Етістіктің шақтары — Бастауыш сынып — Bilim
Білім ленд (бейнежазба)
Жаңа сабақ: «Етістіктің шақтары»
Осы шақ Өткен шақ Келер шақ
Ереже: Шақ категориясы тек етістікке тән категория. Себебі қимыл, іс-әрекет үнемі белгілі бір мезгілде жүзеге асырылады. Яғни уақыт ұғымымен тығыз байланысты
Оқушылар етістіктің шақтарына мысалдар айтады
3. Дәптермен жұмыс.
Ақпанның он бесі
Сынып жұмысы
Көркем жазу сәті Ее Ее
ҰЖ: 23–жаттығу. Жұмбақты көшіріп жаз.
Етістіктерді тауып, олардың қай мезгілде болған әрекетті білдіріп тұрғанын айт.
ТЖ: 25–жаттығу. Етістіктерді үш шақта жаз.
Айт, оқы, біл.
Үлгі: осы шақ өткен шақ келер шақ
айтып отыр айтты айтады
І топ: оқы
ІІ топ: кел
ІІІ топ: біл
ТЖ: 26–жаттығу (Әр топ сурет іс-әрекеттің бұрын болып кеткенін және алдағы уақытта болатынын білдіретін екі сөйлем құрайды)
І топ: аққу ІІ топ: жолбарыс ІІІ топ: қайық
ТЖ: 27–жаттығу
1. Етістіктердің астын сыз, оларға сұрақ қой.
2. Қай шақта тұрғанын айт.
І топ: Ажар сабақ оқып отыр. Асқат малға жем беріп жүр.
ІІ топ: Балалар көлге барды. Олар коньки тепті.
ІІІ топ: Ғани мектепке барады. Ол түстен кейін оқиды.
Білім ленд: «Сөйлемді толықтыр» (5 сөйлем берілген, әр топтан оқушылар шығып толықтырып жазады)
Білім ленд ойын: «Дұрыс, дұрыс емес»
Білім ленд: «Тест»
Ой толғаныс
Семантикалық картамен жұмыс (тақтадан бір-бірін тексереді)
Сөздер
|
Осы шақ
|
Өткен шақ
|
Келер шақ
|
жазып отыр
|
+
|
|
|
келмекші
|
|
|
+
|
оқыған едік
|
|
+
|
|
ойнап жүр
|
+
|
|
|
келіп кетпек
|
|
|
+
|
Үйге тапсырма: 24–жаттығу, 152-бет
Өлеңді түсініп оқы. Етістіктерді теріп жаз.