Ертеңгілік : «Жұлдызды кеш бітіру кеші»
Бағыты: Балабақша Бөлімі: Ойындар, Сценарийлер Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар
Балабақша тәрбиешілеріне арналған мерекелік ертеңгілік
1-ші жүргізуші:Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!Ақ тілекті ағытып бір тастайық,Қоштасатын кешімізді біз бастайық.Жүздеріннен көрем шаттық арайлы,Болсын солай әрбір күнің,әр айың!
2- ші жүргізуші: Талай қызық той өтіздік,Бірақ орны ерекше,Бақшамаенен қоштасатын Бүгінгі той ерекше.
1-ші жүргізуші:
Иә,қымбатты достарым,көптен күткен күнде келіп жетті,біз ерекше концертімізді бастаймыз.Ал ол біздерді бірнеше жыл бойы машықтарымен және қабілеттерімен қуанттқан,олар есейіп,қарлығаштай қанат жайып,білім теңізіне,яғни мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндерімізді тамашалауға келіп отсыздар.
Слайд. Жұлдыз
1— ші жүргізушіБүгінгі той бәрімізге құтты болсын,Мектеп есігі әрқашан ашық болсын.Мектепке баратын бүлдіршіндердің Әрқашанда жолдары жарқын болсын
2- ші жүргізуші: Бақша болсын болса егер, «Ақботадай»Ұлдары бірі алғыр,бірі ақылды.Қыздарының өнерлері өрге жүзген,Саусақтары майысып,бармағынан бал тамған— дей отыра, бақшамыздың ұл қыздарын ортаға шақырайық.
1 — ші жүргізушіҚыран құстай шарықтар біздің Диас,Бағынар биік-биік белес оған.Ибалы қыз Ақерке мен Әдемі,Күлімдеген көздері неткен әдемі.
2- ші жүргізуші: Ұланы ол елініңҚайратты біздің Алихан,Келбеті әсем Нұрай менен Қарақат,Келеді оларда шаттанып 1 — ші жүргізуші Жігіттердің төресі ол біздің ХамзаКеліп қалды күлімдеп олда ортаға Әсем ару қыздарымыз Сабина мен НұрданаАйналасын шаттандырды нұрлана
2- ші жүргізуші: Ортада біздің жүйрік Абылай,Бәйгеде озып шығар Тұлпардай .Би билеп,саусақтарын майыстырып,Көрікті әсем Ақерке мен Құралай, 1 — ші жүргізуші Жүйрік жігіт біздің міне Жанайдар, Болашақта бағындырып,жеңіске жетеді ол әлі талай.Бақшамыздың көркін ашып әркезде,Ортада ару Аяулым мен Анельде.
2- ші жүргізуші: Айбектің талабына нұр жаусын, Елімнің ұланы болып өссін,Аппақ қардай ару қыздар Айару мен Қаршыға,Көйлектері құлпырады айнала.
1 — ші жүргізуші Жігерлі жігіт ол біздің Азамат,Топ жарып ,ақылымен алға басқан.Күлімдеген ақылды ару Сезіменен Шұғыла,Биік болсын талабымен ақылы.
2- ші жүргізуші: Қуанамын мен тобымның аруларына,Арулардың ақылды болғанына,Тәрбиелеп өсірген жемістерім,Ризамын Гүлсезімен Ұлжанға.
1 — ші жүргізуші Ақылды ол біздің жігіт Рауан,Біледі ол жақсы менен жаманды,Сұлулығымен бағындырар ғаламды,Сұлу қыздар Малика мен Аякөз.
2- ші жүргізуші: Жігіттердің серісі ол біздің Шапағат, Еңбек сүйгіш таудай талап бойында,Биязы мінезді Кәусар менен Айсезім,Барлық достар оларды құрметтеп сыйлайды,
1 — ші жүргізуші Топтағы ару Зере менен Айзере,Көркіне ажары сай әдемі,Бақытты болың әрдайм,Күн нұрындай күлімдеп.
2- ші жүргізуші: Жігіттердің ақылдысы ол бізің Нұрқанат,Талабыңа қуанамын мен шартарап,Сүйкімді ару біздің ол Сабина,Күлімдеп келеді,олда нұрлана.
