Ежелгі ата-бабаларымыз

0
261







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Ежелгі ата-бабаларымыз

Автор: Жумагазинова Багдат Жумагазиновна

Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 2 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-23


Материал туралы қысқаша түсінік


Оқу мақсаты: • Барлық оқушылар: ежелгі ата-бабаларымыз сақтар, олардың мәдениеті, тұрмысы туралы мағлұмат алу;
• Оқушылардың басым бөлігі: сақ ханшайымы Томириспен танысy;
• Кейбір оқушылар: қазіргі және ежелгі тіршілікті салыстыруды үйренy.
Тірек сөздер: көшпенді ел – кочевник – nomadic people; көлік – транспорт – transport;
әскер – армия – army; бостандық – свобода – freedom.
Ресурстар: Сабақ тақырыбына байланысты арнайы таныстырылым, көлік түрлерінің суреттері, А3 көлеміндегі парақ, маркерлер, стикерлер, сақ мәдениетінің заттары бейнеленген суреттер.
Сабақтың мақсаты: 1.3.1.1 көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелеу




Тексерілді:—————Директордың бастауыш оқу ісі жөніндегі орынбасары:С.С.КазыбаеваСабақ жоспары

Пән :дүниетану
Күні : 17.01.2019 ж
СЫНЫП: 1 «в» сынып
Сабақ тақырыбы: Ежелгі ата-бабаларымыз
Оқу мақсаты:
  • Барлық оқушылар: ежелгі ата-бабаларымыз сақтар, олардың мәдениеті, тұрмысы туралы мағлұмат алу;
  • Оқушылардың басым бөлігі: сақ ханшайымы Томириспен танысy;
  • Кейбір оқушылар: қазіргі және ежелгі тіршілікті салыстыруды үйренy.
  • Тірек сөздер:көшпенді ел – кочевник – nomadic people; көлік – транспорт – transport;әскер – армия – army; бостандық – свобода – freedom.
    Ресурстар:Сабақ тақырыбына байланысты арнайы таныстырылым, көлік түрлерінің суреттері, А3 көлеміндегі парақ, маркерлер, стикерлер, сақ мәдениетінің заттары бейнеленген суреттер.
    Сабақтың мақсаты:1.3.1.1 көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелеу
    Сабаққа байланысты деректі материалдарСабаққа қатысты ескертпелер
    Қазақстандағы өмір сүрген тайпалардың ішіндегі ерекшелерінің бірі – сақтар. Олар туралы мәліметтер грек және парсы дерек көздерінде бар. Ғалымдардың зерттеулеріне сай сақтар жер өңдеумен, көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Сақтарда металл шығарып, өңдеуге байланысты қол өнері жақсы дамыды. Сақ шеберлері темірден, қалайыдан, күмістен және алтыннан қанжар, садақ оқтарының ұштарын, ат әбзелдерін, әшекей бұйымдар, айна құйып, жасады. Ата-бабаларымыз табиғат сырларына өте қанық болған. Олар жылқы, қой, түйе, ірі қара мал өсіріп, жануарлардың етін азық етті. Олардың терілері мен жүнінен киім және басқа да қажетті заттар жасады. Сақ өнерінде аң стилі кеңінен таралған. Азия тарихындағы аса танымал әйелдердің бірі сақ ханшайымы Тұмар (Томирис) еді. Тұмар ханшайым есімінің тарихқа еніп, әлемге танылуы еш жеңілуді білмеген әйгілі парсы патшасы Кирдің әскерін жеңуіне тікелей байланысты. Аңызға сай Томирис керемет сұлулығымен, өжет мінезімен, ақыл-парасатымен ерекшеленеді.Сабақ басталарда оқушыларды топтарға бөліңіз. Ол үшін оқушыларға көлік түрлерінің атауы жазылған үлестірме парақшалар таратыңыз, мысалы, ұшақ, кеме, пойыз, автомобиль. Оқушылар мұғалімнің бұйрығымен көлік аттары бойынша топтасады. Оқушыларды топ бойынша отырғызып, «Көшпенділер» ойынын өткізіңіз. Көшкен кезде өздерімен бірге қандай заттарын алып жүретінін сұраңыз. «Көш қозғалды» деген сәтіңізде заттарын алып, келесі топпен орын ауыстырып отырулары қажет. «Көш қоныстанды» деген сәтте қай орынға келіп тоқтады, сол орындарында қалулары тиіс. Ойын арқылы оқушылар жаңа сабақ туралы біршама түсінік алуы керек. Осылайша бірнеше рет қайталауға болады. Бұл жұмыс түрі оқушылардың көшпенділер тіршілігінің ерекшелігін түсінуге мүмкіндік береді. Ойын өткізіп жатқан уақытта домбырада ойнаған музыкалық композицияның дыбыстық жазбасын қосып қоюға болады.