Ертегі: Арыстан мен түлкі


Арыстан қартаяды. Аңдарды бұрынғысындай аулай алмайтын болады. Енді аңдарды айламен аулағысы келеді. Өзі үңгірде жатады да:
— Аурумын, жүруге әлім жоқ, – деп, барлық аңдарға хабар таратады.
Аңдар бір-бірлеп арыстанның халін білуге келеді. Арыстан аңдардың біреуін де қайтармайды. Бәрі де арыстанға жем болады. Бір күні түлкі келеді. Ол үңгірден алысырақ тұрады да:
— Халіңіз қалай, тақсыр? – деп, көңілін сұрайды,
— Халім нашар. Неге жақынырақ келмейсің? Берірек кел, түлкіжан, азырақ сөйлесейік?–дейді арыстан.
Түлкі:
— Мен саған жақын барар едім-ау, бірақ саған кірген із бар да шыққан із жоқ! – деп жүріп кетіпті.
Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!