Есетпі теңдеу құру арқылы шығару.
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Есетпі теңдеу құру арқылы шығару.
Автор: Шотка Ганибат
Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: 3 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-01-16
Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып
Мұғалімнің аты-жөні: Шотка Ганибат | Сыныбы: 3 «Ә» |
Математика сабағында функционалдық сауаттылыққа бейімдеу және заманауи технологияны пайдалану
сабақтың негізгі идеясы | сабақта қолданылатын әдістер |
Алған білімдерін өмірде қолдануға бейімдеу;АКТ-ны тиімді қолдану | «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі«Kahoot.it» бағдарламасыУақытты тиімді пайдалану, оқушылардың қызығушылығын арттыру |
Сабақтың тақырыбы: Есетпі теңдеу құру арқылы шығару. Сабақтың мақсаты: Математика сабағында функционалдық сауаттылыққа бейімдеу және заманауи технологияны пайдалануСабақтың негізгі идеясы:*Алған білімдерін өмірде қолдануға бейімдеу;*АКТ-ны тиімді қолдану Сабақта қолданылатын әдістер:*«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі* «Kahoot.it » бағдарламасы* Уақытты тиімді пайдалану, оқушылардың қызығушылығын арттыруКөрнекіліктері: cынып жанындағы кеңсе тауарлар дүкені, маркер, А3. және теңгелер.Жалпы тапсырма орындау үшін: сынып жанындағы кеңсе тауарлар дүкені және ақшалар
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басыЫнтымақтастық атмосферасын қалыптастыру5 минут | Бала, бала, балапанҚане, қайсы, алақан.Саусақтарың әйбат,Былай-былай ойнат.Бала, бала, балапанҚане, қайсы, алақан.Саусақтарың әйбат,Былай-былай ойнат.– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! |
Шаттық шебері |
Сабақтың ортасы8 минут | №1 Тыңдалым. Математикалық жұмбақтар. Түйе,бота маң басқан Төрт аяғын тең басқан Шұнақ құлақ бес ешкі Қос лақты, қос ешкі 4 қозылы, 2 қой Бәрін бірге ойлап қой. (Жауабы :17 бас қой ) |
АКТ |
І. Функционалдық сауаттылыққа бейімдеу1.Тапсырманы орындау үшін: 250тг. Жанар 30 теңге тұратын бірнеше қарындаш және 120 теңге тұратын бір альбом сатып алды. Жанар барлығына 240 теңге төледі. Жанар неше қарындаш сатып алды?2. Тапсырма орындау үшін: 200тг Әли 200 теңгеге сауда жасады. Ол 10 теңгеден бірнеше дәптер және 50 теңге тұратын бір қалам сатып алды. Әли бір дәптерге неше теңге жұмсады?3. Тапсырма орындау үшін: 100тг Дана 15 теңге тұратын дәптердің бес тысын және бір сызғыш сатып алды. Дана барлық кеңсе тауарлары үшін 100 теңге төледі. Сызғыш қанша теңге тұрады? | Маркер А3Кеңсе тауарлары, теңгелер, сатушы | |
Сергіту сәті | Музыкалық әуенмен | Сергіту сәтіне арналған жинақ |
Қызықты тапсырма | Теңдеу құру арқылы тапсырманы орындадыңдар. Ендеше сендердің білімдеріңді тиянақтау мақсатында қол жетімді ресрусты пайдаланамыз. Ол үшін соткаларымызды алып « Kahoot.it» бағдарламасына қосылыңдар.Тест тапсырмасы:
|
АКТСотка ,планшет |
Сабақтың соңы | РефлексияБүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау. |
Бас бармақтар |
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.