адамдарға не сыйлайды?-Гүлді кімдерге сыйлауға болады?-Гүлдер қайда өседі?-Мысалы далада өсетін гүлді дала гүлі дейміз,қырда өсетін гүлді қыр гүлі дейміз,бақта өсетін гүлді бақша гүлі дейміз.Соның ішінде бақша гүлінің бірі қашқаргүлмен танысамыз.Тәрбиеші балаларға қашқаргүлдің суретін көрсетіп, таныстырады.-Ал,балалар қашқаргүлмен таныстық,енді осы гүлді ермексаздың көмегімен мүсіндейік.Тәрбиеші балаларға бағыт-бағдар беріп,ермексазбен қашқаргүлдің жасалу жолдарын көрсетеді. |
Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Балалардың жауабы. Жұмбақтың шешуін табады, есте сақтайды. Сұрақтарға толық жауап береді. Балалар суретке назар аударады, қашқаргүлмен танысады. Балалар тәрбиешінің көмегімен қашқаргүлді мүсіндейді. |
Рефлексиялық түзетушілік | Орындаған жұмыстарын қарап, талдау жасайды.Балалардың жұмыстарынан көрме ұйымдастырып, балалар өздері жасаған қашқаргүлдің жақсы жасалғанын, дұрыс орындалғанын атап өтеді.Балаларды мақтап, мадақтап жұлдызша сыйлайды. | Өздері жіберген кемшіліктерін өздері анықтайды. |
Күтілетін нәтиже:Нені білу керек: Қашқаргүлдің бақша гүлі екендігін және түрлерін. Нені игерді: Ермексаздың көмегімен қашқаргүлді мүсіндеуді.Нені біледі: Жасаған жұмыстарын көрсете білуді.
Технологиялық картаны толтырған: Технологиялық картаны тексерген:
Ұйымдастырылған оқу іс — әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы: «Вариативтік компонент» Оқу іс әрекеті: Өнерлі екен он саусақ Тақырыбы: Үйрек Мақсаты:балаларды үйрекпен таныстыру, тұзды қамырды пайдалану арқылы үйректі жасауды үйрету, ұқыпты жұмыс жасауға дағдыландыру.Әдіс – тәсілдер: көрсету, түсіндіру,бекіту. Сөздік жұмыс: үйрек, тұзды қамыр. Билингвальды компонент: үйрек – утка, үй құсы – домашняя птица. Қолданатын көрнекі құралдар: тұзды қамыр, акварель бояуы, тақтайша, орамал.
Іс-әрекет кезеңдері: | Педагогтің іс-әрекеті: | Балалардың іс-әрекеті. |
Мотивациялық қозғаушылық |
Алдын – ала суретпен жұмыс |
Балалар зейін қойып көреді |
Ұйымдастырушылықкезеңі | Шаттық шеңберіАрайлап таң аттыАлтын сәуле тараттыҚайырлы таң, Қайырлы күн.Күліп шықты күн бүгін!
Табиғат бұрышымен жұмыс жүргізуЖыл мезгілдеріне тоқталу.Ай аттарын сұрау.Апта күндерін атау.Ауа райын бақылау. Балаларды үй құстарымен таныстыруҮй құстарының аттарымен олардың пайдасын түсіндіру.Үй құстарының бірі үйрекпен ерекше таныстыру. Үйректің біз етін жейміз, оның беретін пайдасы көп. Енді көп үйректі тұзды қамырмен илеп мүсіндейміз.Жасалу ретін түсіндіріп айтады. Сергіту сәтіОрнымыздан тұрамызҚолды белге қоямызБір отырып, бір тұрып,Сәл тынығып аламыз. Тәрбиеші жұмыстарын қадағалап, бағыт бағдар беріп мүсіндеуді аяқтатады. Дидактикалық ойын:Не артық? |
Балалар іс – әрекетпен орындайды.