1 — ші жүргізуші Қарашы бүгінгі күн қандай Қалайша қаласың нұрланбай.Вальс билесе түлектерЖер шары айналып тұрғандай
Би: Вальс /Барлық балалар/
2- ші жүргізуші: Алғашқы құттықтау сөз балабақша директоры Сарбиназ Талапқалиқызына және балабақша әдіскері Ұлмекен Мұратбайқызына беріледі.
2- ші жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар,Жақсы ән мен тәтті күй.Көңілге түрлі ой салар,Әнді сүйсең менше сүй-деп Ән: Жауқазын Фестивальінен 2 орын иеленген Асқар Гүлсезімнің орындауында «Мен қазақтың қызымын» атты әнін қабыл алыңыздар.
1 — Жүргізуші:
Балабақша түлектері,Мектепке кетіп барады,Тақпақ айтып бір-бірден,Қимай кетіа барады,-дей келе балаларымызды өз тақпақтарымен ортаға шақырамыз.
Балабақшам тым ыстық,Білім алдық бастапқы. АнельМұнда жақын туыстық, Мұнда жақын дос таптық,
Қолыма гүл аламын,Дайын дәптер қаламым. Таңғалдырып достарды,Мен мектепке барамын. Гүлсезім
Өстік біздер мінекей,Жаттап талай тақпақты. АлиханБала күнім балдәурен,Ұмытылмас шақ тәтті.
Балабақша бесігім,Тағы бір той жасайық! СезімАшып мектеп есігінӨзіңмен қоштасайық!
Талай қызық той өткіздік, НұрданаБірақ орны бөлекше.Бақшамызбен қоштасатын,Бәрі бірге . Бүгінгі той ерекше.
/Осы кезде Гүл ханшайымы кіреді./Гүлдер ханшайымы: Саламатсыздар ма, балалар! Мен музыка әуенін естіп сендерге келіп тұрмын. Қандай әдемі балалар, қандай әдемі безендірілген зал. Мен қай жерге келдім?2— ші жүргізуші: Саламатсызба! Бұл «Ақбота» балабақшасынын бітіруші түлектері. Біздің бүлдіршіндеріміз балабақшамен қоштасқалы жатыр, ал сіз кімсіз, қайдан келдіңіз?Гүлдер ханшайымы: Мен ертегі патшалығынан келген гүл ханшайымымын.1 — ші жүргізуші: Онда төрлетіңіз, бізге қонақ болыңыз, біздің балалардың өнерін тамашалаңыз.
Міне келді жарқырап,Қыздар келді ортағаБи билейді мәз болып,Шаттанады қуанып.Би:«Гүлдер» биі. /М.Ақерке-Нұрдана,Қ.Ақерке-Құралай,Аягөз-Аяулым,Айзере-Анель,Шұғыла-Гүлсезім,Нұрай-Айсезім/.Гүлдер ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Өнерлерін өрге жүзсің. Ал менің кететін уақытым болды. Мен сендерге бос қол келген жоқпын, менің сендерге дайындаған сыйлығым бар. Мынау жеті түсті сыйқырлы гүл.Әр бір күлтешеде тілек жазылған. Ол тілектерді балабақшадағы өздеріңнің апайларыңның тілектері.Тілектерін орындайсыздарма. Жақсы, балалар, қош сау болыңдар.2— ші жүргізуші: Қандай ерекше гүл, солай ма балалар? Кәне күлшесін жұлып көрейікші, кане кімнің қандай тілек айтқанын мен сендерге кезек-кезек оқып берейін. Бірінші күлшедегі тілекті балабақша директорының тілегі екен.— Балабақшамен қоштасқалы тұрған бүлдіршіндерге сәт сапар тілеймін. Балабақша туралы тақпақ естігім келеді.
1 — ші жүргізуші:
Қане балалар директор апайымыздың тілегін орындаймызба?Балалар: Ия.
2— ші жүргізуші:Балбұл жанған балалар,Мектепке кетіп барады.Тақпақ айтып бір-бірденҚимай кетіп барады-деп балаларымызды тақпақтарымен ортаға шақырамыз.
