Ертегілер еліне саяхат 1 сынып
1.Ертегілер арқылы балалардың тілін дамыту, суретке қарап сөйлем құрау, буындату, дыбыстық талдау жасату арқылы білімдерін қорытындылау; 2. Тапсырма беру арқылы тура және кері санату, шартты өлшеуіштің көмегімен сұйық және сусымалы заттарды өлшеу, геометриялық пішіндерді ажырату, логикалық есептер, таңбаларды білу арқылы балалардың білімін тиянақтау;3. Балаларды табиғатты сүйе білуге, аялауға, құстарға қамқор болуға тәрбиелеу;4. Сурет салдыру арқылы өз сезімдерін дұрыс жеткізе білуге үйрету.
Мақсаты:
Шеңбер болып тұрайық,Алақанды ашайық,Күннің нұрын салайық,Таза ауаны жұтайық,Жүрекке жылу сыйлайық,Жинаған жылы шуақты,Қонақтарға шашайық.
Таңғы жиын:
Қарлығаштың құйрығы
неге айыр?
-Қандай ертегі еліне келдік? -Сендер бұл ертегі туралы білесіңдер ме?-Қарлығаш балапандарын құтқаруға нелерден көмек сұрайды? -Қарлығашқа не көмектеседі? -Дәуіт қандай дос? -Қарлығаш қай мезгілде ұшып келеді? -Қазір жылдың қай мезгілі? -Көктемде қандай өзгерістер болады? -Көктем мезгілінде неше ай бар? -Кім көктем туралы тақпақ біледі? -Көктемде қандай құстар ұшып келеді? -Құстар туралы кім тақпақ, мақал-мәтел біледі?
Дидактикалық ойын:
«Құстарды ажыратып, орналастыр» Сергіту сәті: Кәне қанат жазайық,
Қарлығашқа ұқсайық. Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық. Қарлығаш болып ұшайық,
Торғай болып қонайық. Сауысқан болып секіріп,
Тоқылдақ болып тоқиық.
-Балалар қандай ертегі еліне келдік?-Жыл басына қанша хайуанаттар таласқан?-1 жылда неше ай бар?-12 айды кім атап береді?- 12 жылды кім атап береді?- Жыл басын ең бірінші көрген кім? Енді балалар тышқан деген сөзді буынға бөліп, сөйлем құрап, дыбыстық талдау жасайық. Ең алдымен сөйлем құрайық. -Неше сөзден құралып тұр?- Неше буын бар?Дыбыстық талдау жасайық. -Дыбыс дегеніміз не?-Дыбыс нешеге бөлінеді?-Кім атап береді?
ЖЫЛАН
ИТ
ҚОЯН
Тапсырмалар.1.1-ден 10- ға дейін тура және кері санау.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
10 9 8 7 6 5 4 3 2 1
4.Кім санамақ біледі?5. Ауыр және жеңіл, сұйық және сусымалы заттарды ажырат.6. Қандай таңбаларды білесің?
7.Мына суреттер қандай
пішіндерден құралған?
Логикалық есептерді шеш:1.Жан-жаққа кетті зымырап,
Мысықтан қорыққан тышқандар.
Қорапқа кірді біреуі,
Артынан кетті екеуі,
Тығылды сонда нешеуі?
2.Ағаш басында сегіз торғай отыр, оның үшеуі ұшып кетті.Барлығы қанша қалды?
Психологиялық жаттығу:Кәнекей, балалар шөпке отырайық, көзімізді жұмайық (құстардың, судың дыбысы естіледі).Не естіп тұрсыңдар? О, қандай әдемі салқын жел соғып тұр.Сездіңдер ма? (балалардың бетіне желпеуішпен желдету).
Кәне, терең демалып, тыныс алайық. Таза ауа сезілді ма? (балаларға хош иіс сездірту).
Енді көзімізді ашайық.
Орманның таза ауасы, құстардың дыбысы сендерге ұнады ма?
«Менің сезімдерім»
Сабақты қорытындылау:-Бүгін біз қайда саяхат жасадық?-Бірінші қандай ертегіге кездестік? -Онда қандай тапсырма орындадық? Екінші қандай ертегіге кездестік? — Онда қандай тапсырма орындадық? -Үшінші қандай ертегіге кездестік?-Онда қандай тапсырма орындадық? -Өз сезімдерімізді қалай білдірдік?Жақсы қатысқан балаларды мақтап, мадақтау.