Балалар жауап береді. Мұқият тыңдайды. Балалар жұмыс жасауға қызығушылықпен кіріседі. Қимыл іс – әрекетпен орындайды. Қызыға ойнайды. |
Рефлексиялық түзетушілік | Тәрбиеші балалардың жұмысына талдау жасайды. Жақсы жасалған жұмыстардан көрме ұйымдастырылады. Балаларды мақтап, мадақтайды. | Жасалған жұмыстарын көрмеге қояды. |
Күтілетін нәтиже:Нені білу керек:Үй құстарын ажырата білу керек.Нені игерді: Тұзды қамырмен жұмыс жасаудыНені біледі: Ұқыпты жұмыс жасауды.
Технологиялық картаны толтырған: Технологиялық картаны тексерген:
Ұйымдастырылған оқу іс — әрекетінің технологиялық картасыБілім беру саласы: «Вариативтік компонент» Оқу іс әрекеті: Өнерлі екен он саусақ Тақырыбы:Қысқы киімдерМақсаты:Балаларға киім, киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсініктер беру. Қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету. Әр мезгілде киетін киімдерді атай білуге, ойлау қабілеттерін дамыту. Киімді ұқыпты, таза киюге тәрбиелеу.Әдіс – тәсілдер: Сұрақ – жауап, әңгімелеу, көрсету, ойын, бекіту.Сөздік жұмыс: малақай, құлақшын.Билингвальды компонент: Шуба – тон, шарф – мойынорағыш,сапоги – етікҚолданатын көрнекі құралдар: суреттер, қысқы киім киген қуыршақ, желім, қайшы, ақ қағаз, мата түрлері.
Іс-әрекет кезеңдері: | Педагогтің іс-әрекеті: | Балалардың іс-әрекеті. |
Мотивациялық қозғаушылық | Қыс мезгілі бейнеленеген суреттер арқылы әңгіме құрау. | Балалардың қызығушылығын ояту. |
Ұйымдастырушылықкезеңі | Шаттық шеңберіДостарды біз қолдаймыз,Қиын жақта қорғаймыз,Біздің топта ұл – қыздар,Тату – тәтті ойнаймыз.Табиғат бұрышымен жұмыс жүргізуЖыл мезгілдеріне тоқталу.Ай аттарын сұрау.Апта күндерін атау.Ауа райын бақылау.
Тәрбиеші балалардың назарын тақтадағы қысқы киімдердің суретіне аудартады. Олай болса балалар бүгінгі оқу іс – әрекетіміздің тақырыбы «Қысқы киімдер» — деп аталады.Балаларға киімдер бейнеленген суреттер таратылады. Мысалы: малақай – құлағы бар жылы бас киім, құлақшын.Сөздік жұмысын жүргізуЫс – ыс – ыс келді қыс,Ақ – ақ – ақ біз тебеміз сырғанақ.Тәрбиеші балаларға әр түрлі мата түрлерін көрсетіп, таныстырады. Сол мата түрлерін пайдаланып, қысқы киімдерді жапсыруды тапсырады. Сергіту сәтіБоран соғар оң жақтан, Боран соғар сол жақтан.Қолыңа қолғап кимесең,Суық өтер жан — жақтан.Балалардың қайшыны дұрыс ұстауына көмектеседі. Қиылған қысқы киімдерді ақ қағазға дұрыс жапсыруға бағыт – бағдар береді. |
Балалар қимыл іс – әрекетпен орындайды.
Балалар жауап береді. Суретке назар аударады. Сұрақтарға жауап береді. Балалар киімдерге сипаттама береді. Бірге қосылып қайталайды. Пішілген маталарды қайшының көмегімен қиып, қағаз бетіне жапсырады. Қимыл іс – әрекетпен орындайды. |
Рефлексиялық түзетушілік |
Дидактикалық ойын«Қуыршақты киіндір»
|
Балалар қызыға ойнайды
Балалардың жауабы. |
Күтілетін нәтиже: Нені білу керек:Әр мезгілде киетін киімдерді атай білуі керек. Нені игерді: Дайын пішілген матаны қиып киім құрастыруды. Нені біледі: Ойын арқылы қысқы киімдерді ажыратуды.
