Ертегі: Жарқанат неге түнде ұшады?

0

Ертегі: Жарқанат неге түнде ұшады? казакша Ертегі: Жарқанат неге түнде ұшады? на казахском языке

Бір күні құстарға да әмір жүргізуші Сүлеймен патша барша құстарды жинап алып:

– Мен қартайдым, жамбасыма жұмсақ төсек керек. Барша құстарға айтарым: маған бір-бір талдан мамықтарыңды жұлып беріңдер. Содан төсек жасатайын, – депті.

Патшаның тілегін естіген құстардың бәрі бір-бір тал мамық жүнін жұлып беріпті.

Сонда жарқанат құлшынып:

– Сүлеймен патшаға бір тал жүнімізді бергеніміз ұят емес пе? – деп, өзінің өн бойындағы барлық әдемі мамығын түгел жұлып беріпті. Өзінің денесі тықыр жарғаққа айналып қалыпты.

Сүлеймен патша жарқанаттың бұл жанқиярлығын көрген соң:

– Құстардың алды бол! – деп бата беріпті. Алайда, патша ойға шомып, ұзақ отырыпты. Жап-жалаңаш, тып-тықыр бұл байғұсқа енді басқа құстар күліп, мазақтап жүрер. Осы азаптан құтқармақ болған патша жарқанатқа ақылын айтыпты. – Сен бұдан былай түнде ғана ұшатын бол. Құс пен адам баласы күндіз сенің мына сиқыңды көрмейтін болсын.

Жарқанат өз патшасының айтқанын бұлжытпай орындапты. Содан бермен қарай тек күн батып, қараңғылық түскенде, құс ұясына қонақтап, адамдар үйлеріне кіріп кеткенде ғана ұшып жүретін болыпты.


Полную версию материала можете скачать через секунд !!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз