Ежелгі Герман тайпасы және Рим империясы

0









Ежелгі Герман тайпасы және Рим империясы

Автор: Нұрымова Риммат Амангелдіқызы

Бағыты: Дүние жүзі тарихы Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: 7 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-25


Материал туралы қысқаша түсінік

мұғалімдерге арналған құрал оқушылардың білім денгейін арттыруға




сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихыСабақтың тақырыбы§1. Ежелгі Герман тайпасы және Рим империясыСабақтың мақсаты:

  • Герман тайпалары және олардың Батыс Рим империясына басып кіруі, Франк мемлекетінің құрылуы, олардың мемлекеттіңк құрылымы туралы оқушыларға баяндау.
  • Белсенді, білімді азамат тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеруӘдісі: интерактивтіКөрнекілік:  карта суреттерСабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Өткен жылға материалдарды қайталау.

Жаңа сабақтың жоспары:

  • Герман тайпалары және олардың Батыс Рим империясына басып кіруі.
  • ІҮ-Ү ғасырлардағы ғұндар
  • Б.з.б. 50 жылдары Қытайдан жеңіліп, ғұндардың бір бөлігі Орал тауының оңтүстігіне қоныс аударған. Ал ІҮ ғасырдың 70-жылдары ғұндардың Батысқа қарай жаппай жөңкіле көшуі басталды. Олардың осы Батысқа қарай жылжуы тарихта  «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталды.
  • Франк мемлекетінің құрылуы.
  • Мемлекеттің негізін салушы салий франктерінің мереовей руынан шыққан көсемі Хлодвиг.«Сали ақиқаты»
  • Мемлекетті басқару.
  • Ел бірнеше аймақтарға бөлінді. Оларға салық жинайтын, әскерге басшылық жасайтын, сот ісін жүргізетін басшы-граф тағайындалып қойылды.
  • Франктердің христиан дініне енуі.

Сабақты бекіту:

  • Рим империясының әлсіреуінің басты себебі неде?
  • Герман тайпаларын неліктен Рим жеріне басып кірді?
  • «Халықтардың ұлы қоныс аударуын» кімдер басқарды?
  • Франктердегі жер иелену тәртібі қандай болды?
  • Франктер неліктен христиан дінін қабылдады?
  • Құл иеленуші қоғам қашан жойылды?

Бағалау:Үйге тапсырма: §1. 7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихыСабақтың тақырыбы: §2. Франктер империясының құрылуы және ыдырауыСабақтың мақсаты:

  • Франктер мемлекетіндегі биліктің жаңа түрі-феодалдық монархияның қалыптасып, империяға айналып, кейін қайтадан ыдырау себептерін түсіндіру.
  • Білімді, белсенді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: араласӘдісі: БаяндауКөрнекілік: карта, суреттерСабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Рим империясының құлауының басты себебі неде?
  • Франк мемлекеті қашан құрылды?
  • Француз тілінің негізін ежелгі қай халықтардың тілі құрады?

Жаңа сабақтың жоспары:

  • Майордом билігі
  • «Майордом» латынша «үйдің үлкені», «басшысы» дегенді білдіреді.
  • Карл мартелдің жерді сыйлыққа үлестіріп беруі Еуропада жаңа қоғамдық құрылыс-феодализмнің қалыптасуының бастауы болды.
  • Меровингтер әулетінің ақыры. Қортық Пипиннің билігі.
  • Ұлы Карл және оның империясы
  • Империяның ыдырауы.
  • Ұлы Карл өлгеннен кейін оның империясы үшке бөлініп, үш корольдік пайда болды. Кейіннен олардың орнына Франция, Германия және Италия мемлекеттері дүниеге келді.
  • Ұлы Карл кезіндегі империя мәдениеті.
  • Ұлы Карл тарихқа, тарихи шығармаларға зор мән берді. Оның сарайында аннал (латынша «жыл») деп аталған маңызды оқиғалардың шежірелік тізбегі жазылып отырды.

Сабақты бекіту:

  • Қортық Пипин король атағына қалай қол жеткізді?
  • Ұлы Карл империясы қай жылдары өмір сүрді?
  • Ұлы Карл империясы неліктен ыдырай бастады?
  • Ұлы Карл мәдениетті дамытуға қандай үлес қосты?

Бағалау:Үйге тапсырма: §2. 7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихыСабақтың тақырыбы: §3. Ү-Х ғасырлардағы Византия империясыСабақтың мақсаты:

  • Шығыс Рим империясының ұзақ өмір сүру себептерін ашып көрсету. Бұл мемлекеттің ертедегі орта ғасырдағы және дамыған орта ғасырдағы аумағын көрсете отырып, Юстиниан билігі туралы толық айту, белсенді, білімді, тарихи санасы қалыптасқан тұлға қалыптастыру.

Сабақтың түрі: араласӘдісі: интерактивті.Көрнекілікарта, сызбаСабақтың барысыІ.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Қортық Пипин король атағына қалай қол жеткізді?
  • Ұлы Карл империясы қай жылдары өмір сүрді?
  • Ұлы Карл империясы неліктен ыдырай бастады?
  • Ұлы Карл мәдениетті дамытуға қандай үлес қосты?

Жаңа сабақтың жоспары:

  • Рим империясының екіге бөлінуі.
  • Өкімет билігі.
  • Византия қоғамында «димдер» деп аталған саяси партиялардың ықпалы зор болды. Олардың ішінде , әсіресе («жасылдар») мен  прасиндер  («көктер») партиялары ерекше оқшауланатын. 532 жылы  осы партиялардың басшылығымен болған Ника («жеңу») көтерілісі әрең дегенде басылды.
  • Юстиниан және оның заңдары.
Империяның дәуірлеу кезеңі(527-565 жылдар)
Себептері
Варварлардың жойқын шапқыншылық-тарына  ұшырамады Құнарлы жері  мен қолайлы табиғи жағдайы Ауыл шаруашылығы жоғары қарқында дамыды. Ерікті жер иеленушілер мен шаруалар қауымы басым болды.
  • Славияндардың шапқыншылығы
  • Арабтар шапқыншылығы

Сабақты бекіту:

  • «Византия» деген атпен белгілі болған Шығыс Рим империясы қашан құрылды?
  • Юстиниан қандай басшы болды? Ол алдына қандай мақсат қойды?
  • Юстинианның заңдары қандай маңызға ие болды?
  • Неліктен Шығыс Рим империясы славяндардан жеңіле берді?
  • Византия қашан феодалдық мемлекетке айнала бастады?
  • Орыстардың Византияға шабуылы қашан тоқтады.

Бағалау:Үйге тапсырма: §3.      







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.