Технологиялық картаны толтырған: Технологиялық картаны тексерген:
Ұйымдастырылған оқу іс — әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Вариативтік компонент» Оқу іс әрекеті: Өнерлі екен он саусақТақырыбы: ҚоңыраугүлМақсаты: «Қоңыраугүл» туралы тақпақ жаттау. Сурет салуға қызығушылығын арттыру, қарындашты оң қолмен ұстауға үйретіп, жаттықтыру.Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, көрсету, таныстыру, бекіту.Сөздік жұмыс: ҚоңыраугүлБилингвальды компонент: Қоңыраугүл – колокольчик, дала гүлдері –полевые птицы, қыр гүлі – горные цветы.Қолданатын көрнекі құралдар: гүлдердің суреттері, акварель бояу, ақ қағаз.
Іс-әрекет кезеңдері: | Педагогтің іс-әрекеті: | Балалардың іс-әрекеті. |
Мотивациялық қозғаушылық | (Сурет) Алдын – ала сурет арқылы жұмыс жүргізу. | Балалар қызығушылығын арттыру |
Ұйымдастырушылықкезеңі | Шаттық шеңберБалалар жиналды бір топқаСен менің, мен сенің досыңмынҚане, қолды бер досым,Бірге ойнайық қуана.
Табиғат бұрышымен жұмыс жүргізуЖыл мезгілдеріне тоқталу.Ай аттарын сұрау.Апта күндерін атау.Ауа райын бақылау. Балаларды тақтадағы суретке назарын аудартады.Суреттегі гүлдердің түрлерімен таныстырады.Гүлдер неше түрлі болып бөлінеді: дала гүлі, қыргүлі, бақшагүлі болып бөлінеді.Дала гүлдері – далада өсетін гүлдерді айтады.Қыр гүлдері – қырда өсетін гүлдерді айтады.Бақша гүлдері деп – бақшада адамның күтіп баптауымен өсетін гүлді айтадыОсы гүлдердің бірі қоңырау гүлді бүгін біз суретін саламыз. Қоңырау гүл деп қоңырауға ұқсайтын болғандықтан қоңыраугүл деп атаймыз.Енді осы гүлді салуға кірісейік.Ал қағаз бетіне бірінші жәй қаламмен гүлдің бейнесін салып алайық.Сосын артынан акварельмен бояймыз.Сергіту сәті.Күндей болып күлемізГүлдей болып өсемізҚұсатар болып ұшамыз,Көбелектей қонамыз Ал ары қарай суретімізді аяқтайық. |
Шеңберде тұрып жасайды Балалар жауап береді. Балалар назарын аударады. Сұрақ – жауап арқылы балалар түсінеді. Сурет салуға кіріседі. Қимылмен жасайды. Суреттерін аяқтайды. |
Рефлексиялық түзетушілік |
|
Балалар сұраққа жауап береді, көрме жасайды. |
Күтілетін нәтиже:Нені білу керек:Гүлдердің атауынНені игерді: Гүлдің бөліктерінНені біледі: Ұқыпты етіп сурет салуды.
Технологиялық картаны толтырған: Технологиялық картаны тексерген:
Ұйымдастырылған оқу іс — әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы: «Вариативтік компонент» Оқу іс әрекеті: Өнерлі екен он саусақ Тақырыбы: Молшылық береке Мақсаты: Балаларға молшылық, береке туралы ұғым беріп, нақыл сөздер үйрету. Жеміс – жидектерді әр түрлі материалдардан жасау. Түрлі материалдардан жұмыс жасауға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға дағдыландыру. Әдіс – тәсілдер: Молшылық – берекені түсіндіру, көрсету, жасату, бекіту Сөздік жұмыс: Молшылық – береке, ырыс.Билингвальды компонент: молшылық – достаток, береке – изобилие, себет — корзина. Қолданатын көрнекі құралдар: табиғи материалдар, түрлі – түсті қағаздар, ермексаз, күздің суреті.
