Ертегілер жинағы | Скачать Реферат
Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Қиял -ғажайып ертегілер
2.2 Хайуанаттар жайлы ертегілер.
2.3 Салт (шыншыл) ертегілер.
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Ертегілер — халық өмірі, қала берді тек ой жететін, қиял ғана бара
алатын өлкелер туралы алғашқы көркем әдебиеттің шағын туындылары.
Ертегі соңы кейіпкерлердің бақытқа, көздеген арманына жол жеткізуімен
бітіп отырады. Соның нәтижесінде айтушы да, тыңдаушы да жақсылықтың,
бақыттың бар екеніне сеніп, өмірге жігермен қарауға үйренеді.
Ертегілер төмендегідей түрлерге бөлінеді.
1. Қиял-ғажайып ертегілер.
2. Хайуанаттар жайлы ертегілер.
3. Салт (шыншыл) ертегілер.
Қиял-ғажайып ертегілер — адам табиғат сырын әлі анық түсінбей тұрған
кезде туған ертегілер. Бұлар ертегілер ішіндегі ең көнесі әрі көбі.
Ертегінің осы түрінде табиғаттың, қоршаған ортаның нелер тұңғиық сырлары,
соны танымаққа ұмтылған қазақ ойы, білсем танысам деген қазақ арманы,
әлемді шарласам, айға жетсем, мұхитты төңкерсем, қу медиен даланы көк
жазираға бөлесем деген қазақ қиялы бейнеленген. Сол жолда кездесер жаңалық
пен ескіліктің, адалдық пен жауыздықтың, адалдық пен арамдықтың зор
арпалысы суреттеледі. Ертегідегі жақсылыққа, не болмаса белгілі бір мұратқа
жетсем деген басты кейіпкерге көмектесер Шаңжұқпас. Саққұлақ, Таусоғар,
Көлтауысар секілді бейнелер болса, оған қарсы жалмауыз кемпір, жалғыз көзді
дәу, дию, жезтырнақ секілді қиялға тән сұмдық құбыжықтар қарсы тұрады.
Жамандық пен жақсылық, зұлымдық пен адамдық қарапайым да қым-қиғаш жагдайда
күресіп, жақсылық жеңеді.
Қиялға ғажайып ертегілері — оқиға орны және оған қатысушылары,
кейіпкерлері де ерекше, уақыт өлшемі басқаша ертегілер. Ертегіде Қыдыр ата,
Таусоғар, Желаяқ, Жалмауыз кемпір секілді адам қиялына сыймас кейіпкерлер
жер астында, жер бетінде, жеті қат көкте жүреді. Тек қиялға ғана сиятын,
ақылмен түсіну қиын оқиғалар жүзеге асып жатады. Қиял- ғажайып ертегілеріне
Ер Төстік, Алтын сақа, Күн астындағы Күнікей қыз, Жерден шыққан
Желім батыр, Еділ-Жайық, Бозінген, Ұшар ханның үш баласы т.б.
ертегілер жатады.
Қиял-ғажайып ертегілерінің тағы бір ерекшелігі бұндағы
кейіпкерлердін, заттары, құрал-саймандары, т.б. мүлдем бөлек. Мысалы, Ыста
тас деген кішкене ғана тас тілдің астында жатады. Атын айтса, Ләббай деп
жауап береді. Нені қаласа, соны жасайды. Ханды жеті дарияның арғы жағына
апарып тастайды, немесе ордасымен көшіріп әкеледі. Осының бәрін әп-сәтте,
көзді ашып-жұмғанша істейді. Сиқырлы тас ертегісіндегі тастың құдіреті
де, Ағаш аттағы ағаш аттың, кереметі де тыңдаушысын таңқалдырады.
Кедейдің үш баласы ертегісіндегі Жұмагелдінің қырық құлаш семсерінің күші
алапат. Ағасы інілерімен Сендердің қандай ерліктерің бар? деп сұрағанда,
Жұмагелді: Денеде қырық құлаш семсерім бар, ол кетсе өлем, ол кетпесе атса
да өлмеймін, суға батпаймын, отқа күймеймін, — дейді. Сол семсермен
мұратына жетеді.
Басты кейіпкердің төзімі де орасан, темір етік теңгедей, темір таяқ
тебендей болғанша сапар шегеді. Аптыққа, суыққа, яғни қарапайым адам
шыдамас сынаққа көніп, қиындықты жеңіп шығады.
Қиял-ғажайып ертегілері бір қарағанда шындықтан алыс көрінгенімен,
ұшқыш кілем, жүйрік тұлпарлардың орнын басар автомобиль, ұшақ, зымыран
секілді көліктер өмірімізден орын алады.
Қазақ ертегілерірінің тағы бір мол түрі — шыншыл ертегілер. Қазақтың
дүниетанымындағы, өміріндегі, көзқарасындағы барлық ісін, мұң-мүддесін,
тартыс-таласын тек осы шыншыл ертегілерден табуға болады. Мұнда жауыздыққа,
топастыққа қарсылық айқын байқалады, яғни халық өзінің нені ұнатып, нені
жек көретінін анық танытады. Шыншыл ертегі қазақтың жан дүниесіндегі
мұңынан, қайғысынан хабар береді.
Шыншыл ертегілердегі жаман, яғни жағымсыз образ болып хан, бай, билер
көрінеді. Бірақ бұл қазақтың бар халқы, байы, биі, молдасы жаман деген сөз
емес. Зорлық, қорлау, кемсіту, жылату күштіден, биліктегіден келеді деген
сөз. Бұл- мәңгілік тақырып.
Халық әлсізге, нашарға көмектескенді жақсы көреді. Солай
істегендіктен Тазша бала бәрінел ақылды болып көрінеді. Мәселе оның бала
екенінде, немесе Тазша екенінде емес. Мәселе ақылдың, ойдың алдында
адамдардың бәрі бірдей, тапқыр Тазша көпті көрген, мен білемін деген
ханды, билерді мұзға отырғызып кетеді дегенінде.
Салт-шыншыл ертегілерде қазақтың малшылық-бақташылық тұрмыс-
тіршіліктері көрініс береді. Бұнда жылқышы, қойшы, түйеші, тазша, құл, бай,
би, хандар образы арқылы сол кездегі тұрмыс-салт, күйеуін сыйлар әйел,
ағаның алдын кеспес қыз, әке тұрып сөйлемес ұл қылығын, жорасын көреміз.
Халықтың тұрмысы, тіршілігі ертегінің бір бөлігінде көрінсе, екінші
бөлігінде дала танымы, елдің, салтын, қазақтың жазылмаған, бірақ
бұлжымайтын заңдары сипатталады.
Халық, ертегілері Құйыршық, Қотырторғай, Мақта қыз бен мысық,
Шудалы торғай, Күшік пен мысық. Түлкі мен маймыл т.б. — салт
ертегілер. Бұл ертегілерде ақылға … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz