Ешкімде ешқашан ұмытылмайды балабақшадағы ашық сабақтар

0

Ешкімде ешқашан ұмытылмайды

 

Әсел: 71 жыл .Сонау сұрапыл кезең басталған шақта дүниеге келген сәбилер сәбилер бұл күндері алпысты еңсереген ел ағалары.Әйтсе де сол қасіретті жылдар жыл сайын қайта жаңғырып, өткенді еске салады.
Балжан: Ия. Сол жаңғырық бүгінгі жеткіншек ұрпақты бейбітшілікке, патриотизмге үндейді.Ұлы Жеңістің тарихтан алатын орны ерекше.Бүкіл кеңес халқының 20-25 миллионнан астам ержүрек ұлдары мен қыздары құрбан болды.
Әсел: Фашистік қарақшылар  1710 қала мен жұмысшы поселкілерін, 70 мың село мен деревняны құртып жіберді.Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 млн 70 мың адам қатысса олардың басым көпшілігі майдан даласында қаза тапты, хабар-ошарсыз кетті.Қазақстаннан құрылған әскери дивизия басты жерлерде соғысты.Иван Васильевич Панфилов басқарған атқыштар дивизиясы сол бір ауыр күндерде ерліктің ерен үлгісін көрсетті.28 панфиловшылардың  23 қаза тапты.Оның 22-сі Қазақстандықтар еді.
Балжан: Теңдесі жоқ ерлігі үшін 500 Қазақстандық жауынгер Кеңес одағының батыры атағын алды Олар- екі рет батыр атағын алған Т. Бигельдинов ,Н. Әбдіров шығыстың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүк апаларымыз және Қ. Қайсенеов, Б. Момышұлы сынды ержүрек батыр ағаларымыз еді.
Әсел: Ұлы Жеңіске ат салысуда тылдағы еңбекте  апаларымыз бен аналарымыз әкелерімізден кем түскен жоқ.Уақытпен санаспай,ыстыққа күйіп, суыққа тоңа жүріп Ұлы Жеңіске өз үлестерін қоса жүрді.
Балжан:Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ.1418 күнге созылған бұл қатерлі айқастағы халқымыздың жанқияр ерлігі мен жеңіс тарихын ешкімде ешқашанда  ұмытпақ емес.Соғыс өрті қашанда халық есінде.
Әсел: Жанын қиған сен үшін
            Тоқта достым сабыр ет
             Үнсіз тұрып бір минут
              Басыңды иіп тағзым ет- Ендеше соғыс даласында хабар-ошарсыз кеткен, қаза тапқан  ағаларымыз бен апаларымызды бір сәт үнсіз тұрып еске алайық.
Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою.
Балжан: Жеңдік қой жауды, арман не құрбым
                 Күркіреп күндей өтті ғой соғыс
                 Келемін қайтып, өлеңімді айтып
                 Қайда екен қайда дариға сол қыз
        
Міне , осынау елімізге лаң салған алапаттың аяқталғанына 71 жыл толып отыр.Сұрапыл соғыс жылдарынан өтіп, бүгінде бейбіт күндегі еңбектің жемісін көріп отырмыз.
Әсел: Сүйінші елім сүйінші!
           Арылтып жаудан жерімді.
           Табанға жаншып өлімді
           Жеңіспен желпіп өмірді
           Оралды ерлер көңілді
           Десеңдер бұл қай күні? 9-шы Май күні.
Балжан:Кептерлер қалқып көкке ойнап,
               Қызыл ту шалқып көк бойлап
               Мәре –сәре , мәз- мейрам
               Отанымыз той-тойлап
              Десеңдер бұл қай күні? 9-шы Май күні.
Дұрыс  айтасыңдар балалар 9-шы мамыр  фашистік германияны жеңіп шыққан күніміз.Осы Ұлы Жеңісті сыйлаған аталарымыз бен ағаларымыз апаларымызға арналған «Ешкімде ешқашан ұмытылмайды» атты мерекелік ертеңгілігімізді  бастаймыз.
Жаннұр : Бұл айдың өз сәні бар
                Салтанатты  сайраны
                Жетісінде мамырдың 
                Ағалардың мейрамы.
Абылай: Қас дұшпанын ықтырып
                Әділдігін ұқтырып
                Бейбіт күнді қорғаған
                Аталарым тік тұрып
Ән  « Жас ұландар».

Қасым: Жауды ықтырар айбаты
               Сүсініңдер қараңдар
               Бейбіт өмір солдаты
               Ер теңізші ағам бар
Томирис: От жалындай қайраты
                 Сүсініңдер қараңдар
                 Бейбіт өмір солдаты
                 Менің танкист ағам бар.
Балжан: Жеңіс деген жақсылықтың сыңары
                 Жігер менен құштарлықтың құралы
                 Күрескердің арманы мен ұраны
                 Қуанышпен мерекенің бұлағы
« Теңізшілер» биі.
Нұрзада: Ұшағы ол қанаты
                  Сүйсініңдер қараңдар
                  Бейбіт өмір солдаты
                  Менің ұшқыш ағам бар.
Каусар: Қызарып күн батса да
                Ағарып таң атса да
                Күзетіп жүр қас қақпай 
                Шекарада сақшы аға.
Ән
Әсел:  Ару қыздар алаулап от кешкендер
            Сыздап тұр ау әлі күн оқ тескен жер
            Қаласыңдар мәңгілік ел есінде
            Ару қыздар алаулап от кешкендер- Әлия Молдағұлова  Казачиха деревнясы үшін болған ұрыста асқан батылдық көрсетті.Ол өзінің жараланғанына қарамастан «Алға» деп ұран тастап жауға қарсы шықты.Әлия  осы ұрыста қаза тапты ол небәрі 19 жаста болатын.
Би « Көк орамал».
Орысша тақпақтар.
Балжан:  Бақыт деген келер дәйім күреспен
                  Бақыт үшін қарт бабалар күрескен
                  Бақыт үшін арпалысты  әкелер
                  Тек бақытқа қол созумен ұл өскен
«Сарбаздар» биі.
Әсел: Халық тыныштық үшін, бақытты өмір үшін күресті.Сондықтанда елімізде 
Соғыстың өрті жанбасын
Сәбилер жетім қалмасын
Бесігінде сәбидің, Есігінде әр үйдің,
Болмасын соғыс болмасын!
Ән  «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген».
Балалар хормен:   Олар сонау ерлердің ,Алып берген жеңісі
                                   Біз солардың бөбегі ,Біз солардың жемісі
Балжан-Әсел: Жеңіс келді далама
                            Жеңіс келді қалама
                            Жеңіс келді әке боп
                            Елдегі бар балаға
                            Жеңіс келді ән болып
                             Келді ауылға сән-көрік
                            Жеңіс келді алақай!
                           Тойып жейтін нан болып.
Біз бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы,тыныштықты сақтаушы елміз. Елімізде және жер бетінде мәңгілік тыныштық болсын.Ата –бабаларымыздың ерлігін ешкімде ешқашан ұмытпақ емес , бейбіт өмір болсын деген тілекпен мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!