Іс-әрекет кезеңдері: | Педагогтің іс-әрекеті: | Балалардың іс-әрекеті. |
Мотивациялық қозғаушылық | Алдын – ала суретпен жұмыс жүргізу. | Балалар назарын аударады. |
Ұйымдастырушылықкезеңі | Шаттық шеңберАрмысың, көк Аспан!Армысың, Жер Ана!Армысың, жан досым!Міне, қолым бос,Жылуыма жылу қос.
Табиғат бұрышымен жұмыс жүргізуЖыл мезгілдеріне тоқталу.Ай аттарын сұрау.Апта күндерін атау.Ауа райын бақылау. Балаларды күздің келбеті бейнеленген суретті көрсетіп таныстырады. Күз туралы түсінік береді. Күздің бізге, берер ырысын, молшылығын, берекесін айтып түсіндіреді.Ырыс алды – береке деген мақалға мән бергізіп түсіндіреді.Күздің берер жемістерін, көкөністерін айтып, олардың атауларын ататып айтады. Дидактикалық ойын«Көкөністер мен жемістер»Ойын шарты: Күздің берген байлықтары көкөніспен, жемістерді шашады, балалар соларды екі себетке ажыратып салу тиіс.Ал, енді алдымызда әр түрлі материалдар бар, солардан біз, әркім өзі қалаған жемісін немесе көкөністерін жасаймыз. Сергіту сәтіБұғының үйі улкен,Терезеден қарады олҚолы жүгіріп келедіДостым, достым есік ашОрман толы аңшы қашДостым, достым үйге кірМенімен бірге өмір сүр |
Қимылдармен орындайды.
Жауап береді. Балалар мұқият тыңдайды. Қызығушылықпен жасайды. Балалар аяқтайды. Қимылмен жасайды. |
Рефлексиялық түзетушілік |
|
Балалар сұраққа жауап береді.
Көрме ұйымдастыру |
Күтілетін нәтиже:Нені білу керек: Күздің берер байлығынНені игерді: Молшылық – береке туралы игерді.Нені біледі: табиғи материалдармен жұмыс жасауды.
Технологиялық картаны толтырған: Технологиялық картаны тексерген:
Ұйымдастырылған оқу іс — әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы: «Вариативтік компонент» Оқу іс әрекеті: Өнерлі екен он саусақ Тақырыбы: Орманда Мақсаты: Балаларға орман туралы әңгімелеу балалардың ынта – ықыласын арттыру, көтеріңкі көңіл – күй туындату. Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, көрсету, бекіту. Сөздік жұмыс: ОрманБилингвальды компонент: күз мезгілі – осенний сезон, жаз мезгілі – летний сезон көктем мезгілі – весенний сезон. Қолданатын көрнекі құралдар: орман суреттері.желім, қайшы, қағаз.