Көшпенді ел. Топтардың арасында «Сақтардың қоныс аударуы» тақырыбына кіші зерттеу жұмысын жасатыңыз. Ол үшін әр топқа А3 көлеміндегі 1-2 парақ, маркер таратып беріңіз. Оқулықтағы суретке мұқият қарауды ұсыныңыз. Топтағы оқушылар суретте кім бейнеленгенін, бұл адамдар қалай тіршілік еткенін, шаруашылықтары, қару-жарақтары қандай болғанын, қандай көлік түрін пайдаланғанын айтып беруі тиіс. Оқушылар өз жұмыстарын тірек схема немесе кесте түрінде безендірсін. Әр топ өз жұмыстарын тақтаға немесе сынып бөлмесінің қабырғаларына іліп қояды. Барлық топтар бір-бірінің жұмыстарын тексеруі үшін уақыт беріңіз. Олар стикерлерде өз ұсыныстарын, ескертулерін, пікірлерін, тілектерін жаза алады және оларды басқа топтардың жұмыстарына іледі.Бұл тапсырманы «Телефон» ойыны арқылы жұптағы жұмыс ретінде өткізуге болады. Бір оқушықазіргі заманғы баланың рөлін, ал басқасы сақ баласы рөлін орындайды. Рөлді ойнап жатқандар өзара телефонмен диалог жүргізеді. Жұмысты жақсы жүргізген жұпты атаңыз. Бұл тапсырма шығармашылықпен ойлануына көмектеседі. Оқушыларға оқулықтағы мәтінді өз бетімен оқуға беріңіз.Мен кіммін? Бұл айдарда Сақ ханшайымы Томирис туралы айтылады.«Томирис есімді қыздарды білесіңдер ме?», «Неліктен оларды Томирис деп атаған?» деген бірнеше сұрақтар қойыңыз. Оқулықтағы Томирис туралы жазылған ақпараттармен танысып шығуларын сұраңыз. Сыныпта кімнің есімі еліміздің атақты адамдарының есімімен аталғанын сұраңыз. Оқушылардың жауаптарын тыңдаңыз. Отан үшін жасалған ерліктер және халық үшін атқарылған істер ұлы адамдардың есімдерін танымал еткенін түсіндіріңіз.Екі сұрақ. Бұл тапсырма жұпта орындалады. Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушылардың жауаптарын деректі материалдардан алынған Томирис туралы мәліметпен толықтырыңыз.
    Сабақтың қорытындысыТілдік құзыреттілікті қалыптастыру
    Қозғалыс құралы. Бұл тапсырманы орындау үшін оқушыларды сабақ басында құрылған топтар (көлік құралдары түрлерінің атауы) бойынша отырғызыңыз. Оқушылардан оқулықтағы суретке қарап, сұрақтарға жауап беруін сұраңыз. Соңғы сұраққа жауапты әр топ бір-бір сурет түрінде беруі тиіс. Креативті идея білдірген топты атаңыз. Оқушыларды қызықтыру үшін «Бес қадам» ойынын өткізіңіз. Ол үшін тақтаға әр топтан бір қатысушыдан шақырыңыз. Бір оқушы ортаға шығып, бес қадам жасайды. Әр қадамында өзі білетін көлік түрін атайды. Бес көлік түрін қайталамай жылдам атаған топ жеңеді. Бұл тапсырма жадының дамуына көмектеседі.Үлестірме парақшаларға жазылған тірек сөздерді сынып қабырғаларына, тақтаға іліп қойыңыз. Оқушылар сіз берген белгі бойынша тірек сөздерді жинайды және мағыналары бойынша топтасады. Әр сөзді үш тілде қайталаңыз. Тірек сөздермен жай сөйлем құрастыруға тапсырма беріңіз. Мысалы, «Сақтар – көшпенді халық», «Cаки – кочевой народ», «Saks – nomadic people». Бұл сөйлемдерді тақтаға жазыңыз және дауыстап қайталаңыз.
    Пәнаралық байланысҚосымша тапсырмалар
    АКТ. «Көшпенді халық» тапсырмасында шағын зерттеу жүргізген кезде оқушылар Word бағдарламасының көмегімен SmartArt қосымшасын пайдалана алады.Өнер. Тілдік құзыретті дамытуға арналған тапсырманы орындаған кезде оқушыларға «Сақтар – көшпенді халық» деген сөйлемді үш тілде Бота Бейсенованың «Тұлпарым» әуеніне салып айтқызыңыз. Сабақ барысында оқушылар бірқатар шығармашылық тапсырмаларды орындайды.

    Гуманитарлық жағына бейім оқушылар үшін қосымша тапсырма ретінде «Мұражай» ойынын ұйымдастыруға болады. Ол үшін алдын ала сынып қабырғаларына сақ мәдениетінің аң стиліндегі заттары бейнеленген суреттерді іліп қойыңыз. 1-2 оқушыға экскурсия жүргізушісі рөлін ойнатыңыз.

    БағалауОқушылар–– ежелгі ата-бабамыз сақтардың тіршілігі; –– сақтар патшайымы Томирис туралы білді.Оқушылар–– қазіргі заманғы және ежелгі көлік түрлерін ажыратуды;–– дерек көздеріне сүйене отырып, негізделген тұжырым жасауды;–– өткен мен қазіргінің арасындағы айырмашылықты түсінуге үйренді.Оқушыларға бағалаудың бір түрі ретінде үш сұраққа жауап беру және жұпта талқылау ұсынылады:–– Сақтардың қонысы қандай болды? –– Көшпенділер деген кім?–– Томирис есімі неліктен тарихқа енді?
    Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.2: Рефлексия.Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?







    Материалды сайттан тегін жүктеу

    Жүктеу

    Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


    Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.