Ежелгі Үнді философиясы слайд,презентация — Тарих
Ежелгі Үнді философиясы слайд,презентация
Ежелгі Үнді гносеологиясының ерекшелігі – заттар мен құбылыстардың сыртқы, көрінетін белгілерін емес, сананың нәрселер құбылыстар дүниесімен қатынасы барысындағы процестерін зерттеу.
Осыған байланысты Үнді философиясында сана үш түрге жіктеледі; «пракрити»-материалды сана; «пуруша»-таза сана; «майя»- түстер, елестер.
Үнді философиясында жан екі бастамадан тұрады;
1.Атман – Брахманнан адам бойына берілетін бөлшек, ұшқын. Атман бірінші, тұрақты, мәңгі.
2.Манас — өмір барысында қалыптасқан адам жаны. Манас адам тәртібі мен әрекетіне, тәжірибесіне, тағдырына байланысты жоғарылап, жетіледі немесе төмендеп, нашарлауы да мүмкін.
Үнді философиясындағы түсініктер
Сансара – жанның тән мен космостық Брахман арасында тоқтаусыз, мәңгілік қозғаласы.
Карма – адамның келесі өмірде қандай бейнеде туылуы осы өмірдегі іс әрекетіне байланысты.
Мокша –карма тоқтайтын,жан эволюциясы,космостық Брахман мен жердегі тіршілік арасындағы үздіксіз қозғалыс аяқталатын адамшылық жетілудің жоғарғы шыңы.
Ахисма- жер бетіндегі тіршілік формаларының өзара байланыстылығы, біртұтастығы. Ахисманың басты қағидасы «Кіші бауырларға,тірі табиғатқа қиянат жасамау».