Ерте палеолит дәуірі, епті адамның пайда болуы

0

Ерте палеолит дәуірі б.з.б. 2,6 млн – б.з.б. 40 мың жылдыққа дейінгі созылған. Бұл дәуірде алғашқы адам пайда болды. Көрініп тұрғандай бұл өте ұзақ кезен еді.


Алғашқы адам


Адамның пайда болып қалыптасу кезеңі — алғашқы қауымдық құрылыс. Осы заманда адам маймыл типтестерден ерекшелене бастады. Алғашқы адам пайда болды. Адам баласы эволюциялық жолмен бұған жетті. Жер бетінің барлық аймақтарында алғашқы адамдардың қанқалары табылып жатыр, бұл алғашқы адамдардың жер бетінің барлық аймақтарында мекендегенінің дәлелдейді.


Алғашқы адамдардың қолдары аяқатрынан ұзынырақ еді, олардың терісін түк басқан. Алғашқы адамдар осы күнде өмір сүретің шимпанзе, горилла сияқты ірі маймылдарға ұқсас еді.


Алғашқы адамдар еңбек құралдарың күн көру үшін пайдаланды. Бұларды жабайы жануарлардан қорғану үшін де пайдаланған. Алғашқы адамдар қарапайым іс-әрекеттерді ғана орындай алған. Мысалы тәтті жеміс-жидектреді жинау, таяқпен аңды соғу, тасты не ағашты пайдаланып жерді қазу сияқты күрделі емес іс-әрекеттерді орындай алған.


Епті адам


Ғылым тілінде алғашқы адам «епті адам» деп аталады. Епті адамның өзге жануарлардан ерекшеленетіні бұл оның ойлау қабілетінің арта бастағанында. Ең көне епті адамның тұрағы Кения мемлекетіндегі Олдувэй шатқалында табылды. Бұның жасы шамамен алғанда 1 миллион 750 мың жыл.


Осы жерден епті адам бүткіл дүниеге тараған. Барлық материктер мен континенттерге.


Алғашқы адамдардың қатарына питекантропты жатқызуға болады, бұл шамамен бір миллион жыл бұрын өмір сүрді. Бұлардың қанқалары тұнғыш рет Ява аралында табылды. Кейін дүниенің өзге жерлерінде бұндай қанқалар табыла басталды.


Питекантроптан кейінгі өмір сүрген синантроп қытай жерінде табылды. Аты «қытайлық адам» деп қазақшаға аударылады (табылған жеріне байланысты аталды).


Питекантроп пен синантроп тік жүре бастағандықтан, бұларды «тік жүретін адамдар» деп атайды.


Епті адамның кәсібі


Епті адамдар аң аулаумен және жеміс-жидектерді жинаумен күн көрді. Әсіресе мамонттар мен бизондарды көп ұстаған. Себебі мамонттың еті көп, әрі мамонттың терісі ірі.


Мамонтты өлтіру


Епті адам тамақ пісіре алмаған. Баспана сала алмаған, бұның орнына үнгірлерді пайдаланған. Осы себептен қазіргі археологтар үңгірлерде епті адамдардың сансыз қоныстарын тапқан.


Терімшілік дегеніміз жеміс-жидек, құстардың жұмыртқаларың жинау деп аталады. Терімшілік алғашқы адамдардың негізгі кәсіптерінің бірі еді.

Пән: Тарих