Тақпақтар: Біз кішкентай бүлдіршінбіз,Бақыт сыйлар ұл мен қызбыз. АйсезімҚуанышты көңіл сыйлар,Мерекеге қош келдіңіз.
Бақшамыз бар таң қалдырар, АзаматӨнерімен тамсандырар,Бүлдіршінбіз жан шуақты,Ән мен жырдан нәр алдырар.
Күлімдеген күн нұрындай, РауанТәрбиеші анамыздай.Білім менен тәрбиенің,Ордасына айналғандай.
Бақшамыздың мақтанышы,Биік ұстар ар намысты. ШапағатБіз балдырған ұландармыз,Шырқайтұғын ән мен жырды.
Балабақша ,балабақшаШаңырағы шаттықтың Балабақша қорғанышы.Балғын сәби жастықтыңҚуанамыз ,сыйлаймыз. М.АқеркеҚуаныштың мың гүлін,Бақшамызды қимаймыз.Қоштасатын күн бүгін.
1— ші жүргізуші:
Мерекеде сызылтып ән салады,Ән айтып,биде билеп жан салады.Бұл ұлы мерекеде ән салғанда,Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады.
Ән: «Біз мектепке барамыз»
2— ші жүргізуші:
Екінші күлтешені кімнің тілегі екен. Балалар жұлып тілекті оқиын.Екінші күлтешені әдіскер апайымыздың тілегі екен.
— Балабақша үйренген бір билеріңізді көргім келеді.
2 — ші жүргізуші:
Қане балалар әдіскер апайымыздың тілегін орындаймызба?Балалар: Ия.
Би: Қыздар мен жігіттердің орындауында «Это все она» /Сабина-Абылай, Қаршыға-Диас, Малика-Айбек,Гүлсезім-Алихан,Ұлжан-Хамза,Қ.Ақерке-Жанайдар,Ж.Сабина-Нұрқанат./
1−жүргізуші.
Бірге болсын ойымыз,Құтты болсын тойымызҚыздарымыз тамаша Би билейді жараса
Сендер осында достасып , көп нәрсені білдіңдер, және әрқайсың балабақшамен қоштасу үшін ерекше өнерлеріңді де дайындадыңдар. Біздің жұлдыздарымызды қарсы алыңыздар!
Би: «Тәттілер» биі /Құралай-М.Ақерке,Аяулым-Әдемі,Қ.Ақерке-Шұғыла,Анель-Ж.Сабина,Нұрдана-Аягөз/
/ «Көңілді күн» музыканың сүйемелдеуімен Асан деген бала кіреді./2−жүргізуші. Сәлем балақай! Қайда бара жатырсың? Мұнда мереке өтіп жатырғой!
Асан . Мереке? Мен оны жақсы көремін!
2−жүргізуші. Сен өзі кімсің?
Асан. Мен Жалқау Асанмын!Әлемде Надандық аралы бар,Бәріне рұқсат , еш тыйым жоқ!Маған кәмпит беріңдер!Айтпақшы сендер кімсіңдер?
2−жүргізуші. Бұл біздің «Ақбота» атты балабақшамыздың болашақ оқушылары!
Асан. Оқушылар? Айтасың –ау … Мен де мектепке барғанмын!
2−жүргізуші. «Барғанмын деген несі ? Қай сыныпта оқушы едің?
Асан. Екі жыл бірінші сыныпта, үш жыл екінші сыныпта!
2−жүргізуші . Сен екіге оқиды екенсің ғой?
Асан . Маған дұрыс ұстаздардың келмегеніне мен кінәлі емеспін. Оқыған мектепте оңып тұрған жоқ!Оқулық оқығанынның орнына ! Қыдырамын қалағанымша,Кітап оқып отырғанша!Қыдырған жақсы емес пе?Жүріңдер менімен, балалар!Шлапы киген балалар жүгіріп шығады.1−ші бала Мен барамын сенімен,Батылдығымды көрсетемін! Диас2− балаМен де жалығып кеттім, ХамзаМектепке бара беруден!3−балаМенде оқудың орнынаҚыдырар едім қалағанымша! ЖанайдарҚыз.Ой , қайда кеттіңдер жігіттер? Білімсіздің күні қараң! Қаршыға4−ші бала Бәрің , бәрің , бәрің Алихан5−ші бала Түсінуге тиіссіңдер Азамат6−шы бала Біз әлі баламыз, РауанБірге. Келеді әлі қыдырғымыз! Шапағат
Би: «Джентельмен» биі /Алихан,Абылай,Жанайдар,Хамза,Айбек,Диас,Азамат,Рауан,Шапағат/.
