Ежелгі Қытай слайд,презентация — Тарих
Ежелгі Қытай слайд,презентация
Қытай философиясының қалыптасу кезеңдері:
— б.д.д.VII ғ.-IIIғ. Ежелгі ұлттық философиялық мектептердің пайда болуы мен қалыптасуы.
— б.д.д III — XIX ғ.ғ –Қытайға үндіден буддизмнің енуі (б.д.д.III) және оның ұлттық философиялық мектептерге ықпалы.
— б.д.XX ғ. Қазіргі кезең Қытай қоғамының туықтығының жойылып Қытай философиясының европалық және әлемдік философия жетістіктерімен баюы.
Қытай философиясында көрініс берген қытайлық дүниетанымның жалпы сипаты:
1.Өз елін- Қытай дүниенің кіндігі деп есептеу;
2.Көк пен жер арасындағы жауапкершілікті әрбәр адам сезіну;
3.Жеке оқиғаларды,тарихты,циклды процесс деп ұғыну;
3.Адамды, табиғатты, космосты біртұтас деп қабылдау:
4.Консерватизм, өткенді дәріптеу, жаңалық алдындағы үрей қорқыныш;
5.Коллективті сана: жеке адамның өз өзін коллективтен бөлінбес тұтастықта қарастыруы;
6.Мемлекет алдында қорқыныш және құрмет;
7.Қоғамда вертикальды байланыстардың,субординациялардың кең тарауы;
8.Мемлекет басшысын – ең жоғарғы біріктіруші күш, ал мемлекет- қоғамды біріктіруші күш ретінде қабылдау;
9.Императорлардың қызмет билігін құдіретті, тұлғасын Аспан ұлы, Тәңірінің жердегі елшісі деп қабылдау.
10.Өзара қатынастағы конформизм: тыныштық пен әрекетсіздікті жақтау, насихаттау;
11.О дүниені емес, бұл дүниелік өмірді жоғары бағалау, оны- мүмкіндігінше ұзартуға ұмтылу;
12.О дүниелік күштерді реалды деп түсіну, ата – баба әруақтарын құрметтеу,
ата-анаға, үлкенге ізет – құрмет;