Етістік туралы білетінімді еске түсіремін.

0

Мектеп: Көкарық бастауыш мектебі Сабақ тақырыбы: 83-сабақ. Етістік туралы білетінімді еске түсіремін Күні: 11.02 Мұғалімнің есімі: Нурпеисова Жазира Сынып 3 Қатысқандар саны: 10 Қатыспағандар саны Оқу мақсаты 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Етістік туралы білімдерін еске түсіреді. Сауатты, көркем жазады.Оқушылардың басым бөлігі: Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай аладыКейбір оқушылар: Берілген тапсырмалар бойынша ой қорыту жасай алады. Бағалау критерийлері: — тыңдаған мәтін бойынша тірек сөздерді белгілей біледі, мәтін мазмұны бойынша жабық сұрақтарға жауап бере алады;— сөз құрамы сызбасы негізінде негізгі және туынды етістіктерді анықтай алады;— мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарғажауап береді, берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыра алады. Тілдік мақсаттар Пәндік терминология мен тірек сөздерМұхтар Әуезов, ұлы,жазушы, ақын.Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл:Талқылау үшін сұрақтар:— Мұхтар қандай отбасынан шыққан?— Қандай ақындарды таныған?— «Білімдар» деген сөзді қалай түсінуге болады?— Өз сыныбыңнан кімді білімдар деп ойлайсың? Неліктен? Құндылықтарды дарыту Қоғамның дамуына үлес қосуға қызмет ету Пәнаралықбайланыстар Әдебиеттік оқу, АКТ қолдану дағдылары Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім 2-сыныпта етістік тақырыбынан игерген білімдеріне негізделіп меңгертіледі Жоспар Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар Ресурстар Басталуы1 минут

4 минут

(Ұ) Шаттық шеңбері.Ризамыз бүгінге!Ризамыз бүгінге!Ризамыз бүгінге!Ризамыз қазірге!Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге!Ризамын, ризамын, ризамын қазірге!(Ұ; Қ) Үйренерім көп менің. 2-сыныпта етістік тақырыбынан игерген білімдерін еске түсіру. Шеңберде отырып «Үйренерім көп менің»тақырыбында сұхбаттасады. Сабақта не үйренгісі келетіндерін хабарлайды.Кестедегі жасырынған жазушының аты-жөнін тап Қосымша №1 Ортасы6-10 минут

11-24минут

25-29 минут

30-35 минут

3.4.2.4 (Ұ; Қ) Ойын «Кім шапшаң?» Етістік дегеніміз не? Етістіктің түрлерін ата? Негізгі етістік деген не? Туынды етістік деп нені айтады?Дара етістік дегеніміз не?Күрделі етістік дегеніміз не?Етістік болымды және болымсыз етістік болып екіге бөлінеді.Болымсыз етістіктер болымды етістіктерге – ма, — ме, — ба, — бе, — па, — пе жұрнақтары жалғану арқылы жасалатынын айту. Сонымен қатар емес, жоқ болымды етістікпен тіркесіп келіп жасалады.Мысалы: айт — айтпа, жаз — жазба, кет — кетпе, сөйле — сөйлеме.3.1.1.1 (Ұ) Мұхтар ӘуезовОқушыларға талқылауға қойылатын сұрақтар:— Мұхтар қандай отбасынан шыққан?— Қандай ақындарды таныған?— «Білімдар» деген сөзді қалай түсінуге болады?— Өз сыныбыңнан кімді білімдар деп ойлайсың? Неліктен?3.1.1.1 (Ө; Ж; Т; Қ) 41-беттегі 1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдайды. Мәтін кім туралы? Атасы ұлы сөзінің мағынасын қалай түсіндірді деп ойлайсың?Төмендегі қай пікір ақиқат екенін мәтін бойынша тексер.«Ұлы» деп қандай адамды айтады? Сұраққа жауап бер. Жаз. Етістікке сұрақ қойып, астын сыз. Оларды қандай қасиеттері атақты етті? Тиісті белгімен (√) белгіле. 3.4.2.4(Ө; Ж; Қ)2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қою арқылы сөйлемдерді толықтырып жаз. Сөйлемді етістіксіз айтып көр. Етістік не үшін керек екен?3.4.2.4(Ө; Ж; Қ)3-тапсырма. Кім не істейді? Екі бағанды сәйкестендіріп жаз.Сергіту сәтіБойды сергек тік ұста,Емін-еркін тыныста.Оң қолыңды соз алға,Қол ұшына қара да,Үшбұрыш сыз ауада,Сол қол босқа тұрмасын,Шеңбер жасап тынбасын.3.2.3.1 (Ө; Ұ) «Автордан сұраңыз» әдісі бойынша ұйымдастырылады. Мұхтар Әуезов Мұхтар Омарханұлы Әуезов – ұлы жазушы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан Ғылым академиясының академигі. Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897 жылы 28 қыркүйекте туған. Алғашқыда Семейдегі медреседе оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. Училищені 1915 жылы аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. «Қараш-Қараш оқиғасы» повесін, «Қилы заман» романын, «Хан кене» пьесасын жазады. 1928 жылы Орта Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасына қабылданды әрі Қазақ ағарту институтына сабақ берді.Оқушыларға деңгейлік сұрақтар қойылады.А деңгейдегі оқушыларға қойылатын сұрақтар:— Неге етістікті зат есім, сын, сан есім және есімдіктен кейін өтеміз? — Неге етістік барлық сөйлем мүшелерінің сұрақтарына жауап береді?— Неге етістіктің басқа сөз таптарынан қарағанда түрлері көп?В деңгейдегі оқушыларға қойылатын сұрақтар:— Етістіктің сипатын қалай түсіндірер едің?— Қалай етістіктің сөйлемдегі қызметін табуға болады?— Етістіктің қай сөз табынан жасалғанын қалай білуге болады?С деңгейдегі оқушыларға қойылатын сұрақтар:— Қандай сөз табын қарастырдық?— Сұрақтары қандай?— Қандай мысал келтіре аласың?— Қандай сөз табымен тез байланыстыра аласың?3.2.3.1 (Т) Мәтін мазмұны бойынша топтар 3-4 сұрақ құрастырады.Бағалау критерийі:пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;-сұрақтарғажауабын негіздеп жауап береді.

Қосымша №2

Қосымша №3

Аяқталуы36-40 минут Рефлексия Бағалау критерийлері

Үйге тапсырма Етістіктің түрлеріне (негізгі, туынды, дара, күрделі) сөйлемдер құрастырып жазу.

Қосымша ақпарат Саралау — Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? Тапсырма көлемі бойынша саралау;Деңгейлік тапсырмаларды орындату; Бағалау — Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Бақылау негізінде қолдауды қажет ететін оқушыларды белгілеуОқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін оқылым тапсырмалары негізінде ұйымдастыруТоптық, жұптық жұмыс барысында берілген мәтін, өлеңмазмұны бойынша тұжырым жасай алуы, сыпайы жауап бере білуге бағалау Пәнаралық байланысденсаулық пен қауіпсіздік Топта бірі-бірі тыңдау, сыйлау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау. Сабақ бойынша рефлексияСабақтың оқу мақсаты шынайы ма?Бүгін оқушылар не білді?Сыныптағы ахуал қандай болды?Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1.2.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1.2.Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?1.2.