Естен тану слайд,презентация

0

Естен тану слайд,презентация

 

Естен тану

 

Естен тану—қатты күюдің,қансыраудың,қатерлі басқалай дерттің, организмде қажетті су мөлшерінің жетіспеушілігінің немесе аса қатты аллергиялық реакцияның салдарынан болатын адам өміріне қауіпті құбылыс.Сондай-ақ естен тану жағдайын іштен көп қан кету де тудыруы мүмкін.

Естен танудың белгілері
Әлсіздік,тамыр соғысының жиіленуі (минутіне 100-ден астам соғу жиілігі)
Салқын тер шығу,көгіс тартып,мұздап, дененің тершуі;
Қан қысымының күрт төмендеп кетуі;
Ақыл-естің ауысуы;әлсіздік немесе талып қалу.

Күйік-деп ыстық сұйықтықтар,қышқыл-сілті,жалынның шарпуы,сәулелі ыстық, қатты ысыған заттар,электр тогы немесе электромагниттік радиацияның әсерімен теріге және одан төмен жатқан адам денесінің ұлпаларына жасалған зиянды әрекетті айтады.50°С температураға шалдыққан теріні 5 минуттан кейін күйік шалады.
Адам денесіндегі терісінің, етінің, сүйегінің күйік шалуының мөлшеріне, қауіптілігіне байланысты күйік төрт дәрежелі.
Бірінші дәрежелік күйік. 
Мұнда тері қызарады, іседі және ауырады. Ешқандай тыртық қалмай, тез жазылып кетеді.
Көрсетілетін көмек: егерде күйіктің орнында басқа жарақат болмаса, күйген теріні таза сумен жуады, зақымданған жерді спирт, арақ немесе әтірмен, әлсіз (сұрғылт көк) марганец қышқылды калий ерітіндісімен сүртеді, стерилденген құрғақ таңғышпен орап тастайды.
Екінші дәрежелік күйік. Оған шалдыққанда, күйген жер қызарады, күлдіреп ісінеді. Күлдіріктердің ішіне су толады. Күйіктің бұл дәрежесінде емдеу мекемелеріне қаралу қажет. Оған дейін сақтық шараларын да қарастырған жөн.
Көрсетілетін көмек: зақымданған жерді стерилденген құрғақ таңғышпен орап немесе стерилденген бинтпен жауып ұстайды. Бұл мақсатқа арнайы пакеттерді пайдаланады. Есте болатын жағдай: күлдіреп тұрған жерді өз бетімен жармайды, кез-келген дәріні жағуға болмайды, үйдегі дәрі-дәрмектерді пайдаланбайды. Өйткені, бұл күйік жарақатын ластайды, содан оны емдеу қиынға түседі. Мұның бәрі күйікті емдеу мекемесіне көрсеткенше жасалатын сақтық шаралары.
Үшінші дәрежелік күйік. Тері ғана емес, оның астындағы тіндер де зақымданып, күйген жер жансызданады.
Көрсетілетін көмек: күйікті дереу емдеу мекемесіне жеткізу, алғашқы медициналық көмек шақыру қажет. Дәрігер емес адамдардың ем қолдануына болмайды.
Төртінші дәрежелік күйік. Мұндайда тін шала күйеді, қараяды.
Көрсетілетін көмек: мүмкіндік болса тездетіп емдеу мекемесіне жеткізген дұрыс.

Үсік -тәуліктік орташа температура 0°С-тан жоғары кезде түнде немесе таңертең, көктемде немесе күзде ауа температурасының теріс мәнге дейін төмендеуі.
   Кенеттен түскен аяз, жоғары ылғалдылық, суық жел, далада ұзақ уақыт жүріп қалу – үсудің себептері негізінен осылар. 
Бет пен құлақ үсуі
Жиі жағдайда далада ашық қалатын бет, мұрын, құлақ зардап шегеді.Ашық жерлердің үсуінің бірінші белгісі ашуы мен шаншуы.Далада жүргенде бет пен құлақтың қызаруы – қалыпты жайт,бұл қан тамырларының  қосымша  жұмысының белгісі ғана.Алайда бетіңіз қатты қызарып, тіпті күлгін түсті болып кетсе, немесе аппақ болып,қызғылт-күлгін дақтар пайда болса, тезірек жылынуыңыз керек.
Бұл – үсудің белгілері.
Қол-аяқтың үсуі
Саусақтардың шаншып ауруы, ұйып қалуы қол-аяқтың үсуін білдіреді.Тіпті қалың етік пен қолғап қатты аяздан қорғай алмауы мүмкін, саусақтарыңыз ылғалдық, қар әсерінен тоңып қала алады.Оған қоса қыста қабаттап шұлық кию етікті тар қылып, қимылдауға мүмкіндік бермеуі де аяқтың тез үсуіне өз ықпалын қосады. 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!