Ертөстік бізде қонақта балабақшадағы ертеңгіліктер
Тақырыбы: Ертөстік бізде қонақта. (математикадан қорытынды сабақ)
Сабақтың мақсаты: балалардың сан және санау, геометриялық пішіндер, көлем, кеңістікті бағдарлау, уақытты бағдарлау бөлімі бойынша жыл бойына өткен білімдерін бекіту, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, ертегі арқылы математика сабағына деген қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа, тапқырлыққа үйрету.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: сандар, әр түрлі фигуралар, мультимедиялық тақта, суреттер.
Сабақтың жүру барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Жылулық шеңбері.
Тәрбиеші: балалар сабағымызды бастамас бұрын осы баулар арқылы жүрегіміздің жылуын жеткізейік.
Балалар:
— Деніміз сау болсын
— Бәріміз бақытты болайық
— Балабақшамыз гүлдене берсін
— Аспанымыз ашық болсын т.б.
Қызықтыру сәті: Әуенмен Ертөстік келеді. Мұңайып, көңілі жабырқап тұрады.
Ертөстік: Сәлеметсіңдер ме балалар? Балалар амандасады.
Тәрбиеші: Бұл балалар Ертөстік ертегісіндегі Ертөстік батыр емес пе, ол мұнда не мақсатпен келді екен сұрайық?
Ертөстік: Балалар мен сендерден көмек сұрағалы келдім, менің 8 ағам бар, ал мен 9-шы, яғни ең кенжесімін. Осы ағаларымды Тау шатқалында мекен ететін Тасбол деген жауыз сиқыршы сиқырлап қойыпты, енді не істерімді білмей тұрмын, қайтсем ағаларымды құтқарамын балалар?
Осы кезде экраннан таудың суреті көрінеді де, дыбыс шығады.
Тасбол: — Мен сиқыршы Тасболмын. Ертөстік мен сенің ағаларыңды тасқа айналдырып жібердім. Енді сен жалғыз қалдың. Мен сені көріп тұрмын. Сен балалардан көмек сұрап жүр екенсіңғо? Тапсырмаңды одан сайын қиындатайын. Ха-ха-ха
Тәрбиеші: Балалар енді не істедік, Ертөстіктің ағаларын Тасболдың сиқырынан құтқарамызба?
Ендеше балалар Тасбол Ертөстікке қандай тапсырма беріп жіберді екен сұрайық.
1-тапсырма: Гүлдерге көмектес, яғни әр түрлі гүлдің суретінде берілген есепті қателеспей шешуін табуымыз керек қане балалар іске кірісейік.
Ертөстік: балалар рахмет сендерге енді екінші тапсырмада «Қандай геометриялық пішіндерден құралған? » деп аталады, яғни мұнда атқа мінген жау –жүрек батырдың суреті бейнеленген, осы батырдың сыртқы бейнесі қандай геометриялық пішіндерден құралғандығын атауымыз керек.
2-тапсырма: «Қандай геометриялық пішіндерден құралған?»
Тәрбиеші: балалар 3-тапсырмада былай делініпті: Ертөстікті және оның ағаларын өсу және кему ретімен орналастыр. Мына сиқырлы сандықтың ішінде Ертөстіктің суретімен қатар ағаларының суреті берілген екен, қане ендеше осы суреттерді өсу және кему ретімен орналастырайық.
3-тапсырма: «Өсу ретімен орналастыр»
Сергіту сәті. Балаларға жәшіктен әртүрлі геометриялық пішіндерді таңдап алу ұсынылады, балалар әуенге қосылып билейді де, әуен тоқтағанда қолдарындағы геометриялық пішін бойынша үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер жасап тұрады.
Тәрбиеші: балалар келесі тапсырма кеңістікті бағдарлау бөлімі бойынша келіпті, яғни «Тасболдың мекеніне апарар жол картасын бейнеле» деп аталады.
4-тапсырма: «Жол картасын бейнеле »
Ағаш, тау, күн, бұлт, тас, көл, гүлдер т.б. суреттерді үстел үстіндегі жасыл матаға өздерінің орналасу реті бойынша балалар жапсырады.
Тәрбиеші: Бұл тапсырма уақытты бағдарлау бөлімі бойынша келген екен. Менің салған, яғни Тасболдың салған суретінің қатесін тап деп аталады. Оған 4 жыл мезгілінің суреті беріледі, осы суреттен қате салынған жыл мезгілін балалар атайды.
5-тапсырма: «Қатесін тап»
Осы бөлім бойынша тағы бір сұрақ:
Менің мекеніме жету үшін 3 күндік жол бар. Қалай ойлайсыңдар егер Ертөстік ағаларын іздеп келетін болса менің мекеніме ол қашан жетеді?
Балалардың жауабы: Бүгін бірінші күн дүйсенбі, Ертөстік 3 күннен соң жететін болса, онда аптаның 3 күні яғни сәрсенбіде жетеді.
Тасбол: Балалар сендер менің сұрағыма мүдірмей дұрыс жауап бердіңдер Ертөстікке де көмектесіп өз білімдеріңді көрсеттіңдер, енді Ертөстік ағаларыңды босаттым, қарсы ал.
Ертөстік: балалар сендерге көп-көп рахмет, сендер болмасаңдар не істер едім, міне бауырларымды Тасболдың сиқырынан босап шықты, сендерге көп-көп рахмет.
Қорытынды
Атырау қаласы
Томарлы селосы
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!