Асан. Жарайсындар! Қыдырайық! Тағы қыдырайық !Сосын сендердің бағаларың қандай болатынын көреміз! Мүмкін, екілікке оқитын шығарсындар!Балалар. Жоқ!Асан. Жарайды, әзілдедім! Бестікке де оқуға болады, бірақ ол қиын!
1−ші жүргізуші.Сонымен , біздің балалар көп біледі , оларға мектепте оқуға дайын. сенбесең білімдерін тексетіп көремізбе?
2−жүргізуші. Тексерсек тексерейік. Асанға білімді балалар екенімізді дәлелдейік.
—Біз қай мемлекетте тұрамыз?-ҚР президенті кім?-ҚР рәміздеріне нелер жатады?-Бір жылда неше жыл мезгіл бар?-1-10 ға дейін тура және кері сана?-Қандай ертегілерді білесіңдер?-Дыбыстар нешеге бөлінеді?-Мынау қандай әріп? /А,Қ,Т,Н,Ғ/
1−ші жүргізуші: Біздің балаларды көрдіңбе қандай ақылды,білгір.Сен өз біліміңді бізге көрсетсеңші./Асанның көңіл күйі түсіп,басы салбырап кетеді./
2−жүргізуші:Канекей біліміңді бізге көрсет./Асан бала әріптерден сөз құрай бастайды. Әріптерді дұрыс орналастыра алмайды./
1−ші жүргізуші:Балалар әріптерден дұрыс сөз құрады ма?
Балалар: Жоқ.Канекей Асанға көмектесейікші?/Балалар сөз құра бастайды: АНА, АҚ,АТА,АТ,АҒА/.
Асан: Керемет,балалар екенсіңдер. Сендерден көп нәрсе үйрендім. Білім алған жақсы екен.
2−жүргізуші:Асан сен бізбен бірге мерекеде қал. Алі талай үлгересің білім алуға. Білім алудың ерте —кеші жоқ.
2−жүргізуші. Мектеп ана шақырады бізді алдан Алдымызда талай сан арманҚоштассақта балабақшам сеніменСанамызда өзін берген өнегең-депүшінші күлшені жұлып көрейін.
Үшінші күлшедегі тілекті осында отырған қонақтардың тілегі екен. Балабақша туралы ән естігіміз келіп отыр?
1−ші жүргізуші: Келген қонағымыздың тілегін орындаймызба?Балалар:Ия.
Ән: Қылышбай Сабинаның орындауында «Балабақша» әнін қабыл алыңыздар.
2−жүргізуші. Өлең сөздің патшасы сөз сарасы,Қиыннан қиыстырар ер данасы,Тілге жеңіл,жүрекке жылы тиіпТеп—тегіс жұмыр келсін айналасы-деп Абай атамыз жырлағандай келесі кезекті балаларымыздың балабақша қызметкерлеріне арналған тақпақтарына кезек берейік.
Орын берген бақшадан,Меңгеруші жақсы адамСондықтанда біз үшінАртық өзі басқадан МаликаБалабақша жүрегіБөбектердің тірегіОл Сарбиназ апай ғой,Оны бәрі біледі.Апай сізге мың алғыс
Әдскер бар бақшада Талапты ,әрі әдеміҰлмекен апайды байқасақӘрбір сөзі мәнерлі ҰлжанАпай сізге мың алғыс
Есеп қисап жүргізгенБақшаға кіріс кіргізген Қ.ЗереАйгүл апай сізге де,Мың алғыс бала жүректен
Бізде мұнда әрдайымБәрі—бәрі дап—дайын Қамымызды ойлаған,Шаруашылық меңгеруші ШұғылаГалина Максимқызына мың алғыс
Ақ халатты киедіАппақ болып жүредіБалалар ауырмай жүрсін деп, ҚаршығаДенсаулығы мықты боп,Ұзақ өмір сүрсін деп,Бота мен Айгерім апайларға мың алғыс
1−ші жүргізуші:
Алқа жұртым той-думан,Ортамызды ашайық.Ән мен күйді төгіп біз,Інжу –маржан шашайық-деп төртінші гүлшені жұлайын.