Іс-әрекет кезеңдері: | Педагогтің іс-әрекеті: | Балалардың іс-әрекеті. |
Мотивациялық қозғаушылық | Алдын ала суретпен жұмыс жүргізу. | Балалар назарын аударыды |
Ұйымдастырушылықкезеңі | Шаттық шеңберіАмандасу үлкенгеТәрбиенің басы ғойСәлем дейік үлкенгеҚосылып бірге айту
Табиғат бұрышымен жұмыс жүргізуЖыл мезгілдеріне тоқталу.Ай аттарын сұрау.Апта күндерін атау.Ауа райын бақылау. Балаларды орманның суреттерімен таныстыру. Орман жылдың 4 мезгілінде қалай өзгеріп тұрады? Осы орман суреттерінің айырмашылығын анықтап, түсіндіру.Жазда көк, көктемде көк, күзде сары түске, қыста аппақ түске айналатынын білдік.Енді осы орманды қағазға түрлі – түсті қағаздармен орманның бейнесін жапсырамыз.Сергіту сәтіОрмандағы аюдың,Құлпынайы көп екен.Теріп – теріп алайық,Қалтамызға салайық. Балалардың жапсырған суреттерін тәрбиеші мұқият қарап, көмек керектеріне, көмектесіп, басқа балаларды мадақтайды |
Шеңберге тұрады
Балалар жауап береді Балалар мұқият тыңдайды Сүреттерге мұқият, зейін қойып қарайды. Тапсырманы қызығушылықпен орындайды Қимыл іс – әрекеттермен орындайды. Балалар қуануда |
Рефлексиялық түзетушілік |
|
Балалар сұраққа жауап береді
Көрме ұйымдастыру. |
Күтілетін нәтиже:Нені білу керек: Жылдың төрт мезгілге бөлінетінінНені игерді: орман туралы ұғымды үйренді.Нені біледі: 4 жылда орман төрт түске боялатынын
Технологиялық картаны толтырған: Технологиялық картаны тексерген:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасыБілім саласы: «Вариативтік компонент»Оқу іс-әрекеті: Өнерлі екен он саусақТақырыбы: ҚайықшаМақсаты: Балаларға қайық туралы әңгімелеп тақпақ жаттау. Қайықшаны түрлі қағазбен бүктеу тәсілдерін жасауға жаттықтыру.. Әдіс-тәсіл: көрсету, түсіндіру.Билингвалды компонент: қайықша-катерСөздік жұмыс: қайықшаКөрнекіліктер: тақырыптық сурет
Іс- әрекеткезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | Алдын ала тақырыптық сурет арқылы жұмыс жүргізу. | Балалардың қызығушылықтары артады. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
Шаттық шеңбер:
Жайқалып жапырақ,Құлпырып қызғалдақ,Тұратын көз тартып,Жаз келді күн шуақ. Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізіледі: Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізу.Ай аттарын сұрау.Апта күндерін атау.Ауа райын бақылау. Көліктер үш түрге бөлінеді.Олар: жер көлігі, әуе көлігі, су көлігі. Осы көліктердің ішінен бүгін біз су көлігінің бірі қайықшамен танысамыз. -Балалар көліктердің бір түрі су көліктерін атап өтейікші? -Қайық, кеме. Соның бірі қайықты жасап көрейік. Ал балалар, алдымыздағы қағаздардан бүктеу әдісі арқылы қайықша жасаймыз. Жұмыстың орындалу ретімен таныстырып өтейін. Сергіту сәті:Жаз келіпті дегенше,Алма пісті дегейсің.Бағымызда ендешеАлма тарту көбейсін.Жаз келіпті дегенше,Қарбыз пісті дегейсің,Бақшамызда ендешеҚарбыз жинау көбейсін. Балалардың жұмыстарының орындалу барысын қадағалап, қиналған балаларға көмек көрсетеді. |
Өлең жолдарымен қимыл көрсетеді. Балалардың жауаптары тыңдалады. Шешуін табу, есте сақтау. Балалар жұмысқа кірісіп кетеді. Қимылмен көрсетеді. |
Рефлексиялық-түзетушілік | Балалардың жұмыстарына талдау жасау. Жақсы жасалған жұмыстардан көрме ұйымдастыру. . | Балалар салған суреттеріне сипаттама береді. |
Күтілетін нәтиже: Нені білу керек: қайықшаны бүктеу әдісі арқылы жасауды; Нені игерді: сюжетті композиция құрастыруды игерді; Нені біледі: жасаған жұмыстарын көрсете біледі.
Технологиялық картаны толтырған:Технологиялық картаны тексерген:
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.