Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл

0
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Ертегілер әлеміне саяхат.
Білімділік: Ертегілерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез — құлқын жеткізуге, суретке көңіл қойып мазмұнын түсіну, ойларын дұрыс жеткізуге үйрету.
Тәрбиелік: Балаларды жақсылық жасауға, қолғабыс етуге үйрету, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл — қозғалысын келтіріп ойнауға баулу. Сөздерді анық айтуға, тіл байлығын, есте сақтау қабілетін дамыту. Конструктордан өз еріктерімен жұмыс істеуге пысықтау.
Көрнекілік: «Шалқан» ертегісіне арналған бас қалпақшалары, «Үш аю» ертегісінің суреттері, конструктор, жасыл түсті бояу, ақ қағаз, «Жеті лақ» ертегісіндегі ешкінің суреті, Орман, егін алқабы мен жол белгілерінің суреттері.
Жаңа сөздер: Поезд, саяхат, дүрбі, аялдама
Билингвиалды компонент: қыс — зима — winter, ертегі — сказка — fairy tale.
Барысы: Балаларды шеңберге тұрғызу.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс — әрекеті Баланың іс – әрекеті
Мотивациялық қозғаушы. Жылулық шеңбері:
Көңілдіміз күлеміз
Ертегіні білеміз
Шағын біздің үйіміз
Тату тәтті жүреміз Балалар жылулық шеңберін қайталап, орындайды.
Іздену — барлау — Балалар бүгінгі күніміз сәтті өту үшін бір бірлеріңе жылы лебіздеріңді білдіріңдер.
— Бүгін бізде өзгеше сабақ болады, біз сиқырлы пойызға отырып барлығымыз ертегілер еліне саяхатқа барамыз.
Алдымен менің қолымдағы сиқырлы дүрбімен қарап көрейін саяхатымыздың қалай болатынын,
— О, біздің саяхатымыз қызықты болады екен, жарайды, онда кеттік. Қане, бәріміз пойызға отырып, кетейік.
— Аялдаманың атын табу үшін жұмбақтың жауабын табамыз.

Ее тянут бабка с внучкой,
Кошка, дед и мышка с Жучкой.
( Репка)
Ата, әже, мысық, ит.
Бірге тартып шығарды?
(Шалқан).

I Егін алқабы. Балалар «Шалқан» ертегісін сахналау керек, ертегіні қойып беріңдерші.

Үстінен тоны түспеген,
Сонда да араз қыспенен.
(Аю)

Кто в глухом лесу живет,
Любит есть малину, мед?
(Медведь)

II Ертегіден үзінді, аялдама сұрақтар қояды.
Мынау аялдамаға қызық суреттер ілініп тұр. – Бұл қандай ертегі?
— «Үш аю»
— Осы ертегіні айтып беріңдер суреттерге қарап.
— Суретте не салынған?
— Қыз аюлардың үйіне қалай кезікті?
— Ал мынау суретте не көріп тұрсыңдар?
— Қыз не істеп жатыр?
— Ол не үшін аңдып тұр?
— Ал мынау суретте не көріп отырсыңдар?
— нені сындырды?
— Ең соңғы суретте не көріп отырсыңдар?
— Қыз қалай құтылды?.

Сергіту сәті:
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп — теріп аламыз
Қалтамызға саламыз.

Басында үшкір істігі бар,
Өзіне лайықтап тон пішкен,
Секіріп тастан түскен.
(ешкі)

Молоко её полезно,
В огород она залезла,
И глядит «во все глаза» –
Длиннорогая…(коза)

ІІІ Мына аялдаманың аты жоқ екен. Сендер мына жануарды таныдыңдар ма? Қай ертегіден?
— Сендерге ешкі лақтарына орамжапырақ жасап беруін сұрайды, жасап бере аласыңдар ма?
— Аю, саған біздің ұл балаларымыз үйшік соғуға көмектеседі.
Аю мен Ешкі балаларға рахмет айтады, ал балалар сиқырлы пойызға отырып, Ертегілер әлемі бекетіне барады.
Қорытынды: Тосын сәт. Бауырсақ хат тастап кетеді
Балалардан сұрайды:
— Мен кімнен қаштым?
— Бауырсақ: Мені түлкі жеп қойған жоқ мен оны алдап, қашып кеттім. Мен туралы бәрін білесіңдер, енді өздеріңнің қайда барғандарыңды айтып бере аласыңдар ма? – дейді.
Сендер не көрдіңдер, не істедіңдер?

Балалар дүрбімен қарайды
Жұмбақтың шешімін табады

«Шалқан»ертегісін қояды.
Балалар жарты шеңбер құрып отырады.
Сұрақтарға жауап беріп, суреттер бойынша әңгімелейді.
Бауырсақтың сұрақтарына жауап береді.

Сергіту сәті — балалар сергіту сәтінің сөзіне қимылдар жасайды.
Балалар ауа дегенде қолдарын жоғары көтеріп, от дегенде айналдырып, жер дегенде түсіреді.

Балалар ойларын, түсінгендерін айтып, сұрақтарға жауап береді.
Рефлексивті — Қорытындылау Сұрақ жауап арқылы қорытындылау. Өткенді естеріне түсіреді.

Болжамды нәтиже:
Білуі керек: Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл — қозғалысын ойнап келтіруді, саусақпен сурет салуды, конструктордан өз еріктерімен құрастыруды білулері керек
Қалыптасқан әдет: Оқу іс әрекетіне белсене араласады.
Істей біледі: Сөздерді анық айтып, ертегіні түсіндіреді, кейіпкерлерін біледі

Дереккөз: http://bilimsite.kz/