Төртінші күлтешедегі тілектер біздің ата – аналарымыздың тілегі екен.
Біздің арманымыз көңілді би көргілеріміз келіп тұр.
Балалар ата-аналарымыз тілегін орындаймызба?Балалар:Ия
Бірге ойнап бірге жүрген,Күндерімізді қимаймызЕстелік болсын біздерденӘсем биді жолдаймыз—деп тобымыздың ару қыздарын ортаға шақырамыз.
Би: «Бұның бәрі керемет» /Ұлжан—Қ.Сабина,Малика—Қарақат,Зере—Каусар,Сезім—Айару,Қаршыға—Әдемі/.
2-Жүргізуші:Жас жүректің өмірлік құштары – гүлБағбан ұстаз баулыған құстары – бұл.Қоштасып бүгінгі күн ұясыннанСол құстардың бір тобы ұшқалы тұр- деп педагог апайларға арналған тақпақтарға кезек береміз.
Ас әзірлеп бақшадаКөңіл бөлер бақшаға,Дәмді тағам дайындауЕңбекқой бұл қаншама КаусарҚолы алтын аспазшыларМария мен Гүлжазира апайларға мың алғыс.
Еден мен кірді жуатын,Жолатпай шаңды қуатынТап—таза етіп сүлгіні, ҚұралайҰқыптап іліп қоятын,Нұргүл,Марал апайларға мың алғыс
Тамылжытып ән салдырып үйреткен,Жүгіріп жүріп талай билер билеткен.Нұрсұлу мен Анар апайларға мың алғыс АйзереМың қайтара сәби бала жүректен
Дене шынықтыру сабағынАсыға күтіп тұрамызЖарыстарды өткізіпШығар деп спорт шебері Ж.СабинаБізге үміт артқан апайымызАмангүл Ерсайынқызы сізге мың алғыс
Бақшаны әркім анасындайҚастерлейді бағалапӨйткені ол баласындай НұрайБізді өсірер аялап, Мың алғыс сүйікті бақшамызға,Мың алғыс біздің сүйікті апайларға.
1-жүргізуші:Бесінші күлтешені суырып көрейін.Бесінші күлтешедегі ағылшын маманының тілегі екен. Ағылшынша санап беріңдерші?
2-жүргізуші:Көнілді өскен баламызШырқатып әнге саламызТойымызға сән берер,Би де билей аламыз-деп жігіттерімізді ортаға шақырамыз.
Би: Жігіттер /Алихан,Абылай,Жанайдар,Хамза,Айбек,Диас,Азамат,Рауан,Шапағат/.
1-Жүргізуші:Бүгін міне қоштасады бал бұлақ,Ән менен жырына тындармандар сал құлақ.Кеше сәби,міне бүгін жасұлан,Лаулап жансын болашағың шамшырақ—деп түлектерімізді балабақша апайларына арнаған тақпақтарына кезек береиік.
Қолында оның қыл қалам,Өрнектеп сурет салатынӨнерімді көргенде АякөзҚуанып мәз болатын Суретші Света Келдібайқызына мың алғыс
Ағылшын тілі біз үшін,Ана—тілмен парапарШет тілде бізде сайратқан. Қ.СабинаБақытжамал Қосайқызына мың алғыс.
Өзіңді—өзің танысаң,Әлемнің сырын білерсің. АбылайЖемісхан апайды тыңдасаң,Әдепті өмір сүресіңЖемісхан Қаратонқызына мың алғыс
Тамақты алып келедіТөсекті салып бередіЗор еңбек етіп келеді Қ.АқеркеТілейміз жақсы тілектіАнар, Сымбат пен Салтанат апайларға мың алғыс
Таныдым пішін,түстерді,Үйрендім жақсы істерді.Ақелік,Шынар апайым, АйаруБәрінен артық,күшті енді.Рзахан,Ұлмеке апай ойнатып,Дос болып бізге күш берді.
1-Жүргізуші:
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,Бишілер билеп кетті тербетіле.Аққудай қалықтаған теңіздегі,Бишілер өнерлерін көрсетуде,- алдарыңызда ару қыздарымызды ортаға шақырамыз.
Педагог апайларға арналады.Би: Жақсы көңіл-күй /Шұғыла,Каусар,Аягөз,Айсезім,Зере,Айзере,Анель,Айару/.2-жүргізушіАлтыншы күлтешедегі тілекті медбике апайларымыздың тілегі екенБіздің арманымыз өзге ұлт өкілдерінің биін билеп білесіздерма?Апайымыздың тілегін орындаймызба?Би: Аудандық «Жауқазын» фестивалінің ынталандыру номинациясы марапатталған ару қыздарымызды «Шығыс» биімен қарсы алыңыздар. /Қаршыға,Ұлжан,Қ.Сабина,Нұрай,Аяулым,Құралай,Ж.Сабина,М.Ақерке,Қ.Ақерке,Сезім/.1-жүргізуші:Жетінші күлтешедегі тілектер тәрбиеші апайлардың тілектері екен..— Тәрбиеші туралы ән естігіміз келіп тұр.Ән«Тәрбиеші» әні.2-Жүргізуші:Қуанамыз сыйлаймыз.Қуаныштың мың гүлінБалаларды құттықтапЖырдан шашу шашамыз- деп балалардың орындауында би.
Би: Пародия «Байланыстағы қыз»/Сабина,Қаршыға,Ж.Сабина,Ұлжан,Диас/.
Міне балалар ,көптен күткен қимастығы мен қуанышы бірдей мерекелеріңде бітуге таяу. Сіздерге ақ жол,сәт сапар тілейміз. Сендерді қуанышты күндеріңмен құттықтауға естияр тобының балалары келіп тұр. Солардың тілектерін тыңдап,алтын кілтімізді табыстайық.
Қош балалар ,сәт сапар,Бақытты бәрің болыңдарЖақсы оқып сабақты,Кілең бестік алыңдар.
Өсті ақыл ойларыңӨсті ,міне бойларыңМектепке енді барыңдарАқ жол сіздерге достарым.
Қош «Ақбота» балабақшам,Естен кетпес есімің.Қош «Ақбота» балабақшамАлғаш ашқан есігім. ДиасҚош балалар балалықТүстік мектеп жолына.Орнымызды қалдырыпЕстиярлар тобына.Біздердей бала болыңыздарБи билеп ән де салыңыздарАбыройы бала бақшаныңСіздерге енді аманатЕстелік болсын біздерденАлтын кілтті қабыл алыңдар!
2-жүргізуші:Мың бұралып билегенАруды кім сүймеген .Күміс көмей аруларғаКімдер басын имеген-дей отырып келесі кезекті қыздарымызды ортаға шақырамыз.
Би: «Прощайте игрушки» «Көгершін» тобының ұл қыздары
1-жүргізуші:Көңілді өскен балаларКүлім қағып трады.Тойымызға сән беріп,Шырқатып ән салады.
Хор : «Ақботам мекенім» Сөзін жазған. «Қарлығаш» тобының ата-анасы Айболған Шопанова
2-жүргізуші:Өтелер ме жылуы алақанның,Өтелер ме қызығы балақанның Өтелер ме аяулы ата—ана,Қатайып қанаты ұшса балапанның-деп сөз кезегін Баутин ауылының әкімшілігінен келген қонақтарға,мектеп мұғалімдеріне,ата-аналарға береміз.
1-жүргізуші:Келешек қой осылар барға шүкір,Алдарыңда ақ қанат арманы тұр.Жүректері лүпілдеп тебіреніп,Қолдарына диплом ағалы тұр.Балаларымыз дипломдарын табыстауға балабақша директоры Сарбиназ Талапқалиқызы мен әдіскер Ұлмекен Мұратбайқызын ортаға шақырамыз.
Марапаттау.
2-жүргізуші:Жүректерден арман отын жағыңдар,Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар.Құтты болсын қадамдарың аттаған,Оқу оқып тәрбие ,білім алңдар.Осымен «Жұлдызды кеш –бітіру кеші» атты мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды. Қош сау болыңыздар! Жолдарың болсын!
1.Би: Вальс
2.Ән: Жауқазын Фестивальінен 2 орын иеленген Асқар Гүлсезімнің орындауында «Мен қазақтың қызымын» атты әнін қабыл алыңыздар.
3.Би:«Гүлдер» биі. /М.Ақерке-Нұрдана,Қ.Ақерке-Құралай,Аягөз-Аяулым,Айзере-Анель,Шұғыла-Гүлсезім,Нұрай-Айсезім/.
4.Ән: «Біз мектепке барамыз»
5.Би: Қыздар мен жігіттердің орындауында «Это все она» /Сабина-Абылай, Қаршыға-Диас, Малика-Айбек,Гүлсезім-Алихан,Ұлжан-Хамза,Қ.Ақерке-Жанайдар,Ж.Сабина-Нұрқанат./
6.Би: «Тәттілер» биі /Құралай-М.Ақерке,Аяулым-Әдемі,Қ.Ақерке-Шұғыла,Анель-Ж.Сабина,Нұрдана-Аягөз/
7.Би: «Джентельмен» биі /Алихан,Абылай,Жанайдар,Хамза,Айбек,Диас,Азамат,Рауан,Шапағат/.
8.Ән: Қылышбай Сабинаның орындауында «Балабақша» әнін қабыл алыңыздар.
9.Би: «Бұның бәрі керемет» /Ұлжан—Қ.Сабина,Малика—Қарақат,Зере—Каусар,Сезім—Айару,Қаршыға—Әдемі/.
10.Би: Жігіттер /Алихан,Абылай,Жанайдар,Хамза,Айбек,Диас,Азамат,Рауан,Шапағат/.
11.Би: Жақсы көңіл-күй /Шұғыла,Каусар,Аягөз,Айсезім,Зере,Айзере,Анель,Айару/.
12.Би: Аудандық «Жауқазын» фестивалінің ынталандыру номинациясы марапатталған ару қыздарымызды «Шығыс» биімен қарсы алыңыздар. /Қаршыға,Ұлжан,Қ.Сабина,Нұрай,Аяулым,Құралай,Ж.Сабина,М.Ақерке,Қ.Ақерке,Сезім/.13.Ән«Тәрбиеші» әні.
14.Би: Пародия «Байланыстағы қыз»/Сабина,Қаршыға,Ж.Сабина,Ұлжан,Диас/.
15.Би: «Прощайте игрушки» «Көгершін» тобының ұл қыздары
16.Хор : «Ақботам мекенім» Сөзін жазған. «Қарлығаш» тобының ата-анасы Айболған Чопанова
. Бірінші күлтешедегі тілекті балабақша директорының тілегі екен.— Балабақшамен қоштасқалы тұрған бүлдіршіндерге сәт сапар тілеймін. Балабақша туралы тақпақ естігім келеді.
Екінші күлтешедегі әдіскер апайымыздың тілегі екен. — Балабақша үйренген бір билеріңізді көргім келеді.
Үшінші күлтешедегі тілекті осында отырған қонақтардың тілегі екен. Балабақша туралы ән естігіміз келіп отыр ?
Төртінші күлтешедегі тілектер біздің ата – аналарымыздың тілегі екен.Біздің арманымыз көңілді би көргілеріміз келіп отыр.
Бесінші күлтешедегі ағылшын маманының тілегі екен. Ағылшынша санап бергендеріңізді қалаймын?
Алтыншы күлтешедегі тілек медбике апайларымыздың тілегі екен.Біздің арманымыз өзге ұлт өкілдерінің биін билеп білесіздерма?
Жетінші күлтешедегі тілектер тәрбиеші апайлардың тілектері екен..— Тәрбиеші туралы ән естігіміз келіп тұр.
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.